И.Н.Казанцев бойынша:
1.Алғашқы сабақ-әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2.Кіріспе сабақ- бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3.Жаңа білімді меңгеру сабағы-жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4.Пысықтау сабағы- өткен материалын пысықтау сабағы.
5.Жаттығу сабағы- оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6.Тәжірибелік сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
7. Қайталау қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау – қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |