YI- ноутбукпен жұмыс.
Хабарлама жазу. - Бүгінгі сабақ несімен ұнады, алған әсерің
жазып көрсет.
Y. - өз -өзін бағалау.
Хабарлама.- Досыңа қандай баға қояр едің.
7-слайд.
8- слайд.
9- слайд.
Үй тапсырмасы :
49 – бет, Ереже, 3,4 - жаттығулар.
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушы парасатты арулар ! «Парасатты арулар» сайысын ашық деп жариялаймыз.
Бастарына қонсын дәйім бақ құстары,
Күн қуатын тілейміз ғарыштағы.
Ұзақ ғұмыр, қуаныш, нұр сыйласын.
Өмірдің тыншымайтын ағыстары – дей отыра ақ маңдай, ашаң жүзді, аққу мойын, бота көз қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Енді бүгінгі сайысымыздың шарттарына тоқталып өтсек :
1. «Ата салтың - халықтық қалпың»
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. «Тіл өнері» мақал-мәтелдер сайысы.
4. Бұл кім ?
5. Бәрін білгім келеді сұрақ-жауап
6. Жеті жұмбақ.
7 . «Ділмар»
Өнер , білім өнеге тұнған дарын
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазы алқаларын
( әділқазылармен таныстыру )
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр салтымыз.
Сайысымыздың бірінші шарты «Ата салтың - халықтық қалпың»
1. « Тұсау кесу»
«Тұсау кесу» сәби қаз тұрғаннан кейін тез жығылмай сүрінбей жүріп кетсін болашағы жарқын болсын деген
тілекпен жасалатын дәстүр.Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл - бала осы адамға тартсын деген тілекпен туған рәсім.
2. «Базарлық»
«Базарлық» - алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдерге, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
3. «Балаға ат қою»
Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. «Сенің атың ..» үш рет қайталайды.
4. «Сүйінші» - қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші», сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл - қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай ұяттығы жоқ.
5. «Жеті ата»
Жеті атасын білмеген - жетесіз.Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Жеті ата әкеден жоғары таратылады.Олай болса жеті ата :
1 бала
2. әке
3. ата
4. арғы ата
5. баба
6. түп ата
7. тек ата.
6. «Шашу»
Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да, салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде т.б үлкен қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады.
Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
7. « Ерулік»
Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонаққа шақырады
Екінші шартымыз «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Бұл кезеңде аруларымыз бір-бірден әріп таңдайды.Бес-бестен сұрақтар қойылады, жауаптарыңды таңдаған әріптерің бойынша жауап бересіңдер
1.Қай қалада тұрасың 2. Сенің сүйікті әншің 3 .Қандай тағамды ұнатасың
4.Сыныптағы досыңның аты. 5. Мінез- құлқың қандай
1. Атың кім 2. Қай қалада тұрасың 3 Досыңның аты.
4. Досың екеуің қай қалаға қыдырысыңдыр 5. Қалаға немен барасыңдар
1. Қандай мамандықты қалайсың 2. Қандай гүлді ұнатасың
3. Мектепке немен келесің 4. Қыста ауа-райы қандай болады.
Үшінші шарт Тіл өнері мақал - мәтелдер сайысы
Әр оқушыға екі-екіден мақал -мәтел оқылады олар жалғасын табу керек.
1. Тіл тас жарады,..... тас жармаса бас жарады.
2. Ел іші - алтын бесік.
1. Ашу - дұшпан, ақыл дос....ақылыңа ақыл қос.
2. Еріншекке іс тапсырсаң,.....өзіңе ақыл айтады.
1. Батаменен ер көгерер,....жаңбырменен жер көгерер.
2.Тіліңмен жүгірме,...біліммен жүгір.
1. Оқу - білім бұлағы,...білім өмір шырағы.
2. Отан - елдің ....анасы.
1. Қына тасқа бітеді,.... білім басқа бітеді.
2. Ат айналып қазығын табар,....ер айналып елін табар.
1. Ақыл азбайды,...білім тозбайды.
2. Жақсы байқап сөйлер,....жаман шайқап сөйлер.
1. Тау мен тасты жел бұзар,...адамзатты сөз бұзар.
2. Бал тамған тілден,...у да тамады.
Төртінші шартымыз «Бұл кім» деп аталады. Қазір сендерге мәтіні бар қағаздар таратылады, сол мәтінде суреттелген тұлғаның кім екенін табасыңдар.
Көрермендермен ойын өткізу.
Ақылдылық аруға жарасады,
Көзі ашық кім бүгін санасады,
Келесі сұрақ - жауап сайысында,
Ақылына көркі сай арулардың,
Сыналар білімі мен парасаты ,- дей келе бәрін білгім келеді деп бесінші шартына тоқталсақ.
Бір сұраққа дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Барлығына бірдей сұрақ қойылады, сұрақтың жауабын білгендерің тез арада жауап берулері керек.
1. Сөз табының неше түрі бар ( 9түрі)
2. Ішің ауырса тыйым салатын асқорыту мүшесі ( ауыз. )
3. Бейжің олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз ( Илья Ильин.)
4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді және ата.
( 4 түрі бар Хабарлы сөйлем , Лепті сөйлем Бұйрықты, сұраулы сөйлемдер)
5. Көлікті күтетін жер ( аялдама.)
6. Құлагер деген кімнің аты ( Ақан сері)
7. Киелі сандарды ата. ( 3,7,9.40 )
8. Алтын адам табылған жер ( Есік қорғаны )
9. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты ( Сабалақ )
10.Балқожа кімнің атасы ( Ыбырай Алтынсарин.)
«Жеті жұмбақ» сайысы, жұмбақтың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тіліне
аудару қажет.
1. Үй үстінде ұсақ тас,
Ұстайын десем ұстатпас. (Жұлдыз, звезда, star)
2. Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. ( Алма, яблоко, apple)
3. Толып келіп бос кетеді (қасық, ложка, spoon)
4. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. ( Су, вода, water)
5. Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. ( Бор, мел , chalk )
6. Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың. (Тұз, соль, sugar )
Соңғы сайысымыз «Ділмар» деп аталады.
Оқушылар бір тақырыпты таңдап, сол тақырып бойынша сөйлейді.
1. 7 қысқы Азияда ойындары.
2. Мамандығым - мақтанышым.
3. Менің анам.
4. Денсаулық - зор байлық.
5. Менің сүйікті шығармам.
6. Менің туған жерім.
7. Менің досым.
Көрермендермен ойын.
( Мақал-мәтел жалғасын табу )
Кімдер жүйрік, парасатты білейікші,
Парасатты арулар деп жүрейікші,
Әділқазы алқасына тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші.
( Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі, грамоталармен марапаттау.)
Достарыңызбен бөлісу: |