Сабақ мақсаты: Балалардың «сыйластық»,



Дата25.08.2017
өлшемі61,11 Kb.
#26651
түріСабақ
Өзін-өзі тану Ашық сабақ Сынып: 7 а Күні: 06.02.16ж

Тақырып: Отбасы жарастығы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік,сыйластық,махаббат,татулық.

Сабақ мақсаты:Балалардың «сыйластық», «махаббат»

құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері:

* отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

* отбасындағы жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

* өзара сыйластыққа тәрбиелеу.



Ресурстар:(құралдар,мәлiметтер, слайд:оқулық,дәптер,жайлы әуен,топпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар,қағаздан қиылған күн,гүл,үй суреттері,бейне материал. 
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме,менің аяулы жас достарым. Бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын.Мен сендердің барлығыңды жақынымдай сыйлаймын.Біз бүгін шаңырақ жарастығы туралы әңгімелесеміз.  Ендеше әрқайсың өз шаңырақтарыңа жақсы тілек айтып, сабағымызды бастайық. 
Мысалы: -Мен шаңырағыма бақыт тілеймін. 
-Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін. 
Адалдық,қамқорлық,кешірімділік,сыйластық,махаббат,сәттілік т.б. 
Сабағымызды әрі қарай «Нұрға бөлену»

Денемізді тік ұстап,орындықта еркін отырамыз.Қол мен аяқты

айқастырмаймыз.Біз тыныс алуға шоғырланған кезде біздің санамыз

тынышталады.Тынысты сыртқа шығарғанда біз өзімізге тыныштық пен

қуанышты жинаймыз.Тыныстықты сыртқа шығарғанда біз барлық

мазасыздықты сыртқа шығарамыз.Ал енді дайындаламыз.Көзімізді

жұмамыз,арқамыз тік қолдарынды тізе үстіне коюларыңа болады.Тынысты

ішке тартамыз,сыртқа шығарамыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек

босаңсып,сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз табиғатқа серуенге

шығамыз.Көз алдымызға жайлы ауланы елестетеміз.Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.Айналадағы бар нарсені бақылап гүлдер мен

ағаштардың иісі,құстардың дауысы естіледі.Айналаңызға тағы бір

қараңыз,таза ауаны терең жұтыңыз.Жүрегіңізді мейіріммен сүіспеншілікке

және татулыққа баулып,тыныштық қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.

Көзімізді ептеп жәймен ашайық(өз ойларыңызбен бөлісуге болады). Рахмет



2. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген «отбасы татулығы» аңыз әңгімесін әңгімелеп беріп, сұрақтарга

жауап берейік.

-Отбасы татулығын ұстап тұрған қандай қасиеттер бар?

-Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Отбасының сыйластығына қалай жеткізуге болады?

-Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

-Отбасында сен қандай шаруаларды атқарасын?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы коптеген тапсырмалар орындаймыз.

3.ДӘЙЕКСӨЗ. 


« ШАҢЫРАҚ СӘНІ-СЫЙЛАСТЫК» 
Шаңырақта сыйластық,сүйіспеншілік,бірлік,татулық,ынтымақ,бауырмалдық,қамқорлық, махаббат шаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады. 
Сабағымызды әрі қарай
4.ӘҢГІМЕЛЕСУ. 
1.-Балалар, отбасы деген не? 
-Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар.Оларды отбасы мүшелері дейміз.Ата-апа,әке-шеше,аға-бауыр,апай,сіңілі т.б 
2.-Сен отбасында кімсің? 
-Мен отбасының бір мүшесімін,ата-апамның немересімін,әке-шешемнің баласымын 
3.-Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды? 
-Бірге отырып тамақ ішеді,әңгімелеседі,демалады,еңбек етеді,сыйлайды,бір-бірін жақсы көреді т.б.
4.-Өз үйіңде сен үшін ең қымбат нәрсе не? 
-Жақсы көңіл-күй,сыйластық,татулық. 
Ендеше мына әңгімеге құлақ түрейік. 
5.МӘТІНМЕН ЖҰМЫС. 
А.Асылбеков. «Сүйіспеншілік» 5
1-2-3 абзацты әңгімелеу.Содан соң сыныпқа сұрақ қою 
-Сендер болсаңдар қайсысын шақырар едіңдер?Неге? 
Балалар жауаптары. 
Әңгімені аяғына дейін әңгімелеу.Сыныпқа сұрақ: 
«Сүйіспеншілік бар жерде-байлық пен сәттілік бар»-дегенді қалай түсінесіңдер? 
Балалар жауаптары 
6.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС: 
1-топ. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық. 
2-топ.»Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар. 
3-топ.»Күн сәулесі».Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар. 
7.ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ 
Жайлы әуен қосылып тұрады.А.Еңсепов «Балалық» күйі 
Мұғалім: Балалар,денелеріңді түзу,бастарыңды жоғары 
көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмуларыңа болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстап,денемізді бос ұстаймыз. Айналадағы барлық тіршілік иелері сіздерді аялап,қоршап,қамқор болып жатыр.Сіздер жанұяларыңызбен бақытты сәтті бастан өткізіп жатырсыздар.Көңіл-күйлеріңіз өте жақсы,сіздер күліп,тамаша сезімдерге бөленіп жатырсыздар.Тұла бойларыңызға махаббат пен жақсылыққа толды. Енді көзімізді ашып,бастапқы қалпымызға оралайық. Кім өзінің алған әсерімен бөліскісі келеді? 
8.ЖАҢА АҚПАРАТ. 
Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы.Отбасында сыйластық,сүйіспеншілік,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады. 
9.ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ. 
Балалар,бізге қонаққа досымыз Махаббат қонаққа келе жатыр екен.Махаббатқа демалатын үй керек.Ендеше,бәріміз бірігіп,оған әдемі үй салып берейік. 
Тақтаға үй макеті ілінеді.Қабырғаларына керек сөздер столда тұр,бірақ оның ішіндеМахаббаттың көңіл-күйін түсіретін сөздер де жүр екен.Жақсы сөздерді алып,үй қабырғасын құрастырайық, ал жаман сөздерді қоқысқа тастайық.Ауласын әдемілеу үшін ағаш пен гүлдер егейік. 
Гүлдерге мақал-мәтелдер жазылған. 
1.Балалы үй-базар. Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры. 
2.Ата-бәйтерек, 
Бала-жапырақ. 
3.Ата-асқар тау, 
Ана-бауырындағы бұлақ, 
Бала-жағасындаңы құрақ 
4.Ата-ананың қарызы, 
Ұрпақтың өмірлік парызы. 
5.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің. 
6.Ананың сүті-бал, 
Баланың тілі-бал. 
7.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер. 
ӘҢГІМЕЛЕСУ. 
Балалар,қазақ халқы отбасында ата-бабаларының салт-дәстүрін сақтай отырып,балаларына тәлім-тәрбие берген.Қазір де осы салт сақталған.Қазақ салтында кішілер үлкеннің атын атамай, жолын кеспей, оны сыйлап,оған құрмет көрсеткен.Содан барып үлкен мен кішінің арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған.Ол әдетке айналып,әдептілік ережесін тудырған. 
Жаңа ақпарат

Отбасының берік болуы сыйластық, сүйіспеншілік, кешірімді болу, сенімділік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге байланысты. Отбасының берік болуы дүниеге нәрестенің келуі. Әрбір ата - ана өзінің болашағы, отбасының жалғасы өмірге ұрпақтың келуін асыға күтеді.

М. Мақатаев

- Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!

Иә, тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!

Шырылдаған үніңнен айналайын

Шыныменен өмірге келгенің бе?!

Қызым болсаң – қырымда құралайсың,

Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсың

Естисің бе есі жоқ, ей, дүние,

Менен неге сүйінші сұрамайсың?!

Қорытынды

Жақсылыққа – жақсылық Балалар,үйімізде өз шаңырағымызда жарастық болу үшін қандай адамдық қасиеттер болуы керек екен? Сол сөздерді атап, күн нұрына 
ілейік. 

Топпен ән айту:Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнін топпен айту.

Әке туралы жыр

Сөзі:М.Шахановтікі

Әні:Н.Тілендиевтікі

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күн ертен не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарын,

Сен мені жақтамадың,ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке,шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасын.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен,қуана бер әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Үйге тапсырма: Мен бақытты баламын» тақырыбына эссе жазу

Түйіндеу: 8.Соңғы тыныштық сәтi

 Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетіңдер. Өз отбасыларың туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымызбен бөлісейік

Балалар, бүгін біз сүйікті отбасы, отбасы мүшелері туралы жақсы, жағымды сөздер айттық.Шығармалар арқылы әркімнің отбасы болатынын,, отбасы- мейрімділіктің, сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың, әдептіліктің ортасы екенін танып білдік.

Әке ақылы-бұлақ,Ана ақылы-шырақ,Аға ақылы-көмек,Іні ақылы-демеу,Бала



ақылы-ұшқын,Өз ақылының басында,Іздегіш болсаң,қасыңда-дей отырып

сабағымызды аяқтаймыз.Әр күндеріңіз нұрлы болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет