Сабақ мақсаттары Білімділік: Ақпараттық модельді құру теориялық білімдерін пысықтап,тексереді



бет2/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,56 Mb.
#18800
түріСабақ
1   2   3   4



Пәні: Информатика

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні: 23.01.2016

Мұғалімнің есімі: Қаймұханов Асыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Компьютерлік графиканың түрлері

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларды комьютерлік графика түрлерімен және оның классификациясымен таныстыру. Растрлық және векторлық кескін ұғымдарын, олардың ерекшеліктерін түсіндіру. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білімдерін анықтау 

Оқыту нәтижесі: 
• Тақырыпты түсінеді, талдайды. 
• Қосымша материалдармен жұмыс жасайды. 
• Компьютерлік графика түрлері : растрлық, векторлық, фрактальдық және оларды бір бірінен ажырату. 
Негізгі идея: АКТ арқылы сабақтың тақырыбын ашу. 

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Басталуы.

І. Ұйымдастыру 
• оқушылармен амандасу 
• оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 
• оқушылардың сабаққа назарын аудару 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
• Оқушыларға үйге презентация жасау «Егер де мен Қазақстан Республикасының президенті болсам» тақырыбында. 

Ортасы.

ІІІ. Жаңа сабақ. (Жаңа сабақты қысқаша оқушыларға түсіндіру) 
Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика, Web-графика, көркемдік графика және т.с.с. болып бөлінеді. 

Растрлық кескіндер дәл мозаика сияқты. тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минималь элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне (горизонталь және вертикаь (баған және жол) бойынша пиксель саны) және әрбір пиксель үшін берге болатын түстер (16,256 және одан да көп түстер) санына тәуелді. 
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескіндерді өрнектеу. Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы. Кескіндердің вкторлық өрнектелуі растрлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескнідердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады. 
Фрактальдық графика математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фрактальдарда детальды сипаттау жады талап етілмейді.,сондықтан ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фрактальдар көп қолданылмайды. фрактальдың аз бөлігі барлық фрактальдар туралы мәлімет береді. 
Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с. күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады. 

Аяқталуы.

ІҮ. Оқушыларға топқа тапсырма 
• Растрлық, векторлық графикалардың артықшылығы, кемшілігі. 
Ү. Практикалық жұмыс. 
(Оқушылар компьютермен жұмыстан бұрын қауіпсіздік ережесін қайталау ) 
• Растрлық кескіндерді редакциялау. 
ҮІ. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту. 
Бүгінгі сабақтан не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді? Таблицаға түсіру 
Білемін Білдім Білгім келеді 
ҮІ. Бағалау 
ҮІІІ. Рефлексия. (Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсері) 
ІХ. Үйге тапсырма: § 4.4 Фрактальдық графика Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысыКомпьютерлік графика түрлері

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?




Пәні: Информатика

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні: 13.02.2016

Мұғалімнің есімі: Қаймұханов Асыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Фигураларды салу

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларды комьютерлік графика түрлерімен және оның  классификациясымен таныстыру.  Растрлық және векторлық кескін   ұғымдарын, олардың ерекшеліктерін түсіндіру. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білімдерін анықтау.



Білімділік:     Оқушыларды  компьютерлік  графика ұғымымен таныстыра отырып,   графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін  қалыптастыру;

Дамытушылық:    Оқушылардың компьютерлік  графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы  теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды жан - жақты болуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану,  барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Пән аралық  байланыс: математика, бейнелеу.

Сабақтың типі:  Аралас  сабақ, практикум, жеке және топпен  жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, практикум, АКТ, СТО, Джигсо әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:   Оқулық, дәптер, компьютер, тапсырма қағаздары,   плакаттар, стикерлер, маркерлер.

Жоспар:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.



  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды  түгелдеу;

  • Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлу.

І топ –үшбұрыш

ІІ топ – квадрат

ІІІ топ -  зигзаг шығармашылық топ.


  • Психологиялық дайындық; (таңдалған фигуралары бойынша анықтама берілді).

  • Оқушылардың алдарына бағалау парақтары тапсырылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқушылардан өткен Power Point презентациясы тақырыбында информатикалық диктант  алу.

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Интербелсенді тақтадан  компьютерлік  графика туралы бейнеролик көрсету.

(Джигсо әдісі арқылы әр топқа мәлімет таратылды, мәліметті түсініп оқып, жұппен, топпен жұмыс жасау);  Оқушылардан тақтадан көрген бейнені талқылап, өз ойларын жинақтап, алған әсерлеріне «Компьютерлік графика»  сөзіне  ассосация құрады.



ІҮ. Практикалық жұмыс.

І топқа: «Үшбұрыш» тобы

Photoshop, Paint бағдарламаларын пайдалана отырып бірнеше өзгерістер  енгізіп, мәтін, түс т.б. бір кескінді жасап шығару.



ІІ топқа: «Квадрат» тобы

Camtasia Studio бағдарламасын пайдалана отырып, компьютердің экран бетімен жұмыс жасап, біреулерге нұсқау ретінде геометриялық фигураларды пайдаланып,  кейіпкердің суретін салу.

MS Word мәтіндік редакторын пайдаланып, алғыс хат, күнтізбе, винитка т.б. құрастыру.

ІІІ топқа: «Шығармашылық» тобы

AutoCollage бағдарламасын пайдаланып, оқушылар өздерінің  суреттерінен және гүлдердің суреттерінен коллаж жасап көрсету.



VІ. Сергіту сәті.

Оқушылар интербелсенді тақтадан жаттығуларды  қайталап, қолға, көзге жаттығу жасау, бойларын сергітіп би билеу.



VІІ. Сабақты бекіту. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау,  оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту.

ҮІІІ. Рефлексия. Тақтаға оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып жапсырады.

IV.Бағалау. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Жақсы қатысқан оқушыларға «5» деген баға қойылады. Үйге тапсырма беру.

«Фракталды графика»



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?




Пәні: Информатика

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні: 20.02.2016

Мұғалімнің есімі: Қаймұханов Асыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Компьютерлік графика.  Фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар.

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларды комьютерлік графика түрлерімен және оның  классификациясымен таныстыру.  Растрлық және векторлық кескін ұғымдарын, олардың ерекшеліктерін түсіндіру. Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау арқылы білімдерін анықтау.



Білімділік:     Оқушыларды  компьютерлік  графика ұғымымен таныстыра отырып,   графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін  қалыптастыру;

Дамытушылық:    Оқушылардың компьютерлік  графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы  теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды жан - жақты болуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану,  барысында жүйелілікке тәрбиелеу;

Пән аралық  байланыс: математика, бейнелеу.

Сабақтың типі:  Аралас  сабақ, практикум, жеке және топпен  жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, практикум, АКТ, СТО, Джигсо әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:   Оқулық, дәптер, компьютер, интербелсенді тақта, тапсырма қағаздары,   плакаттар, стикерлер, маркерлер.



Жоспар

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.



  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды  түгелдеу;

  • Оқушылардың көңіл-күйін сұрап, геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлу.

І топ –үшбұрыш

ІІ топ – квадрат

ІІІ топ -  зигзаг шығармашылық топ.


  • Психологиялық дайындық; (таңдалған фигуралары бойынша анықтама берілді).

  • Оқушылардың алдарына бағалау парақтары тапсырылады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Оқушылардан өткен Power Point презентациясы тақырыбында информатикалық диктант  алу.

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Интербелсенді тақтадан  компьютерлік  графика туралы бейнеролик көрсету.

(Джигсо әдісі арқылы әр топқа мәлімет таратылды, мәліметті түсініп оқып, жұппен, топпен жұмыс жасау);  Оқушылардан тақтадан көрген бейнені талқылап, өз ойларын жинақтап, алған әсерлеріне «Компьютерлік графика»  сөзіне  ассосация құрады.



ІҮ. Практикалық жұмыс.

І топқа: «Үшбұрыш» тобы

Photoshop, Paint бағдарламаларын пайдалана отырып бірнеше өзгерістер  енгізіп, мәтін, түс т.б. бір кескінді жасап шығару.



ІІ топқа: «Квадрат» тобы

Camtasia Studio бағдарламасын пайдалана отырып, компьютердің экран бетімен жұмыс жасап, біреулерге нұсқау ретінде геометриялық фигураларды пайдаланып,  кейіпкердің суретін салу.

MS Word мәтіндік редакторын пайдаланып, алғыс хат, күнтізбе, винитка т.б. құрастыру.

ІІІ топқа: «Шығармашылық» тобы

AutoCollage бағдарламасын пайдаланып, оқушылар өздерінің  суреттерінен және гүлдердің суреттерінен коллаж жасап көрсету.



VІ. Сергіту сәті.

Оқушылар интербелсенді тақтадан жаттығуларды  қайталап, қолға, көзге жаттығу жасау, бойларын сергітіп би билеу.



VІІ. Сабақты бекіту. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау,  оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту.

ҮІІІ. Рефлексия. Тақтаға оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып жапсырады.

IV.Бағалау. Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Жақсы қатысқан оқушыларға «5» деген баға қойылады. Үйге тапсырма беру.

«Фракталды графика»




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?




Пәні: Информатика

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні: 19.03.2016

Мұғалімнің есімі: Қаймұханов Асыл

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Растрлық графиканы өңдеу редакторы

Сабақ мақсаттары:

1. Компьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру
2. жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум, баяндау арқылы түсіндіру.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Көрнекіліктер:: Компьютер, оқулық,, практикум, тақта.
Міндеттері: 1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
РАСТРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР (НЕМЕСЕ БИТ КАРТА - BITMAP) ДЕГЕНІМІЗ – ТҮРЛІ ТҮСТІ НҮКТЕЛЕРДІҢ(ПИКСЕЛЬДЕРДІҢ) ЖИЫНТЫҒЫ.
Растрлық бейнелердің айтарлықтай кемшілігі бар, айталық, ол шығару құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешуші қабілетін өзгерткенде, бұрмаланып кетеді. Үлкен өлшемді растрлық бейнелер (фотосуреттер, т. б.) құжаттар мен презентацияларда фон ретінде, сонымен бірге иллюстрация түрінде пайдаланады. Оларды дайындауда бастапқы материал болып сканерден алынған немесе кітапханадан компакт - дискімен келген бейнелер қызмет етеді.
Фотосуреттерде де растрлық кескін сияқты сақталады. Егер машиналарыңа сканер қосылған болса, онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып, оларды дискіде растрлық кескін түрінде мақтауға болады. Сканер суретті «суретке түсіреді»де, оны «цифрланған»нүктелер жиыны түрінде көрсетеді. Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз.
Ақ - қара фотосуреттер, әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда, сапасын жақсы сақтап сканерленеді.
Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуіне, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаған жағдайда ішінара алып тастауға немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын әдісімен(бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгерткенде, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан)
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, соғұрлым үлкен болады.)
Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есептеулерге негізделген.
Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын.
Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулері жасалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.
Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика. Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, эксперимент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т. с. с түрінде қолданылады. Білім беруде - мультимедиалық программалық құралдарда.
Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді - міне, осы объектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график, диаграмма ) жасалады.
Көркемдік және жарнамалық графика. Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейнесабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.
Компьютерлік графика түрлерінің бірі Мультимедиа болып табылады, ол дыбысты, музыканы, мәтінді, бейне мен анимацияны(қозғалатын объектілер) қарастырып үйлестіреді. Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.

ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Түстер. Салу құралдары

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет