Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке- жеке тоқталу. Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесімен таныстыру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар орындай алады: Оңтүстік Американың «Табиғат зоналары» картасымен жұмыс жасай алады.
Контур картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын түсіре алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оңтүстік Американың өсімдік дүниесі мен жануарлар дүниелерін ажырата біледі.
Анд тауларынан тараған мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталығы екендігін біледі.
Кейбір оқушылар орындай алады. Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін салыстыра отырып дәлелдейді.
Орталық Андының батыс беткейінде орманның жоқ болуының себептерін анықтай алады.