Буллинг пе, әлде жәй ғана әзіл ме?
Егер сені біреу мазақ қылған жағдайда немесе достарыңмен жанжалдасып қалғанда, саған бәрі де жаман көрініп, барлық адамдар саған қарсы деген ой туындайды. Тіпті «бұл жәй ғана әзіл-қалжың ғой» деп айтқан жағдайда да, сен өзіңді әлі де ыңғайсыз сезінуің мүмкін. Бірақ, бұның барлығы өткінші екенін ұмытпа.
Өзіңе деген сенімділікті, батылдықты қалай арттыруға болатындығы жайында біздің кеңестерімізді оқы. Бұл саған жаңа достар табуды, өз ойыңды қысылмай білдіруді үйренуге көмектеседі. Және де есіңнен шығарма, сен әрдайым бізге сұрақтар қоя аласың, біздің форумда басқа балалармен тілдесе аласың немесе 111 сенім телефонына қоңырау шала аласың.
Мұғалім тарапынан туындаған буллинг
Сенің мұғалімдерің саған үнемі бас-көз болуы тиіс. Мектепте жұмыс істейтін ересектердің бірінің сені кемсітуі дұрыс емес. Ешкімнің сені ақылсыз сезіндіруге, мазақтауға немесе әділетсіз жазаға тартуға құқығы жоқ.
Егер бұндай жағдай орын алып жатса, ол туралы өзің сенетін мұғалімге, мектеп психологына, ата-анаңа айт. 111 жедел желісі жөнінде де ұмытпа!
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
Өзіңе деген сенімділікті арттыр
Буллинг өте жиіркенішті жайт. Соған байланысты сен өзіңді жаман сезіне бастайсың. Бірақ, сен өз-өзіңді ұнатуға үйренуіңе болады. Мүмкін, бұл бірден көмектесе қоймайтын шығар, дегенмен көп жағдайда адамның өзіне деген сенімділігі артқан сайын буллинг проблемасы жойылады.
Жаңа нәрселер жасауға тырыс
Сабақ үстінде қол көтеру сияқты онша елеулі емес нәрселер жасауға болады. Сен бұрын қолыңнан келмейді деп ойлаған нәрселерді жасай алатындығынды байқайсың. Жаңа нәрсе жасауға тырыссаң, бірте-бірте өзіңе деген сенімділігін арта түседі.
Өзіңнің ұнамды жақтарыңды жазып отыр
Әр адамның өзіне ұнамды жақтары болады. Сондықтан, өзің туралы тізім жаса. Мүмкін, сенің музыкалық талғамың жақсы шығар? Әлде әңгіме барысында сенің басқаларды тындай білу қасиетің бар шығар?
Достарыңызбен бөлісу: |