Сабақ кезінде шығаруға таңдап алынған есептер. Бір сағатта 5-6 есеп шығарылады. Қалғандары тапсырмаға беріледі


-ші сабақ. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының динамикасы



бет2/9
Дата18.10.2022
өлшемі162,93 Kb.
#153660
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
физика 1 практикалық сабақ жазбалары

2-ші сабақ. Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының динамикасы



  1. Дененің радиус-векторы уақыт бойынша (м) заңымен өзгереді. Егер дене массасы 2 кг-ға тең болса, онда бұл қозғалыс қандай күштің әсерінен болады? Жауабы: 4 Н

  2. Ауада жоғарыдан төмен қарай құлаған 8 м/с2 үдеумен массасы 3 кг тас кірпіш құлап келе жатыр. Ауаның кедергі күшін табыңыз. Жауабы: 5,4 Н.

  3. F1=3Н және F2=4Н екі күш дененің бір нүктесіне түсірілген. F1 және F2 күштердің арасындағы бұрыш 60. Тең әсерлі күштің модулі қанша?

Жауабы: F = = 6.08 Н

  1. Жіпке массасы г жүк ілінген. Жіпке ілінген жүкті: 1) 2м/с2 үдеумен жоғары көтерген кездегі; 2) 2м/с2 үдеумен төмен түсірген кездегі жіптің керілу күшін анықтаңыздар. (Жауабы: 1) 2) )

  2. Массасы m1=3 кг қарудан массасы m2=0,86 г оқ υ2=380 м/с жылдамдықпен ыршып шығады. Қарудың кері тебу υ1 жылдамдығын анықтаңыз. Жауабы: 0,11 м/с.

  3. Массасы 70 кг адам үдеуі 1 м/с2 вертикаль жоғары бағытта бірқалыпты баяу қозғалып бара жатқан лифте тұр. Адамның лифт еденіне түсірген қысым күшін анықтаңыз. Жауабы: N=756 Н.

  4. Жоғары қозғалған лифт еденінде массасы 4 кг дене жатыр. Лифт үдеуі 3 м/с2. Лифт еденіне әсер етуші ауырлық күшін табыңыз. g=10 м/с2. Жауабы: 52Н

  5. Жылдамдығы 8 м/с, массасы 3 г бөлшек, қозғалмай тұрған массасы 2 г бөлшекке келіп соғылған. Серпімсіз соқтығыстан соң, олар 6 м/с жылдамдықпен бірге қозғалған. Соқтығысу кезіндегі деформациялануға кеткен энергияны табыңыз. Жауабы: 6 мДж.

  6. Дене F=6 Н центрге тартқыш күш әсерінен радиусы R=4 м шеңбер бойымен қозғалады. Дене айналымының жартысында F күші қанша жұмыс орындайды? Жауабы: 0 мДж

  7. Салмақсыз жіп блок арқылы асырылып тасталынған. Жіптің ұштарына массалары 3 кг және 5 кг екі жүк бекітілген. Жүктер қандай үдеумен қозғалатынын анықтаңыз. Блоктың үйкелісі ескерілмейді. (g=10 м/с2).

Жауабы: 2,5 м/с


  1. Массасы 200 кг жүкті кран жоғары қарай 2,5 м/с2 үдеумен көтереді. Кранның арқанды керу күшін анықтаңыз. Жауабы: 2,5 кН

  2. Суретте көрсетілгендей дене көкжиекпен θ=30 бұрыш жасайтын көлбеу жазықтықпен сырғанайды. Үйкеліс коэффициенті 0,2. Дененің үдеуі неге тең? (g=10м/с2)

Жауабы: 3,27 м/с2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет