Сабақ. Математика 3 сынып. «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі»кмм 2016-2017 оқу жылы
Дата 10.06.2017 өлшемі 9,08 Kb. #18425 түрі Сабақ
Ашық сабақ. Математика 3 сынып. «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ Мақсаты: 1)Оқушылардың қосу және азайту туралыалған білімдерін қалыптастыру. 2)Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін , зейінін дамыту. 3)Топта бірін- бірі сыйлауға тәрбиелеу. Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Табыс тілеп көзбенен Сана,білім алға, Алға қадам бастаймыз. Топ ережесін еске түсіру. 1) Бір -бірімізді тыңдаймыз. 2) Уақытты үнемдейміз. 3) Маңызды нәрселерді ғана айтамыз. 4) Тәртіпті сақтаймыз. 5) Топта достық қарым-қатынас орнату. Қосындының және айырманың мәндерін тап: 234+625= 459+356= 859-234= 844-459= 214+429= 247+563= 643-214= 810-147= Сенбіде балалар саябағына 427 адам, ал жексенбіде сенбіге қарағанда 153 адам артық келді.Демалыс күндері балалар саябағына неше адам келді? Театр кассаларында балалар қойылымына 60 билет және үлкендер қойылымына 30 билет сатылды.Билеттерді 3 мектеп тең бөліп сатып алды. Әр мектеп неше билет алды? Палетканың көмегімен фигураның ауданын табу. 6 * 5- 16 : 2 * 3 + 49 = 32 : 8 * 4 + 48 : 6 : 2 * 5 = Шөпте қояндар тығылып отыр ,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса , онда оның массасы қандай болады? Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? Бір адам қалаға бара жатыр еді , жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? 10 және 60 сандарының қосындысына 8–ді қос. 70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасын қосу 65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт. 90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос. Бағалау. Үй тапсырмасы: 7мысал. Достарыңызбен бөлісу: