Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет25/64
Дата26.02.2023
өлшемі161,56 Kb.
#170160
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
ok. fiz. damu - darister

3. Тұлға сүйектерiнің жетілуі
Тұлға сүйектері омыртқа жотасынан, төс және 12 жұп қабырғалардан тұрады. Омыртқа жотасы оның жоғарғы жағы бас сүйекпен, төменгi жағы жамбас сүйектермен жалғасады. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады да, мойын, кеуде, бел, сегiзкөз және кұйымшақ омыртқа бөлiмдерiне бөлiнедi. Омыртқа жотасының сегiзкөз және кұйымшак бөлiмдерiнiң омыртқалары өзара бiрiгiп бiткен, сондыктан омыртқа жотасының бұл бөлімi iс жүзiнде қозғалмалы болып келмейдi. Әрбiр омыртқаның iшi қуыс болады да, бәрi жинақталып, жұлын орналасқан омыртқа жотасының қаналын құрайды. Егер адамның омыртқа жотасы бүйiр жағынан қарағанда-4 иiлiстi байқауға болады: екеуi алға қарай дөңестенген (кеуде және сегізкөз), бұл иiлiстердiң жүру, жүгiру, секiру кездерiнде дененің бір нәрсеге урылуын және соқгығуын жұмсату үшiн маңызы зор. Жаңа туған баланың омыртқа жотасынан сырттай иілулер байқалмайды. Оның иілуі кеуде жотасында (дөңесті артқа қарай- кеуде кифозы), азырақ иілу бел тұсында (дөңестігі алдыға қараған- бел лордозы) және жақсы байқалатын ойыс құйымшақ сегізкөз тұсында (құйымшақ сегізкөз кифозы).
Мойын иіліс жаңа туған балада болмайды. Шүйде еттерінің бекуі арқасында ол 3-ші айдың аяғында түзіледі. 9-шы айда айқын көрінеді. 6 айда бала өздігінен отырғанда кеуде иіні анық көрінеді. 9-12 айда тұрып, жүре бастағанда омыртқа алға қарай иіле бастайды. Тепе- теңдік сақтау үшін. 10-12 жаста омыртқалары сүйек ұлпасынан тұрады. 15-24 жаста омыртқа аралық шеміршектер бірігеді.
Қабырға - бұл симметриалы орналасқан 12 жұп жалпақ сүйектер. Алдыңғы жағы төс сүйегiне және артқы жағы кеуде омыртқаларына жалғаса орналасып, кеуде қуысын қурайды. Кеуде қуысын қурайтын сүйектер қозғалмалы келедi де, тыныс алу кезiнде маңызы үлкен болады. Адамның кеуде куысының пiшiнi жұмыртқа тәрiздi болып келедi де, жасқа, жынысқа, мамандыққа және патологиялық әсерге байланысты бiршама өзгерiп отырады. Қабырғаның сүйектенуі 2 айлық кезінде басталып 25 жаста аяқталады. Көкірек клеткасы өскен сайын оның формасы өзгеріске ұшырайды. Алғашқы жылдары ол негізінен табаны төмен қараған конус формалы болады. 1 жасына қарай баланың өкпе көлемі 4-6 есе өседі. Көкірек клеткасының жоғары бөлігі балаларда 7-8 жаста, ал қыздарда кеңейеді. Кеуде қуысының пiшiнi 12-13жасқа келгенде, ересек адамдарға ұқсас, ал бiрақ мөлшерi кiшілеу болады. 15 жастан бастап жынысқа байланысты, айырмашылықтар байқалады. Әйелдердiң кеуде қуысы, ер адамдарға қарағанда қысқа, ал бiрақ үлкендеу болып келедi. Кеуде қуысының қозғалысы да, жас шамасына тауелдi өзгередi. Кеуде қуысының өсу шеңберi ұл балаларда 8-ден 10 жаска дейiн бiршама баяулап, жыныстық жетiлу кезеңiнде күшейе түседi. 7-ден 9 жасқа дейiнгi оқушылардың жылдық өсу шеңберi 1-2 см тең, 9-дан 11 жаска дейiн - 2-3 см, ал 11 жастан бастап 2-5 см. Кеуде куысының шеңберi (көлемi) қалыпты тамақгану кезiнде, жақсы гигиена-лық жағдайда және дене жаттығуларын тұрақты орындап отырғанда едәуiр жоғарылайды.
Төс- жалпақ сыңар сүйек. Төстің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс сүйегінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Ол төменгі жағы 15-16 жаста, ал жоғарғы жағы 21-25 жаста сүйекке айналады. Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне ұзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады, көкірек қуысы тарылады да өкпе мен жүрек дамуы нашарлайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет