Білімділік: Қазақ халқының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Абылай хан жайлы білім беру.
Дамытушылық: Абылай ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтай білгендігін нақтылай отырып, оқушылардың тіл байлығын, тарихи танымын, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік:Абылай ханның өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін көрсету, оқушыларды өмірде қажет бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
- жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі:
- дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі:
баяндау, сұрақ – жауап, Н.А. Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясының элементтері, ой-толғау.
Көрнекіліктер:
Қазақстан картасы, интерактивті тақта, суреттер, видео
Жаңа сабақтың жоспары:
Абылай ханның шыққан тегі.
Шайқастағы Абылай бейнесі.
Абылай хандығы.
Қазақ хандығының картасы
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған Бұхар Жырау, оның жас кезіндегі ауыр өмірін төмендегі шумақтармен білдірген: Ей, Абылай, Абылай! Сені мен алғаш көргенде Тұрымтайдай ұл едің... ...Үйсін Төле бидің Түйесін баққан құл едің... ...Абылай атың жоқ еді, “Сабалақ” атпен жүр едің. Жас кезінен-ақ бойынан қайраткерге тән қасиеттер байқала бастады. Ақылы мен батырлығы, табандылығы мен көзге түседі. Сабалақ ер жеткен шағында Төле биге сәлем бере келген Бөгенбаймен танысады. Бөгенбай адамның да, малдың да асылын бір көргеннен таниды екен. Бөгенбай Сабалақты көргенде: Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің! Мінезің қазақтағы хан екенсің, Жазғы салым қалмақтарға аттанамыз, Соғанда керек болар жан екенсің?!- деп батасын беріп астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сиға тартады.
Абылайдың шын есімі – Әбілмансұр. Жасынан Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Әбілмансұрға зор ықпал етті. Қазақ даласының даналығын бойына жинап, ақыл-парасатымен, ел билеу қабілетімен дараланған Төле би қазақ халқы анталаған жауға басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білді. 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің туысы Шарышты өлтіреді. Атасының аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап «Абылай» атанады. Сабалақтан баһадүр Абылайға, Абылайдан хан Абылайға айналғанына “Аңырақай” шайқасының ықпалы болған. Егер Абылай 19 жаста “Аңырақай” шайқасында қатысса, онда бұл атақты шайқас 1730 жылы болғаны.
Абылай хан, Әбілмансұр – қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай 20 жасында хан майданда ерлігімен танылады. 1730 -1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға “Абылайлап” шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылады, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 1771 жылы Абылай Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді. Қытай императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ халқының ханы деп ресми түрле таныса, оның беделінен сескенген Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде ғана құрмет көрсетіп отырған. Қазақ Ордасын бөлшектеуді көздеген. Бұл кезеңде Абылай Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырады.
Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтаны қатар аталса 34 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылы тамыз айында Неплюевтің кездесуіне Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатып ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан ғанабилік жүргізіп отыр», — деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 – 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді.
Қабанбай батыр,
Әйтеке би,
Төле би,
Абылай хан,
Қазыбек би,
Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр
1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен жоңғар шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде – тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1753 жылы Абылайдың 6 мың әскері қытайдың 40 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753 — 1754 жылы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей, Жәнібек, Өтеген батырлар қысы—жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өз бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Сұрақтарға жауап алу
Абылай қашан хан болып сайланды?
2. Аңырақай шайқасындағы Абылайдың жасы?
3. Абылайдың шын есімі қалай?
4. Жасынан кімнің тәрбиесінде болды?
Жауабы: 1771 жыл.
Жауабы: 19 жас
Жауабы: Әбілмансұр
Жауабы: Төле би
“Даталар сөйлейді” ойыны
1711-1781 ж.ж –
2 . 1730 жылдары –
3. 1781 жылы –
Жауабы: Абылай ханның өмір сүрген жылы
Жауабы: қазақ ішінде Абылайдың аты ерекше дүркірей шығады.
Жауабы: Абылай хан дүниеден өтті
Абылай
Батыл, ержүрек,
Мемлекет басшысы
Мәмлегер
Сөзіне берік, алғыр ойлы
Қолбасшы
Барынша адал әрі әділ
Керемет шешен
Шығыстың жеті тілін білген
Тұлғаға сипаттама.
Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени қайраткері Абылай хан