Сабақ мақсаты: Балалардың «табиғат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту



Дата11.12.2021
өлшемі14,56 Kb.
#99323
түріСабақ
Байланысты:
Кодашова Жамиля сабақ жоспар педагогика (копия)


Мұғалімі:

Тақырып :Табиғат сыйы

Құндылық :Қиянат жасамау

Қасиеттер: Әр қашанда көмекке дайын болу, киянат жасамау, өзгелерді ренжітпеу, жануарларға

қамқорлық көрсет, қауыпты заттармен ойнамау, ұжымда жұмыс жасау, бірлік т.б.

Сыныбы: 3, күні: оқушы саны:

Сабақ мақсаты: Балалардың «табиғат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, табиғатқа

қиянат жасамай қорғап, аялауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

- табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру,әрқашан көмекке дайын болуға үйрету.

- құстарға аялы қарым қатынас жасап, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу

- табиғаттың аң- құстарына қамқор болуға,қиянат жасамауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас

Ресурстар: Құстар үні жазылған үнтаспа,гүлдер,бұлттар және жапырақтардың суреті

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

- Сәлеметсіздер ме балалар? Көңіл күйлерің қалай?

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

(оқушылар өз әсерлерімен бөліседі)

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

«Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тілінбей»

Қане балалар осы мақалды ашып көрейік,

-Еңбек ету адамға не үшін керек?

-Еңбектенген адам қандай көңіл күйде болады?

- Иә еңбек еткен адамның көңіл күйі көтеріңкі,әрі дені сау болып келеді. Адам еңбексіз өмір сүре алмайды.

Әңгiмелеу.

- «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз

- Табиғаттың адам көңіл күйіне қандай әсері бар?

- Төмендегі суретке қарап,табиғат сыйы туралы не айтуға болады?

Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс,сахналау)

Шығармашылық жұмысты жүргізбес бұрын,балалрды топтарға бөліп аламыз. Мен сендерге табиғатың бір бөліктерін беремін (бұлт,жапырақ,гүл) суреттері. Ал сендер кімге қандай сурет түссе,сол бойынша топтаса қойындар.

І топ «бұлттар». Тапсырма «Ағаш сындырған бала...»

ІІ топ «жапырақтар». Тапсырма «Автобуста болған оқиға...»

ІІІ топ «гүлдер». Тапсырма «дүкенде саған артық ақша қайырды...»

Топпен ән айту. «Дос болайық бәріміз»

Сөзін жазған: Х.Талғаров

Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

Рефлекция

«Кір қыстырғыш»

Табиғаттан қандай ой түйдік?

Үй тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс 1- 2 тапсырманы жазбаша орындап келеміз.

Мәтін «Наурызгул»



Соңғы тыныштық сәтi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет