Сабақ : Қазақ әдебиеті
|
Мектеп:
|
|
Күні: 26.02.20
|
Мұғалімнің есімі:
|
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
|
Мәтіннің мазмұны немесе тақырыбы бойынша болжау және ақын өмірімен танысу.
|
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
|
А. Көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық- тақырыптық негізін, ой-астарын түсінеді
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
В. Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру
|
|
Кейбір оқушылар:
|
|
С. Ақын шығармасындағы оқиғалар негізінде оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерінің көзін аша отырып іскерлікке тәрбиелеу
|
|
Бағалау критерийі
|
Мәтінді түсініп мазмұндай алады. Поэманы талдай біледі
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Адамгершілікке, сүйіспеншілікке баулу, оқушыларды құрмет көрсетуге тәрбиелеу
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта атқарылатын іс-әрекеттер
|
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
1.Кіріспе. Таныстырылым (7 мин)
-студенттердің сабаққа қатысын тексеріп, зейінін өзіне аудару;
-оқулық өзге де құралдар толықтығына көз жеткізу;
-аудиторияда жағымды көңіл-күй туғызу;
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Үй тапсырмасын бекіту
|
|
|
Ортасы
|
Негізгі бөлім
Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс) (27 мин)
Сабақты «Блум таксономиясы» әдісі арқылы өткізу
Мақсаттары:
Білу.
Түсіну.
Қолдану.
Талдау.
Жинақтау.
Бағалау.
1топ Білу мақсаты бойынша МағжанЖұмабаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы постер қорғау
2 топ Түсіну. «Сюжеттік кесте» әдісі арқылы студенттер көркем шығарманы оқи отырып кесте толтырады.
Оқиғаның орны, уақыты
|
Кейіпкерлері
|
Оқиғада не болды
|
Мәселе
|
Жасайтын әрекеттерінің салдары
|
3 топ Қолдану. «Өз ұстанымыңды айқында» әдісі арқылы поэманы оқып болғаннан соң, оқыған нәрсені талқылау. Сыныптың қабырғаларына «Қолдаймын», «Қарсымын», «Мен үшін бұл қиын сұрақ» деген плакаттар ілінеді. Қатысушылар пікірталас сұрағы бойынша өз ұстанымдарын анықтайды.
4.Талдау.
Қорқыт поэмасын сюжеттік құрылысына қарай талдау
Оқиғаның басталуы: Табиғаттың бейнеленуі. Алтай мен алаш елі туралы,
Оқиғаның дамуы: Қорқыттың Күншығысқа аттануы.
Оқиғаның байланысуы: Батсықа қарай бет бұруы.
Оқиғаның шиеленісуі: Қорқыттың күңіреніп Алтайға қарай жол тартуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қорқыт қарағайдан қобыз жасауы, мұңын шертіп, өліммен күресуі,
Оқиғаның шешімі:Қорқыттың дүниеден өтуі.
5.Жинақтау. «Конверттік сұрақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Әр топқа немесе әр оқушыға конверт дайындап, поэма желісіне сәйкес сұрақ дайындап конвертке салу. Оқушылар стикерге есімдерін жазып, сұрақтарға жауап береді және жауабы келесі оқушыға жіберіледі. Кейін барлық жауапты бір конвертке салып, оларды оқиды және жауаптың қаншалықты дұрыс екендігін анықтайды. Сұрақтары:
«Қорқыт» поэмасы қандай мақсатта жазылған?
Бұл поэма өмір мен өлім тақырыбына жазылған шығарма.
Қорқыт поэмасындағы философиялық маңызы бар сюжеттің бірі ата.
Қорқыттың өліммен күресуі, оған көп заман жолықпай дауа іздеуі.
Қорқыт несімен мәңгілік болды?
Қорқыт өзінің қобызымен мәңгілік ел, жұртқа асыл мұра болып есте қалды.
6.Жаңа сабақты бекіту.
«Бір сөйлем ішінде барлығын айтып беру» әдісі арқылы оқушылар алған білімдерін саралап, қорытындылайды.
|
|
|
|
|
|
|
Аяқталуы
|
Рефлексия: «плюс,минус. қызықты» әдісімен үш кестені толтырып
«+»- бағанына сабақта ұнағанын
«-»- бағанына сабақта ұнамағанын
«қызықты»-оқушының әуесқой деректерән жазу.
«Алақан» әдісі арқылы
Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!
Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.
Ортаңғы бармақ– маған ұнаған жоқ.
Төртінші бармақ – бұл жерде орта...
Кішкентай бармақ– маған жеткіліксіз болды...
Үйге тапсырма:
|
|
Сөздер жазылған карточкалар
Парақшалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |