Не түсіндіңдер, балалар?
Әлемді сандарсыз елестету мүмкін бе екен?
Иә, балалар, бізді жан-жақты сандар қоршап тұр. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сан арқылы санап қана қоймаймыз. Сандарсыз біз уақытты да күнді де белгілей алмас едік.
Ендеше, бүгін қай күн, кезекшілер?
2013 жылдың, ақпан айының 15-жұлдызы. Аптаның 5-күні.
Сабақта кім жоқ?
Сыныпта барлығы 16 оқушы, бәрі түгел.
Бүгін біз сіздермен
« 5-кімге бұйырады?» деген интеллектуалдық ойын ойнаймыз.
Ойын барысында «Қосындыны санға бөлу» тақырыбына байланысты тапсырмалар орындалады. Сіздерді ойнай отырып, ойлануға шақырамын.
Алға қойған мақсатымыз:
Қосындыны санға бөлудегі қолайлы әдіс- тәсілдерді үйрену.
Ауызша және жазбаша есептеу.
Ойнай отырып, ойлану.
Өзара бәсекелестік нәтижесінде көздеген мақсатқа жету.
Достарыңызбен бөлісу: |