Ашық сабақ музыка пәнінен 5 сынып
Пән мұғалімі Касенова Ардак Борашевна
Сабақтың тақырыбы : «Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева»
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Әнші Роза Рымбаева туралы ,оның өнердегі орны туралы
оқушыларға мағлұмат беру.Аты аңызға айналып,ерлік істері
барша ұлтты таң қалдырып , есімі тарих беттерінде алтын
әріппен өрнектелген ерліктерін мәңгі алауын жаққан қазақтың
батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы
Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа
С.Бәйтерековтың «Әлия»әні арқылы үлгі етіп,өнеге ету.
Тәрбиелік :Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке ,ерлікке
,адалдыққа баулу .Ұлттық патриоттық сезімін
қалыптастыру;елін,жерін қорғауға,бейбітшілікті нығайтуға
тәрбиелеу.
Дамытушылығы : Музыкалық қабілеттерін ашу,есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
Түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап,әңгімелеу,ой шақыру , ой қозғау ,РАФТ
Көрнекілігі :слайдтар,бейнеролик.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу . Үлкендерге Сіз
Кішілерге біз
Әдеппен бас иіп
Сәлем бердік біз !
2. Сабақтың ұраны : «Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.»
3. Шаттық шеңбері . Ортаға дөңгеленіп тұрады.
«Отан»сөзін айтқан кезде қандай сезімде боласыңдар ?
/ОҚУШЫЛАР ЖАУАБЫ/
Сендердің осындай ойларыңа менде риза болып тұрмын. Осы елімізге деген сүйіспеншілігімізді үй тапсырмасымен жалғасақ.
Оқушыларды топқа бөлу.І-топ «ДО» ІІ –топ-«РЕ», ІІІ-топ- «МИ»
«АҚМАҢДАЙЛЫМДЫ » әуелеткен Роза Бағланова
«ӨНЕРІН ӨНЕГЕ ЕТКЕН»Нұрғиса Тілшендиев
«ЖАС ҚАЗАҚ»деп жырлаған Рамазан Елебаев
«ТУҒАН ЖЕРДІ ӘНГЕ ҚОСҚАН»Ескендір Хасанғалиев
«АРМАНДАСТАР»әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов
СЫРЛЫ ӘНДЕРМЕН СЫР ЖЕРТКЕН Алтынбек Қоразбаев
ІІ. Үй тапсырмасы .1. «Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев»
2. Ән. «Көк тудың желбірегені»
3. Шығармашылық тапсырма
Сабақты қорытындылау .
-А.Қоразбаев өнер жолына қалай түседі ?
-Композитордың ерекшелігі неде ?
- «Сағындым Алматымды»әні дүниеге қалай келеді ?
-А.Қоразбаевтың тағы қандай әндерін білесің ?
ІІІ. Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол»жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз –Мәңгілік Елді басты бағдар етіп ,тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық .Осы Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп , аянбай тер төгуіміз керек деген болатын.»
Осындай жарқын өмір бізге қалай келді ? Қалай ойлайсыңдар ?
/оқушылар жауабы/
Осы ата-бабаларымыздың білектің күшімен,найзаның ұшымен алып берген.Отан үшін шайқасып,қанын төккен батырларымыздың арқасында келген Нұрлы жолда тәуелсіздігімізді ,туған жерімізді,бірлігімізді ,қорғайтын сендерсіңдер . Ол үшін сабағымызды жақсы оқып,білімді болуымыз керек.
Осы отанымыз үшін жанын қиып,бізді жарқын өмірге жеткізген кім деген батыр апаларымызды білесіңдер ?
/СЛАЙДТАН СУРЕТІ КӨРСЕТІЛЕДІ/
І Ү. Жаңа сабақ. «Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева»
Оқушылар өзі ашады. Топқа тапсырма. І –ІІІ топ.
Көшпелі өмір салтын құрған қазақ халқы қай заманда болмасын баласын аттың үстінде ,жазық даланың төсінде тәрбиелеген емес пе ? Дала заңына бағынған дарқан көңіл ата-бабаларымыз қызы мен ұлын бірінен-бірін бөлмей,еркін тәрбие-леп өсірген.Сол себепті болар,ұлан-байтақ қазақ даласын жаудан қорғаған ержүрек батырлар ана құрсағында тәрбиеленіп,халықтың мәңгілік жадында сақталар ұлы мен қызына айналып отырды. Иә,халқымызда небір даналар мен ойшылдар , өнегелі жыраулар,елдің еркесі сал-серілер мен ақындар , жаужүрек ерлер болды.
Біз қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова мен оның батырлығын жыр еткен композитор Сейдолла Бәйтереков туралы айтпақпыз. Композитор С.Бәйтереков елі мен жерін сүйген нағыз патриот адам болған.Оның «Әлия» әнінің дүниеге келуінің өзі жайдан-жай емес.
1975 жылы Ұлы Отан соғысының 30 жылдық мерекесі тойланады.
Композиторды осы үлкен тарихи оқиға толғантпай қоймайды. С.Бәйтерековке қан майданда қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің ерлігіне арнап бір ән шығармақ ой келеді.Арада бір жыл өтеді. 1976 жылы Бәкір Тәжібаевтың өлеңдер жинағы қолына түседі. Өзі іштей толғанып жүрген Сейдолла сол жинақтың ішінен батыр қыз Әлияға арналған өлеңді көреді. 19 жасар жас қыздың ерлігіне таңғала отырып, көзіне жас алады.Өзінің ішкі үніне өлеңнің мазмұны да сай келеді.Ақын Бәкір Тәжібаевпен келісе отырып,өзінің ойында жүрген әуенге лайықтап «Әлия»әнін шығарды.
Ол кездері жас әнші Роза Рымбаеваны халық әлі тани қоймаған еді. «Гүлдер» ансамблінің жетекшісі Тасқын Оқапов «Әлия»әнін Роза Рымбаеваға ұсынады. Сөйтіп,осы әннің бағын сынамақ үшін Роза
Рымбаеваны Мәскеуде өткен Бүкілодақтық әншілер сайысына жібереді. Қазақ қызының ерлігін паш еткен ән жеңіске жетеді. 19 жасар батыр қыздың өзі айтып тұрғандай бұл ән өте әсерлі шығады. «Әлия»әнінің жеңісі мұнымен тоқтамайды. 1977 жылы «Әлия»әнімен Р.Рымбаева Болгарияда өткен халықаралық «Алтын Орфей»атты әншілер сайысында бас жүлдені иеленді. Қазақтың батыр қызы Әлияның ерлігі әнші Роза Рымбаеваны өнер майданында да жеңіске жеткізеді. Сөйтіп,композитор Сейдолла Бәйтереков пен халқымыздың сүйікті әншісі Роза Рымбаева мыңдаған ұлттың ішінен жарып шығып,қан майданда ерлікпен қаза тапқан қазақтың қызы Әлия Молдағұлованың ерлігін әлемге тағы бір паш етеді.
Ү. «Әлия» әнін тыңдау.
Бейнебаян. Р.Рымбаеваның 1977 жылы орындаған бейнетаспадан тыңдайық. Мұқият тыңдап отырыңдар. Қандай ән?Қалай орындалатындығы туралы айтасыздар .
/Оқушылар жауабы/ Ән патриоттық рух пен ұлттық құндылықты оятады. Тарихқа тағзым,ерлікті ұлықтайтын әсем ән. «Әлия» әні көптеген жас әншілердің ән қоржынынан табылғанменен,халық жадында ол халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында мәңгі қалатиыны сөзсіз. «Әлия»әні халық қазынасына айналған,орны ерекше шығарма болып қала бермек.Шоқтай жарық шолпан жұлдыздай болған Әлия туған жердің төсінде мәңгілікке қалары сөзсіз.
ҮІ. Біліп ал ! Сейдолла Бәйтереков (1945-1998)- композитор. Шымкент облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. С.Бәйтерековтің кино және мультфильмдерге,театр спектакльдеріне ,хорға арналған шығармалары бар. Ол Қадыр Мыра Әли,Тұманбай Молдағалиев,Шөмішбай Сариев сынды көптеген ақындардың өлеңдеріне әндер жазған. С.Бәйтерековтің «Әлия» , «Жан досым» , «Өмір-өмір» , «Дос туралы жыр»,
«Күнге табыну» , «Түркістан», «Кентау» , «Аралдан ұшқан аққулар» , «Ақ тілек» т.б. әндері бар. С.Бәйтерековтің әндері Р.Рымбаева, Е.Хасанғалиев,Е.Серкебаев т.б әншілердің ән қорынан орын алған.
Бәкір Тәжібаев (1926-1994) Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.Ақын,драматург,әнші,сазгер. Бірнеше жыр жинақтарының,кең тараған әндер мен ән мәтіндерінің,драмалық шығармалардың авторы. «Жас дәурен» , «Ақбұлақ» , «Әппағым-ау,Әппағым» , «Гүлсің-ау»әндері бар.
ҮІІ. Білесің бе ? Р.Рымбаева (1957 ж.т.) – әнші. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында дүниеге келген.Қазақстанның халық әртісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Әнші халық әндері мен қазіргі заман компози- торларының әндерін орындайды. 1977 жылы Болгарияда өткен эстрада әртістерінің дәстүрлі халықаралық байқауына Қазақ елінен тұңғыш рет қатысып,бас бәйге «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алған.Гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Германия,Куба,Польша, Чехословакия,Ауғанстан,АҚШ,Франция , т.б шет мемлекеттерде қазақ әнін паш еткен.Өнердегі еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталған.
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма .
ІХ. Мақалды жалғастыр. 3. Отансыз адам-ормансыз бұлбұл
Ел үмітін ер ақтар, 4.Отан үшін күрес-ерге тиген үлес.
Ер атағын ел сақтар. 5.Батыр елі үшін туады,елі үшін өледі.
Батыр туса ел ырысы 6.Отан-елдің анасы.
Жаңбыр жауса жер ырысы. Ел-ердің анасы.
Х. «РАФТ» стратегиясы. Бейнебаян «Мергендер»кинофильм көрсету.
1. Әлияға хат.
Р-роль-оқушылар
А-аудитория-Әлия
Ф-форма-хат
Т-тақырыбы- «Біз сізді ұмытпаймыз !»
Әлияның оқушыларға жазған хаты.
Р-роль-Әлия
А-аудитория-оқушылар
Ф-форма-хат
Т-тақырыбы- «Отанды сүйер ержүрек ұлан болыңдар !»
ХІ . Ән шырқайық ! Әні мен сөзі Б.Бейсенова
«Шығыстың қос жұлдызы»
ХІІ. Міне,оқушылар біз бүгін кімдер туралы айттық ?
Біз оларды текке айтып жатқан жоқпыз. 2015 жылы мерейтойы өтті.
Ә.Молдағұлова апамыз 90 жасқа толды.С.Бәйтереков ағамыз 70
жасқа,Әлия әнінің шырқалғанына 41 жыл және Жеңіске жеткенімізге 72
жыл толып отыр. Ауылымызда соғысқа қатысқан ардагер аталарымызға
«Ер есімі-ел есінде»атты ескерткіш тақта қойылған. Мәңгілік тағзым ету
біздің борышымыз.
ХІІІ.Рефлексия. Сабақты қорытындылау.
Бүгін елімізді қорғайтын ұландарымыз ерлеріміз сендерсіңдер.Олай болса
Отанымызға,елімізге сендердің тілектерің қандай ?
/оқушылар жауабы/
ХІҮ. «Батырларға ұқсап өссең жас ұлан, Бақытыңа жете аласың әрқашан !»
бойларыңыздағы патриоттық сезімдеріңіз жалындай берсін жас ұрпақ.
«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз,біздің өзімізде,біздің бабаларымызда осы жерді мекен етеді.Егер біз бой көрсеткен әрбір талшықты мәпелеп өсіріп отырмасақ,онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас еді.» Н.Ә.Назарбаев
ХҮ. Үйге тапсырма : 1. «Шығыстың қос жұлдызы»жаттау
2. «Мен елімді сүйемін !»эссе жазу.
3. Тоқсандық тапсырмаларға дайындалу (ауызша)
ХҮІ. Бағалау. Топ басшылары. Алған әсерлерін стикермен бес
сызыққа орналастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |