Пән: математика
|
4-сынып
|
күні 18.11.2016.
|
Тақырыбы:
|
10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтудің тәсілдері
|
Мақсаты:
|
10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтудің тәсілдерімен таныстыру. Қозғалысқа берілген есептерді тиянақтау.Шапшаңдыққа тәрбиелеу.Оқушының ой-өрісін дамытуға,тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызу.Оқушының бойына қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Берілген тапсырманы орындау арқылы зерттеу нәтижесін талдап,қоытынды жасап,есептеулер жүргізеді,дәлелдей алады және өзін,өзгені бағалай алады.
|
Керекті жабдықтар:
|
интерактивті тақта,жұмыс дәптер,смайликтер, суреттер
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
5мин
2мин
|
А) "Психологиялық тренинг" өткізу:
Оқушылар хормен:
Бүгін күн қандай тамаша,
Күн күліп тұр жараса.
Бізге келген қонақтарға
Сәлем бердік жарыса
Ә)Топқа бөлу.
1-топ.көк түс
2-топ. қызыл
3-топ. жасыл
.
Үй тапсырмасын тексергенде,бір-біріне сағат тіліне қарай дәптерді алмастырады.Тексереміз.
(Слайдқа үй жұмысының жауаптарын шығарып қоямын.)
Б) Сабақтың мақсаты хабарланады.
Ендеше бүгін сабағымызда топ болып жұмыстанамыз.Топ ережесін еске түсіреміз.
Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау
Бірлесіп шешу
Өзара көмек көрсету
Ойды ашық айту
Тыныштықты сақтау
Уақытты үнемдеу
|
* Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, хормен өлең жолдарын айтады..
*Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Тақтаға үй жұмысының жауаптары шығып тұрады.
Есептерін дұрыс болса бағдаршамның жасыл түсін көтереміз.Ал дұрыс емес болса қызыл түсін көтереміз.
|
Тұсау кесу
5мин
|
Қызығушылықты ояту
Білім ордасы не?(Мектеп)
Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең? 1тәул=24
24/3=8сағ
3. Ойлаған санға 119-ды қосқанда 800 шықты. Ойлаған санды тап:681
4. 5 тоннаның екіден бір бөлігінде қанша килограмм бар? 1т=1000кг
5т=5000кг
5000/2=2500кг
5. 1000теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңгең қалады? Жауабы: 289
6. 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 3кг алма қанша тұрады? Жауабы:360*3=1080тг
7. Ұшақтың жылдамдығы 850км/сағ. Ол 3сағатта неше км ұшады? Жауабы:850*3=2550км
|
.
|
5мин
6мин
6мин
7мин
3мин
2мин
7мин
|
18-қараша
10-ға,100-ге,1000-ғак ауызша көбейту және бөлу
№1(Ауызшы)
Слайд арқылы түсіндіріледі.Слайдтағы кестені түсіндіремін.
№2
Топпен жұмыс. 2-есепті А4 қағазға жазамын.Топта шығарады.
1-топ 2-топ
124*10 = 1240 24*1000=24000
23*100 = 2300 12*10000=120000
65000/10= 6500 650123/10=65012(қ3)
650000/100=6500 650000/1000=650
3124*10 =31240 63432/100=634(қ32)
3-топ
650000/10000=65
123*100=12300
824*100=82400
21*10000=210000
95021/1000=95(қ021)
652123/10000=65(қ2123)
№3
(Асық ойыны)арқылы шығарамыз
8007*6= 48042 2365+9876=12241
80007*6= 480042 903400+1789=905189
52200/6= 8700 827564-23003=804561
14775/3= 4925 120097-1235=118862
№4 Ауызша
А) 3-топ бірге шешеді.
Шешуі: 1км-1000м
Үйден мектепке 30 мин кетеді. 1500/30=50
Ә)64/4=16км 1-топ
Б)3*2=6 2-топ
В50+40=90 3-топ
Сергіту сәті
№8 Логикалық есеп (Слайдта шығып тұрады) Жауабы:8см,6см
№7 Минутпен жұмыс.
А-ның қандайда бір өрнегін таңдап,шаршы сыз. Ауданың және периметрін тап.
Осы уақыт ішінде А,В,Сдеңгейлі балаларға тапсырма беріліп орындайды.
