Сабақ жүргізген мұғалімнің
аты-жөні
|
Ногаева Светлана
Избергеновна
|
7 сынып
|
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
|
Сабақтың атауы
|
§60 Механизмнің пайдалы әрекет коэффицентті.
|
Сілтеме
|
Физика 7 сынып, слайдтар, сабақ жоспары
|
Жалпы мақсаты
|
Механизмдердегі пайдалы жұмыстың толық жүмысқа қатынасын және Пайдалы әрекет коэффиценті көтеруде ғылым мен техникаға қосатын үлесін түсіндіру
|
Күтілетін
нәтижелері
|
·
Отын қорының қарқынды азаюына байланысты энергияны үнемдеп пайдаланатын қозғалтқыштар мен
қондырғылардың жұмыс жасау приципін түсінеді.
|
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
|
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының
|
Сабақтың көрнекілігі
|
проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, ресурстар тапсырмалар
|
Тапсырмалар
|
І тапсырма 10мин
Мәтінмен жұмыс
І-топқа: Жалпы жұмыспен пайдалы жұмыстың айырмашылығы қандай?
ІІ-топқа: Механизмнің пайдалы әрекет коэффицентті қалай анықталады.
ІІІ-топқа:Энергияны үнемді пайдалану қозғалтқыштары туралы не айтасыз?
ІУ-топқа:
Қозғалтқыштардың жұмыс жасау приципі.Мысалмен түсіндір.
|
ІІ тапсырма
Есептер шығару.
Иіндіктің ұзын иініне 3,5кН күш түсіріп ,қысқа иініне бекітілген массасы 250кг жүкті көтерілгенде,иіндіктің күш түсірілген нүктесі 4 м төмен түсті.Иіндіктің ПӘК қандай?
ІІ-топ:
Машина 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді.Егер оның маторының тарту күші
100Н болса,онда ол 5 с-та қанша жұмыс атқарады?
ІІІ-топ
Қуаты 500 Вт локоматив бірқалыпты қозғалып 25м аралықты 20с-та өтеді.Оның тарту күш қандай?
ІУ-топ
Егер плотинадан су 35м биіктен құлап ағатын болса,су ағынының қуаты қандай?Судың әр минуттағы шығыны 120м.
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу
Табиғаттың – әр беті терең
мағынаға толы бірден-бір кітап.
И.Гите.
Психологиялық дайындық.
Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткізу.
Үйге тапсырма :Кім жылдам?
Топқа бөліну:
Білу :Жаңа тақырыпты ашу.
Механизмнің жұмыс жасау принципі туралы сурет сырын ашу
Жаңа тақырыпты өздері игеруге көмектесу.
.
|
Кезекші оқушы сабақта кім жоқ екенін айтады.
Оқушылар бір-біріне жақсы жылы сөздер,
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.
Оқушылар әртоптан жауап береді.
І- топ “Жер”
ІІ- топ “Юпитер”
ІІІ-топ “Сатурн”
ІУ-топ “Марс”
Суретке қарап отырып барлығы сыныппен
жауап беріп отырады.
Сурет сырын ашу.
|
ТҮСІНУ Диалогтық оқыту
Әр оқушыға тапсырмалар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірімен пікірлеседі.
|
Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды .Оқушылар бағалайды.Марапаттайды.
|
ТАЛДАУ- Сыни ойлауын дамыту
Мәтінді берілген тапсырмалар бойынша постермен қорғау.
|
Балалар тақтаға қарап назар аударып отырады.
Бұл мәтінді тақтаға оқушылар кезектесіп постермен қорғайды.
Оқушылар жұпта мәтінді толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.
|
ҚОЛДАНУ
Есептер шығару.
|
Есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.
|
ЖИНАҚТАУ
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету
Жұптарға тапсырма.
|
Оқушылары кезектесіп сұрақтар қояды
|
Бекіту Тест сұрақтары.
|
Венн диограмма толтыру
|
Оқушылар толтырады.
|
Бағалау
|
Жұптардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.
|
Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
|
Үйге тапсырма :
Тарау бойынша қайталау
|
|
Оқушыларға смайликтер таратамын.
|
Оқушылар өздеріне сай
смайликтерді таңдап дайын
плакатқа жапсырады.
|