Сабақ конспектілері №1 дәріс конспектісі Дәріс тақырыбы:



бет2/9
Дата29.03.2020
өлшемі1,95 Mb.
#61050
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЭН курсынан дәрістік сабақ конспектілері

3-сурет. ЖКЭС-тің құрылымдық схемасы.

1-бу генераторы, 2-бу турбинасы, 3-электрлік генератор,

4-конденсатор, 5-сорап, ~~~~ бу, ........ –су және конденсат,

---------- салқындатқыш су.

ЖКЭС жұмысын толығырақ қарастырайық (4-сурет). Көмір бункерден 1 ұсақтау қондырғысына 2 келіп түседі. Онда ол шаң жағдайына дейін ұсақталады. Көмірлі шаң ауа үрлегіштен 3 шыққан ауамен бірге жағуға 3 беріледі. Осы жану нәтижесінде бөлінген жылу құбырлардағы 4 суды буға айналдырады. Су сорап 14 көмегімен жылан пішіндес құбырлар арқылы 5 бар бу құбыр 6 арқылы алдымен турбинаның бірінші сатысына 7, ал одан соң екінші сатысына 8 келеді. Турбинада бу энергиясы генеартор 9 роторының айналуының механикалық энергиясына түрленеді. Турбинадан шыққан бу конденсаторға 13 түсіп, суға айналдырылады. Бұл су сорап арқылы қазанға беріліп, жоғарыда баяндалған процесс қайталанады

Конденсатордағы буды суыту су қоймасынан (арықтан немесе өзеннен) 11 алынатын су көмегімен жүргізіледі. Ол сорап 12 арқылы алынып, қолданып болғасын қайта су қоймасына құйылады. Көмірдің жанғанынан қалған өнім, мазалаушы құрылғылардан өткізіледі. Онда күл, көмірдің жанбай қалған қатты бөліктері т.б. қоспалар ажыратылады. Ал қалған газдар құбыр арқылы атмосфераға шығарылады. Генератор статорынан алынған электр энергиясы шығыстар 10 арқылы электрлік жүйеге беріледі.


4-сурет. ЖКЭС схемасы.
Қазіргі кезде ЖЭС-те энергия алудың үш негізгі схемасы қолданылады. Бірінші түр – негізгі. Онда булы турбиналық қондырғылар болады. Оның жұмысы жоғарыда қарастырылады. Бұл кезде бу генераторы қолданылады және су буы энергия тасымалшы болып табылады. Екінші түр – газды турбиналы қондырғылары бар ЖЭС. Бұндағы жұмысшы зат – газ бен ауа қоспасы. Газ органикалық отынды жаққанда бөлініп шығады және ол қызыдырылған ауамен араласытырылады. Осы қоспа жылу энергиясын тасымалдағыш болып табылады. Оның температурасы 750-7700С-қа дейін болады да турбинаға түрлендіруге беріледі. Газды турбиналы ЖЭС көлемі кіші (бу қазандығы болмағандықтан), турбинаның айналужылдамдығы жоғары, іске қосылуы, тоқтатылуы және қуатының реттелуі жеңіл. Бірақ бу турбиналарымен салыстырғанда қуаты 5-8 есе аз болады. Оған қоса олар тек жоғары сапалы отынмен ғана жұмыс істейді. Тек осы кезде ғана газдағы зиянды заттар аз болады және турбина қабырғасы мен басқа да бөліктеріндегі ластанулар аз болады. Газды турбиналы қондырғыларды тез айнымалы режимдерде жұмыс істегенде қолданған тиімді. Үшінші түр – булы және газды қондырғылар. Бұл кезде жоғарыда қарастырылған екі түр біріктіріліп қолданылады. Бұл қондырғыларда екі энергия тасымалдағыш-бу мен газ – турбинаға бір мезгілде беріледі. Бірақ булы газдық қондырғылар тек сұйық немесе газ түріндегі отынмен ғана жұмыс істей алады. Дегенмен, бұл ЖЭС-тің тиімді түрі болып табылады.

ЖЭС-тардағы отынды қолдану тиімділігі 5-суретте көрсетілген. Ол бойынша энергияның 32 %-на дейінгі бөлігі ғана электр энергиясына айналатыны көрінеді. Планетамыздың отындық ресурсы шектеулі болғандықтан, болашақта ЖЭС-ті тиімді де экологиялық қауіпсіз электр станциялармен ауыстыру қажет.



5-сурет. ЖЭС-те энергия түрленуі кезіндегі шығындар.

Негізгі әдебиет 1 [66-75]

Қосымша әдебиет 1 [69-70,72-73], 2 [309-318], 4 [179-182].


Бақылау сұрақтары:

  1. ЖКЭС-те энергияны түрлендірудің қандай түрлері жүзеге асырылады?

  2. ЖКЭС-тің негізгі жабдықтарын атаңыз.

  3. ЖКЭС-те энергия алудың негізгі схемалары қандай?

  4. ЖКЭС-тің ПӘК-і қанша?

  5. ЖКЭС-тің болашағы қалай болады деп ойлайсыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет