Сыныптан тыс сабақ
Мұғалімнің аты-жөні: Лесхан А.Б.
Іс-шараның тақырыбы: «Білгір химик»
Мақсаты:
• Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық есептерді шығару қабілетін бақылау
• Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту
• Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Типі:білімдік шара
Түрі:сайыс
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар.
Барысы:
I. Таныстыру (ұран)
II. Бәйге. ( сұрақ-жауап)
III. Сиқырлы ұяшықтар
IV. Көкпар (есеп шығару)
V. Қызықты 7 сұрақ
VI. Ертегілер елінде
«Білгір химик»сайысы.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 -10 сыныптар арасында өткізілгелі отырған«Білгір химиктер»сайысына қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.
1.
2
3
Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Білгір химиктер сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:
I. Таныстыру (ұран)
II. Бәйге. ( сұрақ-жауап)
III. Сиқырлы ұяшықтар
IV. Көкпар (есеп шығару)
V. Қызықты 7 сұрақ
VI. Ертегілер елінде
Жүргізуші: Өз тобын таныстыру үшін дайын топты ортаға шақырамын
Ең қиын жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.
Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп зымыранды сұрақтарға кезек береміз.Бұл турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |