Сабақ мақсаты: «Бақыт», «махаббат» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу Міндеттері



Дата11.01.2017
өлшемі193,84 Kb.
#7479
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы. «А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бекманов Салауат Амангелдіұлының іс-тәжірибесінен
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ Мерзiм: қыркүйек

Тақырып: «Арайлап атсын әр таңым» (1-сағат)

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық

Мұғалiм: Бекманов Салауат Амангелдиевич Сынып 1

Сабақ мақсаты:

«Бақыт», «махаббат» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу

Міндеттері:

-әр түрлі көңіл-күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрету;

- сыныптастарымен, үлкендермен, жақын адамдарымен жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

-өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

«Таңертеңгі көңіл - күй»

Сұрақтар:


  • Сендерді кімдер оятады немен ненің дыбысына оянасыңдар?

  • Таңертеңгі қуануыңа не себеп болады?

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

«Әрбір таңға қуаныш өмірге шаттық сыйлайды»

Халық даналығы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Күлімде, күн, күлімде

Жер беті ертеден қара кешке дейін тынбаған дүбірден, жүріс-тұріс қозғалысынан қалжыраған сықылды. Күн бата манаурай мүлгіді де, ұйқысы меңдеткенлей қалғи бастаған. Маңайда ешбір қыбыр жоқ. Көңілді алаңдатар сыбдыр-сыбыс естілмейді. Назар аударар қараң-құраң да байқалмайды. Мелшиген мылқау қараңғылық барған сайын қоюланып, айналадаға ашықты қара шымылдық көлегейлеген. Аң да, құс та тыныштық құшағына бөленген. Бесіктей тербететін самал да еспейді. Қорадағы қой бырт-бырт күйсеп бейғам жатыр. Түннің торғындай қара мақпал пердесі төңіректі тұмшалаған. Аспан да тұңғиық түбіндей тымырайып, шұңқырға іркілген судай түнған. Дөңкиген жон-жотаның етегі далия жаймаланып, үлкейіп кеткен.

Әлден уақытта осы қым-қуыт, асай-топыр, аумалы-төкпелі құбылысты сыпырып, түннің түңдігін түргісі келгендей, салқын лебімен баяу желпіп самал есті. Қалқиған үлкен таудың етегіне қарай салаланған жон-жота ұйқысы бөлінген алыптай ыңырана қыбырлады. Аспанның күншығыс төрі ақтаңдақтанды. Сай ішінен құстың үні, аңның жүрісі білінді. Алыс көкжиектің жер шегімен қабысқан түкпірі бозарды. Таң сәулесі сүзіле сарғайып, биікке қанат жайды. Жамырай шашыраған мамыражай жарық та бірте-бірте құлашын жазып, жер үстіне тұтас жайылды. Осынау тұрақсыз ауыспалы құбылыстардың өзі мүлгіген әлемге қуаныш нұрын себелеп тұрғандай мерейлі...

-Таң атты, таң атты!... – деп, төменгі жазықтан, жалпақ алқапқа егілген астық арасынан бөдене шақырды. Дауысы балғамен соққан тақтайдай тақылдайды. Қойнаудағы ойпатта көлкіген көлдің шарасы қаңылтырдай жалтырайды. Бөденеге қопа маңында жүрген тырна үн өосты.

-Тұ-рың-дар, тұ-рың-дар!...

-Шыр-қаң-дар, шыр-қаң-дар!... – деп, сол заматта бұл дыбыраны көкке шырқап шыққан бозторғайлар іліп әкетті.

Демнің арасында жер үсті әр қилы үнмен дүңкіп сала берді. Әнші құстардың әуені біріне бірі ұласты. Маңай түгел ұйқыдан оянды.

Тұс-тұстан аңдыздап мал өрді. Күжірейген мүк ағаштар ұйқысын ашқысы келгендей, жап-жасыл жапырақтарын судырата сілкілейді.

Таулардың төбесін күннің шұғыласы аймалады. Аздан кейін жалпақ даланың төсіне маржан сәуле себілді. Шөптің бетіндегі шық күмістей жылтылдайды.

-Күлімде, Күн, күлімде!... – деп, табиғат бөбегінің бәрі ізгі тілектерін ақтарды.

Сұрақтар:

-Әңгімеде табиғаттың қандай көрінісі беінеленген?






Шығармашылық жұмыс

Дәптерде берілген суреттердегі адамдардың көңіл-күйі туралы әңгіме құрастыру.






Топпен ән айту.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!





Үй тапсырмасы.

К.Ушинскийдің «Таңғы сәулелер» шығармасын оқу.






Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ Мерзiм: қыркүйек

Тақырып: «Білім – ақиқат бастауы»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: мейірімділік, сүйіспеншілік, еңбексүйгіштік

Мұғалiм: Бекманов Салауат Амангелдиевич Сынып 3

Сабақ мақсаты:

Балалардың «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;

-жақсы оқуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

Д.Матайқызының «Білім мен байлық» мәтіні



Сабақа барысын талдау

Дәйексөз.

«Өнер – білім бәрі де оқуменен табылған»

Ы.Алтынсарыин

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.




Шығармашылық жұмыс

Дәптердегі тапсырмадан берілген «Білім және байлық» кестесіне әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылығын тауып жазу






Топпен ән айту.

Кел, балалар, оқылық

Ы.Алтынсарин

Кел, балалар, оқылық.

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей-ақ табялар.

Сиса көйлек үстіңде

Тоқуменен табылған...

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған...

Өнер, білім – бәрі де

Оқуменен табылған.



Үй тапсырмасы.

А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесін оқу






Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ Мерзiм: қараша.

Тақырып: «Ашу – дұшпан, ақыл - дос»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, ақылдылық, ұстамдылық, сабырлылық

Мұғалiм: Бекманов Салауат Амангелдиевич Сынып 4

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» адами қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

- өзара жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

Ж.Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесі

Сұрақтар:

Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?


Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі».

М.Әуезов

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Тәкаппар тау

Ерте, ерте,е ертеде, осыдан сансыз жылдар бұрын, бір тәкаппар тау өмір сүріпті. Ол өте үлкен әрі әдемі еді. Тау бірақ ешкімді жақсы көрмейтін. Қурай басын сындырмайтын жалқаулығы тағы бар еді. Бір күні осы тірлігіне шыдамаған Күн:


  • Әу, Тауым! Сен неге тәкаппарсың? Қабағың неге түйіліп тұрады? Мен саған ылғи нұрымды сыйлап жүрмін ғой, - дейді.

  • Иә, сен неге сонша кеудемсоқсың? Неге ештеңе жасамайсың? Әлде жалқаусың ба? – деді Күнді қуаттаған Өзен.

  • Менің саған өлеңім ұнамай ма, тәкаппар тау, - деді Жел іштегі шерін ақтарып.

  • Мен алыппын және әдемімін. Сендер мен үшін қызмет істеулерің керек, - деді көршілерінің сұрақтрын асықпай тыңдаған кеудемсоқ Тау.

Көршілері Тауға ренжіп қалды. Жел өте суық дауылын соқты. Күн ыстық аптабын тауға төндірді. Жауынын жаудырды. Тау басынын ыстық, суыққа шыдамаған тастартөмен қарай домалай бастады. Өзен таудан құлайтын арнасын кеңейтті. Сөйтіп жылдар жылжып өте шықты. Бір күні Өзен Тауға көз тастап, шошып кетті. Тәкаппар, әрі әдемі Тау не болып кеткен? Кіп-кішкентай төбедей ғана. Бұрынғыдай әдемі де емес, алқа-салқа. Сөйткенше Тау жылап қоя берді. Тоқтамай, тоқтамай жылады. Ұзақ еңіреді. Түптің түбінде Тау орнында ақ құм ғана қалды. Жұрт бұл құмнан шыны жасай бастады. Түптің түбінде Тау үгіндісінен жасалған шыны ар жағындағының бәрі көрінетіндей мөлдір еді. Бұл таудың Көзінің жасы дейді жұрт. Кім біледі?!

Сұрақтар:



  • Әңгімеден не ұқтыңыздар?




Шығармашылық жұмыс

Балаларға алдын ала үнтаспаға жазылған әңгіме тыңдалады. Әңгімені мұғалімдер өз ойларымен аяқтайды.






Топпен ән айту.

Бізге ашық күн керек

Ғ.Жұмабаев
Бізге ашық күн керек.

Аспан керек мөп-мөлдір.

Қуанышқа тұр бөлеп,

Бақытты өмір төккен нұр.

Жеңдіріп біз ашуды

Ақылғаәркез келеміз.

Азамат боа ер жетіп,

Ағаларға ереміз.






Үй тапсырмасы.

В.А.Сухомлинскийдің «балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқу






Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.








Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ Мерзiм:қыркүйек.

Тақырып: «Менің сүйікті ісім»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, іскерлік, еңбексүйгіштік

Мұғалiм: Бекманов Салауат Амангелдиевич Сынып 3

Сабақ мақсаты:

Балалардың «еңбек» құндылығы мен еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-сүйікті іс туралы түсініктерін қалыптастыру;

- еңбек ету іскерліктерін дамыту;

-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

А.Қайырханованың «Өнерлі балалар» әңгімесі

Сұрақтар:


  • Ата - аналар, ұстаздар балаларға не үшін риза болды ?

Сабақа барысын талдау

Дәйексөз.

«Сүйіп істеген іс шаршатпайды»

Халық нақылы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?






Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Кім боласың?

Асан ата сәлем – сауқатын арқалап ауылдан Алматыға кеше келген. Бірін – бірі сағынған ата мен немерелер бір жасап қалды. Түннің бір уағына дейін дабырласты. Немерелері Димаш пен Алуа аталарына кезек – кезек күнделіктерін көрсетіп, әңгімелерін айтып тауыса алмай жатты. Таңертең бала келіні жұмысқа, немерелері сабаққа кетті. Үйде бір өзі қалған атай түске таяу балконға шықты. Алтыншы қабаттан төмен жақ алақандағыдай көрінеді екен. Асан ата кмініп далаға шықты. Мектептен немересін алып келуге барды.

-Ассалаумағалейкум, ата! – Балалар сап түзеген бойы Асан атаның қолын алып шықты. Аттарын атады: Шыңғыс, Әлихан, Сырым, Абылай, Димаш.

-Бәрекелді, қарақтарым! Есімдеріңе қарағанда бәрің мықты сияқтысыңдар. Сабақтарың қалай?

-Жақсы ата! – Балалар хормен жауап берді.

-Жарайсыңдар! Сендердің қазіргі ең басты міндеттерің сабақты жақсы оқу. Оны ешқашан ақсатуға болмайды. Ал енді айтыңдршы, өскенде кім боласыңдар?

-Балалар бірден жауап қатпай сәл мүдірді. Сәлден соң өз немересі Димаш: - Президент болам, - деп жымың ете қалды.

-Сен ше?

-Президент!

-Сен ше?

-Мен де президент болам!... Бесеуінің де жауабы осы болды.

Асан ата болашақ бес президентке мейірлене қарап:

-Жарайсыңдар, балдырғандар. Осы армандарыңа мүдірмей жетіңдер! – деді.

Сұрақтар:

Сендердің болашақтағы армандарың қандай?






Шығармашылық жұмыс

Дәптердегі «Мен сүйікті ісіммен шұғылданғанда...» айдарымен берілген сұрақтарға жауап жазу






Топпен ән айту.

Кім немен ойнайды?!

Ө.Тұрманжанов

Теңізші болатын бала –

Бұлақпен ойнайды.

Батыр болатын бала –

Қынаппен ойнайды.

Жарықты жағатын бала –

Шырақпен ойнайды.

Диқан болатын бала –

Топырақпен ойнайды.

Ғалым болатын бала –

Кітаппен ойнайды.





Үй тапсырмасы.

«Ана қиялы» аңызы






Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет