Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар



бет61/64
Дата26.02.2023
өлшемі161,56 Kb.
#170160
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
ok. fiz. damu - darister

2.Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар
Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жүту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрған нан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай күн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10-15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан сон оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1,5-2 сағат дем алады, ал 1-2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың еңбек қабілеті күніне 2 рет (8-12 сағ., 16-18 сағ.) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабаҚ оқуына және үйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16-18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8-12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқуіпылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11 сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды.
Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минөт сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сыньш оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.
Оқушынын сабаққа дайындалатын жұмыс орыны таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл-мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18-20-22 °С, ылғалдығы 50-70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының еңбегі гигиеналық түрғыдан қарағанда дұрыс үйымдастырылады. Оның жұмыс орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам-қарындаштардың тұрақты орыны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Бала денесінің шынығуы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі ойындарды (волейбол, футбол, жасырынбақ) ойнау керек. Соған байланысты түрғын үйдің ауласында балалар алаңын жасайды.
Оқушының күн кестесінде ұйқыға бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқы ның физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысы ның ұзақ тығы 7 жаста 10,5-11 сағат, 10 жаста 10-10,5 сағат, 11-13 жаста 9-9,5 сағат, 14-17 жаста 8-9 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз үйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары реттеледі, нерв клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұру ға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы уақыты нәтижелі пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушылары кешкі сағат 9-да, ортаңғы сынып оқушылары 10-да, жоғарғы сынып оқушылары 10-11-ден бастап үйықтағаны жөн.
Оқушының күн кестесінде тамақтану мерзіміне және тағамның қоректік қасиетіне көңіл аударылады. "Ас - адамның арқауы" демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуте болады. Ас қабылдау ұзақ тылығы 15-20 минөттен 20-30 минөтке дейін созылады.
Жалпы алғанда, оқушының күн кестесін қүрғанда күнделікті қайталанатын еңбек түрлеріне арналған уақыттан басқа 1-1,5 сағаттай уақытты бос қалдырған жөн. Бұл уақытты әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану , көркем әдебиетті оқу, кино-театрға бару, кездейсоқ шаруаға қатысу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет