Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық әзірлік
Сәлем бердім халқыма
Сәлем бердім жалпыға
Сәлем беру пір еді
Ата-дәстүр салтына
ІІ Өткен сабақты еске түсіру.
Балалар біз Сауат ашу сабағынан көптеген әріптермен таныстық.
Әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
І тапсырма.Ойын: «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қосу.Алмұрт-А, шар-Ш, піл-П, радио-Р, нан-Н, уық-У, лақ-Л, тарақ-Т, йогурт-Й, ғарышкер-Ғ т.с.с
Сергіту сәті. Ойыншықтар.
ІІІ Жаңа сабақ.
Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды.
-Бұлар нелер?
-Жабайы аңдар
-Олар қайда өмір сүреді?
-Орманда
-«Орман» сөзі қандай дыбыстан басталады?
-О дыбысынан
-Ендеше біз бүгін О дыбысымен танысамыз.
О дыбысы қандай дыбыс? Дауысты
Дыбысты айтып көріп, дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз созып айтамыз.
-Енді ертегіге қайта оралайық. Енді бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін, жабайы аңдардың тапсырмаларын орындайық. Сол арқылы
О дыбысымен танысамыз.
Қоянның тапсырмасы.
«Не артық» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық екенін атайды. Алма артық, қалғанын ойыншықтар деп атаймыз. Ойыншық деген сөз О дыбысынан басталады.
О дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
Дөңгелекке, допқа, нанға
Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны.
О дыбысының орнын табу.
О дыбысы сөздің басында, ортасында, сөздің соңында кездеседі. Орындық, орамал, ою-сөздің басында
Доп, моншақ, домбыра-сөз ортасында
Кресло, пальто-сөздің аяғында
Сөздерді буынға бөлу.
Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс. О әрпін жазу.
Ауада жазып, қол жаттықтыру, дәптерге жазу.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Түлкінің тапсырмасы.
Отан, тоғай, тон сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Бауырсақпен бірге мына буындарды оқиық:
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на
Аңдар сендерге риза болып, алғысын білдіріп, өздерінің сендерге арнаған сыйлықтарын тапсырғысы келіп тұр.
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қосу
Қорытынды. Сұрақ-жауап:
-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-О дыбысы қандай дыбыс екен?
Әріп таңбасы неге ұқсас?
-О дыбысына байланысты сөздер айту.
Отан тақырыбына сурет салу.
|