Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады. Аптасына кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан



бет53/89
Дата05.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#15472
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89
12-апта
12-дәріс
Дәріс тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев және «Балдырған»
Қарастырылатын сұрақтар:
1.1950 жылдардан кейінгі балалар баспасөзі.
2.М. Әлімбаев өмірі мен шығармашылығы.
3. М.Әлімбаевтың балаларға арналған шығармаларының ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны: Балалар поэзиясының барынша жатық, тілге жеңіл, көңілге қонымды болуын көп күйттеп, көп іс тындырған ақындарымыздың бірі – Мұзафар Әлімбаев. Баяндалар ой, айтылар оқиға қаншалықты қызықты, әсерлі болғанмен, техникалық жағынан мүлтіксіз орындалмаса, кішкентай оқырман жүрегіне жол таба алмаытыны бесенеден белгілі шындық. Ал ол үшін ақындық талантпен бірге айрықша шеберлік керек.
Мұзафар Әлімбаев – бала психологиясын бажайлап зерттеп, бала мінезін жетік білуге келгенде, үлгі етіп ұстанарлықтай артықшылығы бар ақын. Оның балалар әдебиетіндегі бүкіл творчестволық табысына жан беріп тұрған сиқырлы күштің көзін іздестіретін болсақ, осы ерекшелігіне назар аудармай өту мүмкін емес. Өлеңдерінің дені бала ұғымына бірден қона кететін салмақты ой тудырарлық тартымды оқиға, жеңіл штрихтарға құралады. Бұдан ақынның «арық сөйлеп, семіз шыққанды» ұнататыны, үлкен толғам айтамын деп үстірттікке ұрынбай, қарапайым ғана шындықтан қауқарлы поэтикалық шешім табуға тырысатынын сезінеміз.
Балалар баспа сөзіндегі ондаған жылдарға созылған қызметі, әсіресе 1958 жылдан тұңғыш рет шыға бастаған «Балдырған» журналында бас редактор болуым кішкентайлар әдебиетінің ерекшелігін, өзгешелігін, талап-тілектерін, мұң-мұқтажын зерттеуге себепші болды.
Міне, ширек ғасырдай туақыт ішінде октябряттар әдебиетін қалыптастыру және дамыту мәселелерімен тікелей шұғылданып, белсенді ат салысуыма тура келді. Осының бәрі менің бүлдіршіндерге рухани азық беруге өз үлесімді қосуыма мүмкіндік тудырып, творчествалық қажеттілікке орай, өмірден көріп-біліп алған әсерлеріме, оқып ізднуіме қарай үлкендерге де, балаларға да қатар жазып кеттім. Әрине, үлкендердің сыбағасы қомақтылау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет