Сабақтың тақырыбы :Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Сабақ мақсаты:
а) білімділігі: «Толағай»әдеби ертегісінің жазылуына ел аузындағы аңыздың арқау
болғандығы.Әдеби ертегінің мазмұны мен идеясын ұғыну.
ә)тәриелілігі: Елге,Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,сүйіспеншілігін
арттыру. Батырлыққа, ерлікке, отаншылдыққа тәрбиелеу.
б)дамытушылығы: Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету,талдай
білуге,өзіндік ойын дәлелдей тұжырымдай білуге жетелеу,мәнерлеп
оқуға машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Әдеби ертегіні талдау,жеке тапсырмаларды орындау,салыстыра
талдау,мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, география.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасу.
2.Сынып іші тазалығына көңіл бөлу.
3.Оқушыларды түгелдеу.
4.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген Ә.Тәжібаевтың «Толағай» дастаны жөніндегі тапсырма бойынша тест сұақтарына жауап ала отырып бағалаймын.
Тест сұрақтары.
1.Ә.Тәжібаев қашан туылды?
А) 1905ж В) 1909ж С) 1910ж
2.Толағай неше жасында садақ тартты?
А) 7 В) 9 С) 11
3.Толағай әкесімен қайда шықты?
А) Аңға В) Соғысқа С) Қонаққа
4.Саржан қандай аңмен күресті?
А) Қасқыр В) Арыстан С) Жолбарыс
5.Толағай әкесін қалай құтқарды?
А) Аңды атып өлтірді В) Аңды көрге лақтырып жіберді С) Аңды қақпанға түсірді
6.Толағай жеңген аңын не деп ойлады?
А) Мысық В) Сілеусін С) Жолбарыс
7.Дастандағы жаңбырлы өңір қайда?
А) Сыр бойы В) Тарбағатай С) Жетісу
8.Жыр қалай аяқталды?
А) Толағай сүрініп қайтыс болды В) Толағай мұрат-мақсатына жетіпті
С) Толағай 100 жасады
Үй жұмысын қорытындылау:
— Сіз үшін ең жаман адам қандай адам?
— Сіз үшін өмірдің мәні неде?
— Сіз үшін бақыттың өлшемі қандай?
Осындай ізгі пікірін білдіріп, жақсылыққа бет бұрып жатқан әрбір мұсылманның жолы ақ болсын дей отырып, әрқашан үлкендердің ақылын тыңдап, инабатты, иманды бала болып өсе беріңдер!
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:
д) «Толағай» ертегісінің авторы Ә.Тәжібаевтың әр алуан қырын таныту.
1.Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз./Слайд арқылы /
-Балалар, біз бүгін халқымыздың дарынды қаламгері Ә.Тәжібаев туралы біраз мағлұмат алып, шығармашылығынан хабардар боламыз.
Иә, балалар , Ә. Тәжібаев –туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі.. Оның өмірінен біраз мағлұматты өздерің де айтып өттіңдер. Оның ірі еңбектері мен де таныс болдық. Бүгінгі сабағымыз Ә. Тәжібаевтың Толағай әдеби ертегісі төңірегінде болмақ.
ІҮ. Әбділда Тәжібаев: ақын, дастаншы, прозашы, ойшыл, драматург, әдебиетші, қоғам қайраткері, үздік қаламгер.
2.Әдеби ертегінің жай ертегіден айырмашылығына тоқталу:
— ертегі дегеніміз не?
— оны неге ауыз әдебиеті түріне жатқызамыз?
— ертегілер қалай жазылады,
— қандай ертегілер білеміз?
… Ертегілердің бір саласы-әдеби ертегілер.
Авторы белгілі болса ертегіні әдеби ертегі деп атайды.
Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер де халық ертегілері сияқты өлең сөз және қара сөз түрінде айтыла береді.Бұлар да еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.
— ал, бүгінгі тақырыпқа назар аударайықшы, «Толағай» ертегісі неліктен әдеби ертегі деп аталған, оның ертегіден қандай айырмашылығын байқадыңдар? (өлеңмен жазылған авторы бар)
3.-Дұрыс. Енді «Толағай» атты әдеби ертегінің ішкі мазмұнына, оқиғасына бойлап көрейік. Алдымен мына бір өлең жолына назар аударайықшы.\Толағай ертегісіне байланысты жасалған суретті журналды қолданамын.\
-Мен де тудым біреуі боп еркектің ,
Мені де әжем әлдилеген,тербеткен.
Қорқыт күйін,ерлік жырын жаттатып,
Танытқан сол: 4-ғажайыбын жер-көктің.
Таңдамадым жыраулықтан басқаны,
Жатқа айтамын Сар даламның дастанын.
Ал тыңдаңдар,Толағайды,Тарғынды,
Жыр сүйетін достарым мен жастарым.
— жас баланың атын қалай қойды? \Осы жерде шумақ өлеңін оқып беремін.\
4.Ертегіні оқи отырып, мазмұнына тоқталамыз.
5. Жолбарыспен кездесуінде, мақал –мәтелдер арқылы талдатамын.
\ Толағайдың анасынан ақыл сұраған жерінде анаға көңіл бөлдіру.\
— Балалар, сонау ықылым заманнан қазақ халқы ананы ерекше бағалаған, ананың сөзінен көп тәлім алған. Осы жердегі Толағайдың сөздерінен де соны көруге болады.
6. – Балалар, енді сендермен сергіту сәті ретінде мына бір қойылымға назар аударайық. Толағайдың жаңбырлы жер іздеп кеткен жерін инцинировка арқылы оқушылар көрсетеді.
ТОЛАҒАЙ:
— Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.
Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырармын
Адал ақыл айтар кімдер?
АНАСЫ:
— Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?
ТОЛАҒАЙ:
— Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде.
Не істесем болады?
АНАСЫ:
— Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл – Алла әмірі
ТОЛАҒАЙ:
— Білсең, Апа, айтшы!
Көп жауады қайда жауын?
АНАСЫ:
— Толағайжан, менің білуімше,
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Тауда тандыр
Үзілмейді жылда жаңбыр, — дейді
ТОЛАҒАЙ:
— Иә, (қуанып) Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.
Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін (жүгіре басып кетеді)
7. – Толағай бейнесі сендерге ұнады ма?
— осындай елге деген сүйіспеншілік сезім, сендердің бойларыңнан табыла ма?
8. Толағайдың таудың астында қалып өлген жеріндегі
Отаны үшін өлді бала — өлді сөзін қазақ тілі мен байланыстыру.
— Балалар қазақ тілінде бұл сөзді қалай жеткізеді.
-Дұрыс, дүниеден өтті, көз жұмды, бақилық болды, о дүниеге аттанды, Дүние салды, қайтыс болды,
— Енді лексикадан бұларды қандай сөздер қатарына жатқызамыз?
— Толағай бейнесі мен «Керқұла атты Кендебайдағы» Кендебай бейнесін салыстырып көрейікші.
— Енді тақтаға назарымызды аударып көрейікші.
Кендебай
|
Толағай
|
1 Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6-жастағы бала болды
2. Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығарады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді)
3.Таз, кедей балаға, ата-анасын қайтарып әкелді
|
1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын, мықты болды.
2. Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді)
3.Толағай еліне жауын алып келіп, халқын аман алып қалды.
|
ІV.Жаңа сабақты бекіту
— Олай болса, сендер Толағай бейнесін қандай деп таныдыңдар?
Толағай бойындағы қасиеттерді топтастырып көрейікші.\Дәптермен жұмыс\
— Алдымен дәптерімізге жазамыз
. -Балалар шығарманың басында Толағай немен шайқасады?
-Жолбарыс қандай аң?
-Ел басымыз өзінің 2030 стратегиясында қандай аңды символ ретінде алады?
— Бұл елбасымыздың халқының қандай болсын дегені?\Осы кезде барыстың суреті шығады\
— Жақсы, балалар, еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайы сендерсің дер.Бүгінгі тәуелсіздік тұғыры биікте тұрған заманымызда азулы барыстай жауына төтеп беретін ұл – қызы сендерсіңдер. Сендердің ойларыңша бүгінгі күн азаматы қандай болуға тиісті?
— Жақсы, балалар, енді тақтаға назар аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: |