Қосымша тапсырма тапсырма:
Адеңгейлі оқушы (Айнара)
Вдеңгейлі (Дамир)
Сдеңгейлі (Шыңғыс)
Адеңгейлі тапсырма
Шаршының қабырғасы 3см.Ауданы мен периметрін тап.
Шешуі:p=(3+3)*2=12
S=3*3=9
Вдеңгейлі тапсырма
Тіктөртбұрыштың ұзндығы4, ені одан 2см қысқа.Периметрін тап.
Сдеңгейлі тапсырма
Көрсетілген өлшем бірліктерге өрнекте:
3га= 30000 м2
1км= 1000 м
72сағ= 3 тәул.
120кг= 120000 г
Бұл тапсырмалардан бөлек (А,В,С )деңгейлі балаларға тапсырма беремінӘр топқа тапсырма беру.
|
. Слайдтағы кестені түсіндіремін.
Топтан бір оқушы тақтаға жазады.
«Бармақ»әдісімен бағалайды
«Бағдаршам»әдісі арқылы бағалайды.
Сызғышпен жұмыс
|
Қорытынды 3мин
|
Хат жазып ,бүгінгі сабақтың өтуін жазады.
|
Жақсы жазылған балалардың жауаптары оқылып беріледі.
|
Үйге тапсырма 2мин
|
№5,6
|
|
2-топ
24*1000=
12*10000=
650123/10=
650650000/1000=
63432/100=
3-топ
650000/10000=
123*100=
824*100=
21*10000=
95021/1000=
652123/10000=
1-топ
124*10 =
23*100 =
65000/10=
650000/100=
3124*10 =
Адеңгейлі тапсырма
Шаршының қабырғасы 3см.Ауданы мен периметрін тап.
Шешуі:
p=
S=
Вдеңгейлі тапсырма
Тіктөртбұрыштың ұзндығы4, ені одан 2см қысқа. Периметрін тап.
Шешуі:
P=
Сдеңгейлі тапсырма
Көрсетілген өлшем бірліктерге өрнекте:
3га=
1км=
72сағ=.
120кг=
Пән: математика
|
4-сынып
|
күні 25.11.2016.
|
Тақырыбы:
|
Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі мен ауданын, тіктөртбұрышты параллепипедтің көлемін табу.
|
Мақсаты:
|
Геометриялық фигуралардың ауданың,периметрін табу.Параллепипедтің көлемін табу, көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, текше мен тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, көлемді фигуралардың көлемін есептеп табу ережесін меңгерту;
Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу;
Танымдық ойындар арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын жетілдіру, өздіктерінен қорытынды шығара білуге машықтандыру
|
Керекті жабдықтар:
|
интерактивті тақта,жұмыс дәптер,смайликтер,геометриялық суреттер
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
5мин
2мин
|
А) "Психологиялық тренинг" өткізу:
Оқушылар хормен:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз биік шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
Ә)Топқа бөлу.
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
1-топ.тіктөртбұрыш
2-топ. үшбұрыш
3-топ. шеңбер
.
Үй тапсырмасын тексергенде,бір-біріне сағат тіліне қарай дәптерді алмастырады.Тексереміз.
(Слайдқа үй жұмысының жауаптарын шығарып қоямын.)
Б) Сабақтың мақсаты хабарланады.
Ендеше бүгін сабағымызда топ болып жұмыстанамыз.Топ ережесін еске түсіреміз.
Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау
Бірлесіп шешу
Өзара көмек көрсету
Ойды ашық айту
Тыныштықты сақтау
Уақытты үнемдеу
|
* Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, хормен өлең жолдарын айтады..
*Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Тақтаға үй жұмысының жауаптары шығып тұрады.
Есептерін дұрыс болса бағдаршамның жасыл түсін көтереміз.Ал дұрыс емес болса қызыл түсін көтереміз.
|
Тұсау кесу
5мин
|
Қызығушылықты ояту
1 Қай геометриялық фигураның периметрін анықтауға болмайды?(Шеңбер)
2. Қарама - қарсы қабырғалары бірдей болатын геометриялық фигура қалай аталады?(Тіктөртбұрыш)
3. Радиусы мен диаметрін табатын геометриялық фигураны не дейміз?(Шеңбер)
|
.
|
5мин
5мин
10мин
7мин
|
25-қараша
Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі мен ауданын, тіктөртбұрышты параллепипедтің көлемін табу.
№1(Ауызшы)
Слайд арқылы түсіндіріледі.
№2
Топпен жұмыс. 2-есепті А4 қағазға жазамын.Топта шығарады.
1-топ
А)Шипажайдағы бір бөлмені жөндеуге әрқайсысы 12 метрден 8 орам тұсқағаз қажет.Осындай 5 бөлмені жөндеу үшін неше метр тұсқағаз қажет?
Шешуі:12*8=96
96*5=480
Ә)Шипажай бөлмелерін жөндеуге 480м тұсқағаз қажет.Егер әр орамда 12 м тұсқағаз болса, онда неше орам тұсқағаз сатып алу керек?
Шешуі:480/12=40
Б)Бөлменің ұзындығы 4м,ені 3м,биіктігі3м. Бөлме қабырғаларының периметрін тап.
Шешуі:p=(4+3)*2=14см
№4 «Шыңға шығу ойыны»
1-топ 2-топ
90912*2= 181824 1236+123+9879=11238
436134/2=218067 12536+273+9873=22682
446545/5= 89309 23123+9898+129=33150
3-топ
800832-1009=799823
900479-32509=867970
876874+100009=976883
№6 . Ауызша. «Тазша балаға көмек» ойыны арқылы шығару
Әр топ көшбасшылары таңдаған фигуралары туралы түсінік айтып кетеді.
(тіктөртбұрыш,шаршы,шеңбер)
V = 3*см*1см*2см=8см3
v =4*10*4=160см3
V = 3*5*2=30см3
v =1*1*1=1см3
V = 4*8*1=32 см3
№7Әр топқа А4 парағына жазып беремін.
А)1-топ
Ұзындығы 12см ,ені 7см,биіктігі 4см болатын қораптың көлемін тап
Шешуі:
V=12*7*4=336cм3
Ә)2-топ
S=12*7=84см2(табаны)
S=7*4=28см2(бүйірі)
3-топ
Ұзындығы 8см ,ені 5см,биіктігі 3см болатын қораптың көлемін тап
V=8*5*3=120
Қосымша тапсырма тапсырма:
Адеңгейлі оқушы (Айнара)
Вдеңгейлі (Дамир)
Сдеңгейлі (Шыңғыс)
А деңгейлі тапсырма
Ұзындығы 7см ,ені 4см,биіктігі 2см болатын қораптың көлемін тап
Вдеңгейлі тапсырма
х/2=780/3
65534/7=
Сдеңгейлі тапсырма
1см3=1000мм3
1дм3=1000см3
1м3=1000дм3
1м3=1000000см3
Бұл тапсырмалардан бөлек (А,В,С )деңгейлі балаларға тапсырма беремінӘр топқа тапсырма беру.
|
Слайдтағы геометриялық фигураларды түсіндіремін.
«Бармақ»әдісімен бағалайды
|
Қорытынды 3мин
|
Хат жазып ,бүгінгі сабақтың өтуін жазады.
|
Жақсы жазылған балалардың жауаптары оқылып беріледі.
|
Үйге тапсырма 2мин
|
№3,5,8
|
|
Пән: математика
|
4-сынып
|
күні 30.11.2016.
|
Тақырыбы:
|
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері.
|
Мақсаты:
|
Оқушыларға нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерін пысықтауға арналаған есептер шығарту арқылы есептеу,ойлау қабілетін дамыту.
|
Керекті жабдықтар:
|
интерактивті тақта,жұмыс дәптер,смайликтер,конфеттер
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
5мин
2мин
|
А) "Психологиялық тренинг" өткізу:
Оқушылар хормен:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз биік шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
Ә)Топқа бөлу.
Оқушыларды конфеттердің түстері арқылы топқа бөлу.
1-топ.Сары
2-топ. Қызыл
3-топ. Жасыл
.
Үй тапсырмасын тексергенде,бір-біріне сағат тіліне қарай дәптерді алмастырады.Тексереміз.
(Слайдқа үй жұмысының жауаптарын шығарып қоямын.)
Б) Сабақтың мақсаты хабарланады.
Ендеше бүгін сабағымызда топ болып жұмыстанамыз.Топ ережесін еске түсіреміз.
Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау
Бірлесіп шешу
Өзара көмек көрсету
Ойды ашық айту
Тыныштықты сақтау
Уақытты үнемдеу
|
* Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, хормен өлең жолдарын айтады..
*Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Тақтаға үй жұмысының жауаптары шығып тұрады.
Есептерін дұрыс болса бағдаршамның жасыл түсін көтереміз.Ал дұрыс емес болса қызыл түсін көтереміз.
|
Тұсау кесу
5мин
|
«Фасоль» әдісі арқылы көбейту кесте сұрау.
Әр топқа дорба лақтырып, көбейту кесте қоямын.
|
.
Әр топтың балдары қойған сұрақтарға жауап береді.
|
5мин
5мин
10мин
7мин
|
30-қараша
Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдері.
№1
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ 2-топ
650*10=6500 500*30=15000
310*200=12000 80*400=32000
110*4=440 410*200=82000
120*40=4800 210*500=105000
410*50=20500 110*50=5500
3-топ
2400*20=48000
420*2=840
320*30=9600
1200*30=36000
№2(Ауызша)
Слайд арқылы түсіндіріледі.
№3. Сиқырлы сандықшаға жазылып беріледі.
450*300=135000
147*2000=294000
180*700=126000
6800*60=408000
460*30=13800
74410*60=444600
530*90=47700
230*400=92000
Топпен жұмыс.
№4. Асық ойыны арқылы шығарады.
630/(3*3)=70
300/(3*25)=4
(360*5)*40=72000
4*(6000*25)=600000
50*(210*8)=84000
450000/(15*10000)=3
№5 А4 қағазға №5есепті жазып оқушыларға беремін.
1-топ
Бір автомат станок бір күнде 200бөлшек жасайды.Осындай 30 автомат-станок 2 күнде неше бөлшек жасап шығарады?
Шешуі: 200*2=400
400*30=12000
2-топ
Ит 1 минутта 720 м қашықтықты жүгіріп өтті.Иттің қозғалыс жылдамдығын анықта.
Шешуі:720/60=12м/с
3-топ
Зауыт қаңтар айында 50 трактор жасады,бұл желтоқсан айындағы шығарылған тракторларға қарағанда10-ы артық.Ақпан айында қаңтар мен желтоқсан айларында шығарылған тракторлардың барлық санының жартысы дайындалды. Ақпан айында неше трактор жасап шығарылды?
Шешуі:
50-10=40 (желтоқсан)
50+40=90(ақпан)
90/2=45
№6 Минутпен шығару
1-топ 2-топ
1900-713=1187 1200-619=581
1900+317=2217 1200+524=1724
1900-964=936 1200+672=1872
1900+825=2725 1200-488=712
1900-914=986 1200-884=316
1900+491=2391 1200+726=1926
1900-528=1372 1200-425=775
1900+496=2396 1200+916=2116
3-топ
1500-582=918
1500+725=2225
1500-924=576
1500+718=2218
1500-812=688
1500+648=2148
1500-617=883
1500+492=1992
Қосымша тапсырма тапсырма:
Адеңгейлі оқушы (Айнара)
Вдеңгейлі (Дамир)
Сдеңгейлі (Шыңғыс)
А деңгейлі тапсырма
Ұзындығы-5см
Ені-3см
Биіктігі-2см
V=5см*3см*2см
V=30см3
В деңгейлі тапсырма
Баған түрінде шығар
65534/7=9362
34872/8=4359
2758*3=8274
Сдеңгейлі тапсырма
Теңдеуді шеш
10000-а=4008*2
10000-а=8016
А=10000-8016
А=1984
305*3-х=809
915-х=809
Х=915-809
Х=106
Бұл тапсырмалардан бөлек (А,В,С )деңгейлі балаларға тапсырма беремінӘр топқа тапсырма беру.
|
Слайдтағы геометриялық фигураларды түсіндіремін.
«Бармақ»әдісімен бағалайды
|
Қорытынды 3мин
|
Хат жазып ,бүгінгі сабақтың өтуін жазады.
|
Жақсы жазылған балалардың жауаптары оқылып беріледі.
|
Үйге тапсырма 2мин
|
№7,8
|
|
Пән: математика
|
4-сынып
|
күні 2.12.2016.
|
Тақырыбы:
|
«Тапқыр математик» сайысы
|
Мақсаты:
|
оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыр ,танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту
|
Керекті жабдықтар:
|
интерактивті тақта,жұмыс дәптер,смайликтер, суреттер
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
5мин
2мин
|
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Ә)Топқа бөлу.
1-топ.Үшбұрыш
2-топ. Тіктөртбұрыш
3-топ. Шеңбер
. Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей бізде тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.
Сайысымыздың бастамас бұрын әділ-қазы алқасын сайлап алайық.
1.Математика пәнінің мұғалімі Шаттық Мергенқызы
2.Информатика пәнінің мұғалімі Қалампыр Сансызбайқызы.
3.Мектебіміздің дефектологі Айнара Айбекқызы
Әділ-қазыларға ұпай сандары беріледі.
Б) Сабақтың мақсаты хабарланады. Қымбатты білім сүйгіш балаларым! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген.Олай болса сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
|
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
.
|
Тұсау кесу
5мин
|
Қызығушылықты ояту
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар,жұмбақ,мақалдар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық: (1слайд)
1« Кел, танысайық!» (топтардың атымен, ұранымен танысу,оқушылар өздерін таныстырады)
Әр тур сайын әділ-қазылар бағасын көтеріп отырады.
2 «Кім жылдам»
3«Ойлан, тап!»Жұмбақ жасыру
4. Мақалды жалғастыр
5. Әр топ өзі таңдаған фигураны постер арқылы қорғайды.
6. Сөздікпен жұмыс
Жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста-дегендей сайысымызды бастаймыз.
|
.
|
5мин
6мин
6мин
7мин
3мин
2мин
7мин
|
Сайысымыз бойынша
І кезең «Кел танысайық».
Әр топ өздерің таныстырады.
Әділ-қазылар бағасын береді.
ІІ кезең «Кім жылдам?»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім жылдам?» деген кезеңін бастайық.
Әр топ мүшелері ұяшықтарды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтарға лезде жауап беру керек.
Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)
4.. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)
5. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
8. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста?
Әр топтың жауабына қарай әділ-қазылар есептеп бағасын көтеріп отырады.
Сайысымыздың
ІІІ кезеңі «Ойлан, тап!»Жұмбақ жасыру
Балалар сіздерге математикалық жұмбақ жасырылады.Ойланып жауап береміз.
1-топқа «Үй иесі мен ұрылар»
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
2-топқа «Күлшеқыз»
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
ІІІ топқа: «Шаштараз »
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шаштараз)
Сайысымыздың
ІҮ кезеңі «Мақалды жалғастыр»
Мақал – мәтелдің құрамындағы санды табыңдар.
а) ..1.. құмалақ, ..1... қарын майды шірітер.
ә) ..50... жылда ел жаңа
б) ..100.. сомың болғанша, ..100.... досың болсын.
в) Бір тал кессең, ... тал ек.
г) Білекті ..бірді.... жығар, білімді .мыңды.. жығар.
ғ) Жігітке ..7.. өнер де аз.
Сайысымыздың 5-кезеңі «Постер қорғау»
Әр топ өздеріңіз таңдаған фигуралар туралы мәлемет береміз.
Әділ-қазылар тобымыз жұмыс жасап жатқан кезде ұпайларымызды сәйкестендіріп,санап отырайық.
Сайысымыздың соңғы кезеңі 6-кезең «Сөздікпен жұмыс» яғни сіздер орыс тілі мен ағылшын тілін оқисыздар. Білімімізді пайдалана отырып тақтаға қазақша сөздер шығады,сіздер ол сөздердің орыс және ағылшын тілінде айтып,жазып бересіздер.
Олай болса сайысымыз өз мәресіне жетті әділ-қазыларға сөз кезегін берейік.
Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарып, жариялайды. Өздерінің ой-пікірлерін айтады.
Жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл –ойлар әлемді өрбеп алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса
Омар Хайам, Әл-Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса – деп осымен «Тапқыр математик» атты сайыс ойынымызды аяқтаймыз.
Барлығыңа көп-көп рахмет, сау-саламат болыңыздар.
|
. Слайд арқылы тапсырмалар көрсетіліп отырылады.
Топтан бір оқушы тақтаға жазады.
|
Қорытынды 3мин
|
Хат жазып ,бүгінгі сабақтың өтуін жазады.
|
Жақсы жазылған балалардың жауаптары оқылып беріледі.
|
Үйге тапсырма 2мин
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |