Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет62/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

Жүректің құрылысы. Жүрек циклі.

Көкірек қуысының сол жағында төмендеу орналасқан. Пішіні конус тәрізді, салмағы-250-300г. 4 бөлімнен тұрады: 2 жүрекше мен 2 қарынша. Оң мен сол жағы ортасынан пердемен бөлінген. Жүрек 3 қабаттан: ішкі- эндокард, ортаңғы- миокард, сыртқы-эпикардтан тұрады. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары. Балаларда эпикард ересектерге қарағанда жұқа, мөлдір. Сондықтан астындағы қан тамырлары анық көрінеді. Эндокард- бұнда жүрек қақпақшалары орналасқан. Бала эндокарды іркілдек болады. Жүрек жақтаушыларының күшті қабаты миокард. Оның талшықтары балаларда өте жіңішке, нәзік. Әр жүрекше мен қарынша саңылау арқылы өзара байланысады. Олар жақтаулармен жабдықталған. Жүрек сол жағы 2 жақтаулы, оң жағы 3 жақтаулы. Жақтаушалар құлақшадан қарыншаларға ашылады, сіңір арқылы бекіген. Жүректен шығатын өкпе артериясы мен қолқаның тесіктерінде айшық қақпақшалары болады. Бұлар қанды кері өткізбеу қызметін атқарады.
7-12 жас аралығында балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдам өседі. 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек қан тамырларынан тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық жетілу кезінде жүрек қан тамырларынан жылдам өседі. Оқушылардың жүрегінің және қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуде ұйқы, тамақ, киім, гигиеналық ұйымдастырылуы аса зор маңызы бар.
Бала жасы өскен сайын жүрек камерасының қалқанша мен қарынша сыйымдылығы ұлғаяды. Бұл өсу алғашқы 7 жылда айрықша байқалады. Жаңа туған сәбиден 2,4мл, 7 жаста 23мл, 12 жаста 41мл, ересектерде 60мл тең.
Жүрек жұмысы- артерияға ырғақты қайталанып отыратын қан айдау- жүрек функциялық қызметі. Ол жүрек қалқаншалары мен қарыншаларының рет ретімен жиырылуы (систола) мен босаңсуының (диастола) арқасында орындалады. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастола және керісінше алмасып отыруы жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп аталады. Жүрек циклі 3 фазадан тұрады:

  1. Жүрек құлақшасының систоласы, бұл кезде қан жүрекшеден босаң қалыпта тұрған қарыншаға түседі (жүрекшенің жиырылуы)- 0,1сек созылады;

2- Қарынша систоласы, бұл кезде систола фазасындағы қан қарыншалардан қолқа мен өкпе артериясына айдалады, құлақшалар босаңсиды -0,3сек. созылады, бұл кезде жүрекшенің диастоласы басталады;

  1. Жалпы үзіліс- пауза, бұл кезде жүрек тыныш қалыпта болады. яғни жүректің жалпы босаңсуы, паузада жүрекшелер мен қарыншалар диастола күйінде болады.

Жүрек циклінің ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек, 12жас -0,75сек, ересектерде 0,8сек.
6-7 жасар бала жүрегі минутына 95-100рет, 12 жас 80-90рет, ересектер 68-70рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң, сол бөлігінен қан бірдей көлемде өтеді.
Жүрек адамның бүкіл өмірі бойы насос секілді жұмыс атқарып, қанды қан тамырлары системасына ығыстырады. Әрбір қарынша өзінің бір рет жиырылуында шамамен 70-80мл қан ығыстырып отырады. Бұл жүрек соғу көлемі. Ересектерде 1 минутта 70 рет, бала туғаннан кейін алғаш айларын 120-140рет, 1 жас соңында 100-130рет, 2-4 жас 80-120рет, 5-6 жас 80-110рет жиырылады. Содан кейін жүрек жиырылу қарқыны біраз төмендейді.
Жүректің 1 секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері –систоликалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Қарыншалар 1 минуттағы ығыстыратын қан мөлшерң немесе систоланың көлемі- жүректің минуттық көлемін құрайды. Ересектерде- 45см куб, жаңа туған сәбиде- 330см куб, 1 жас 1200 см куб, 5 жаста- 1800см куб, 10 жас- 2500 см куб, 15 жас -3160 см куб.
Тамыр соғуы- жүректің әрбір жиырылу кезінде артериялар қабырғасының ырғақты тербелісті айтамыз. Тамыр соғу жүрек соғуына сәйкес келеді. Жаңа туған сәби тамыры минутына- 130рет, 1 жас- 110-120рет, 7-10 жас- 85-90рет, 10-11 жас- 75-90рет, 12-13 жас -75-80рет, 15-17 жас -65-75рет, ересектерде- 68-70рет. Қыздар тамыры ұлдарға қарағанда 5-10 рет жиірек соғады. Тамыр соғуын иық, самай, ұйқы артерияларынан саусақпен ұстау арқылы байқаймыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет