Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ
Құндылықтар Денсаулық: партада дұрыс отырып, көзді дұрыс қашықтықта орналастыруын қадағалау, көз жаттығуларын орындату -3 және 7 сабақтарда.
Жауапкершілік: жеке, топта, жұпта жұмыс жасау кезінде өз ісіне, сабаққа дайындығына жауапкершілікке баулу
Төмендегі қосымшада әр түрлі қиындықта келтірілген тапсырмаларды ұсынамын
Алдын ала дайындалған тапсырмалар мен сұрақтарды, бағалау критерийлері мен бағалау парақтарын пайдалану арқылы; оқушыларды өзін өзі бағалау және өзара бағалауы арқылы тексеремін және бағалаймын
АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша сайттармен жұмыс жасай алады
Ой толғау Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқыту мақсаттары бағдарлама мен оқу жоспарына сай; оқушылар бүгінгі сабақта күнделікті өмірдегі «жұмыс» және «механикалық жұмыс» терминдерінің арасында қандай айырмашылық бар екенін, механикалық жұмысқа анықтама беруді, жұмыс жасалуы үшін қажеті шарттарды, жұмыстың ХБЖ-дег өлшем бірліктерін ажыратуды және түрлендіруді; механикалық жұмыстың формуласын қолданып есеп шығаруды үйренді. Осының барлығы олар өздерінінің әрекетіне рефлексия жасауда, өздерін, бірін бірі бағалау кезінде және сабақты қорытырндылауда көрініс тапты.
Мен өз уақытымды біршама ұтымды пайдаландым, себебі, сабақта оқушылар меңгеруге тиісті мәселелердің барлығы қарастырылды, жоспарлаған шаралар жүзеге асты, тапсырмаларды орындауға, рефлексия мен бағалауға уақыт жетті. Дегенмен, үйге тапсырма беруге уақыт тығыз болып қалды, сол себепті, үй тапсырмасы еш комментарийсыз берілді
Қорытынды Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1: http://Bilimland.kz –Қазақстан сайтындағы материалдарды пайдалану уақытты үнемдеуге көмектесті
2: Оқушыларға алдымен проблемалық сұрақтар қою арқылы өздерінің ойларын тыңдай оытырып, жаңа тақырыпты өздері меңгеруге жағдай туғызу
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?
1: оқушылардың математика пәнінен олқылықтары болмағанда есеп шығаруға көбірек уақыт бөлінуші еді
2:Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?
1: Осының алдында сабаққа дайындықсыз келіп жүрген «Ә» деген оқушының сабаққа дайындығы, сабақтағы белсенділігінің артқаны байқалды; кейбір оқушылар әлі күнге ХБЖ-дегі негізгі бірліктерді шатастыратынын, кейбір оқушыларда математикалық амалдарды орындауда қателесулер кездесетінін байқадым
2: келесі сабақтарда оқушылардың кейбіреулерінен жоғарыда бақылаған/байқаған жағдайлар бойынша жұмыстар жүргізуім қажет болады