Орта деңгей оқушысы Әйгерім топ ішінде белсенділік танытты. Топ ішінде баяндамашының ролін алды. Тақырыпты талдау кезінде белсенділік танытты. Сұрақтарды жиі қойып отырды.
Төменгі деңгей оқушысы Аблайхан топ ішінде жұмыс кезінде қасындағылардан көмек сұрап отырды. Оқығанын талдау кезінде пікір айтуда белсенділік танытпады. Постер қорғағанда жетекші сұрақтар арқылы ғана сұраққа жауап беруге тырысты. Өте көңіл бөліп жеке жұмыс істегенді талап ететін оқушы.
Сабақ аяғында оқушылар стикерге не ұнағанын, алған әсерін жазды және сабақтан соң пікірлерін тыңдадым. Оқушыларға топпен жұмыс жасағаны, Жигсо әдісі бойынша оқушылардың барлығы қамтылғаны, постер жасағаны және оны қорғағаны, тақырыпты өздері оқып түсінгендеріне риза болды. Оқушылар жұптық жұмыс істей отырып, материалдан өзіне ұнаған үзінділерін бір-біріне оқып беруді талап еттім. Ол оқушылардың қажетті материалды есте сақтап қалуына ықпал етеді деп ойлаймын.
Сабағымның кемшілігі уақыт жетпей қалды. Қоңыраудан 5 минут алдым. Кабинет тар, оқушының көптігі де зиянын тигізді деп ойлаймын. Топтың шағын адам болғаны пайдалы екен.
Достарыңызбен бөлісу: |