3. Сабақты жабдықтау 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер В.Г.Архипова, Р.Г. Амдамова, Н.К.Беристемова «Информатика»
3.2 Техникалық құралдар, материалдар компьютер, интерактивті тақта
4. Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, студенттердің санын тексеру.
Білімін тексеру
1. Деректер қоры қандай өрістерден тұрады?
2. Деректер қорының басқару жүйесі дегенімі не?
3. Деректер базасында ақпарат қандай форматта сақталады?
5.Жаңа сабақ Білу және түсіну
Машиналық оқыту дегеніміз не? Машиналық оқыту –жаcанды интеллектің бір тармағы. Машиналық оқыту принципі машиналар арқылы алынған деректер негізінде машиналарды оқытудан тұрады. Машиналық оқыту жүйесі ауқымды деректер жинағында оқыту кезінде алған білімдерін қолдануға мүмкіндік береді. Машиналық оқыту адамдарды, дыбысты, нысандарды тану, аударма және т.б. сияқты міндеттерді шешуге көмектеседі. Машиналық оқыту жүйеге үлгілерді өз бетінше танып-білуге және болжам жасауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект және нейронды желілер қазіргі уақытта өте өзекті. Көптеген қолданушыларды нейронды желілердің қалай жұмыс істейтіндігі, олардың құрылымы мен әрекет ету принципі қалай құрылғандығы қызықтырады.
Жасанды нейронды желі (ЖНЖ) –күрделі деректерді талдайтын, адам миын имитациялайтын және аппараттық және программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті математикалық модель. ЖНЖ-ні адам миының синапстарының жұмыс істеу принциптерін эмуляциялайтын оқыту моделінің түріне жатқызуға болады. ЖНЖ деректерді өңдеуге арналған түйіндер (нейрондар) мен синапстардың аналогтері желісінен тұрады. Кіріс ақпараттар жүйе арқылы өтеді де, шығыс ақпараттар түрінде жинақталады. Биологиялық нейрон – басқа нейрондармен қолжетімді байланыс арқылы барлық нейронды желі бойынша электрохимиялық импульсті беру негізгі міндеттердің бірі болатын арнайы жасуша.
Синапстар дегеніміз не? Нейронды желілерді көпшілігі адам миының құрылысына ұқсатады. Бір жағынан, бұл пікір шындыққа жан сқанымен, екінші жағынан, адамның миы – машина көмегімен жасауға келмейтін өте күрделі механизм.
Нейронды желілер деген не?
Синапстың құрылымы қандай?
Кіріс қабаты ақпаратты қалай қабылдайды?
Бірқабатты нейронды желінің құрылымы қандай?
Рефлексия Сөйлемдерді аяқтауды ұсынады:
Мен білдім…
Мен үйрендім …
Мен айта аламын …
7.Үй тапсырмасы: Оқулықтағы тақырыпты түсініп оқу және 140 бетте берілген 2-тапсырма сұрақтарға жауап бере алу.