Әңгiмелеу (сұхбат). «Ақ тиін мен қасқыр» мысалын әңгімелеп береді.
Ақ тиін мен қасқыр
Ақтиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді.
Ақтиін жалынып:
- Мені жеме жібер!-дейді.
- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып, қуанып жүресіңдер?
- Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлей алатын емеспін, — дейді. Қасқыр ақтиінді босатады. Ақтиін ағаш басына шығып алып:
- Сен, қасқыр, ешкімге жақсылық жасамайсың, жамандық ойлап, өзгелерді ренжітіп жүресің. Сондықтан әрқашан көңілсіз жүресің.
- Біз жақсылық жасаймыз, сол үшін әр уақытта шат, көңілді жүреміз, — депті
1 сұрақ Ақтиін не себептен көңілді жүреді?
2 сұрақ. Ал, қасқыр ше?
3 сұрақ. Сен қай кейіпкерге ұқсағын келеді? Неге?
Балалардың жауаптары тыңдалады
|