Сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласыда шет қала алмайды



Дата02.03.2023
өлшемі14,44 Kb.
#170815
түріСабақ
Байланысты:
Айс рк эссе


РК 2

Эсссе
«Білімнің бастауы – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы» екені баршамызға белгілі. Қай кезде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.


Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін өзінің ұстаздық ғұмырын арнайтын мамандар ғана сапалы да, жемісті еңбек ете алады деп ойлаймын.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген


ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес мектеп оқушылары бүгінгі заманда және келешекте қол жетімді табысқа жетуі үшін, бұрынғыдан да анағұрлым дағдыларды меңгеруін қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі өзгерістердің бірі-жаңартылған білім беру мазмұнына көшу болып табылады және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.


Сабақ — мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден білім беру саласыда шет қала алмайды.


Осыған байланысты бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлес қосқан.


Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.


Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет