4. Гомеостаз және организм қызметінің реттелуі. Қандай организм болмасын белгілі бір тіршілік ету жағдайын талап етеді. Ондай жағдайға даму процесінде бейімделеді. Организм клеткалардың тіршілік ету ортасы ішкі орта деп аталады. Организмнің ішкі ортасына клеткалар тікелей жанасатын қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы жатады. Ішкі ортаның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің тұрақтылығы гомеостаз деп аталады. Ол қан айналу, тыныс алу, асқорыту, зәр шығару және басқа да жүйелердің жұмысын тұрақты қолдап, биологиялық белсенді заттарды қанға бөлу нәтижесінде клеткалар мен организмдердің өзара қарым- қатынасын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |