Сабақ негізделген оқу мақсаттары Әдеби шығарманың композициясын анықтау А/И1 Шығарма үзінділерімен жұмыс жасау Т/Ж4


ІІІ топ: 1.Үзіндіде қай кейіпкердің сөзі берілген?



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#118547
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
сабақ жоспары

ІІІ топ: 1.Үзіндіде қай кейіпкердің сөзі берілген?
«Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ,
О да бір саған туған жұрт болмай ма?»
а) Абылайдың Қанай биге ә) Қалмақ қызының Баянға
б) Ноянның Баянға в) Құралайдың Ноянға
2. Үзінді кімге қатысты айтылған?
«Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа ештеңе жоқ боп кетті»
а) Ноянға ә) Абылайға б) Баянға в) Қанайға
3.Қай кезге қатысты айтылған?
«Сол уақыт мезгіл екен дәл таң алды»
а) Баянның жауға шабар кезі
ә) Абылай ханның кеңес құруы
б) Ноянның қалмаққа аттанар алды
в) Қалмақ қызынын Ноянның көруі
4. Үзіндідегі көркемдегіш тәсілді табыңыз.
«Бір күлді балдырғандай Ноян бала,
Ашылған шешек жарып гүлдей жаңа»
а) метафора ә) анафора б) теңеу в) эпитет
5. Үзіндіні жалғастырыңыз:
«Оқ тиіп жүрегінен құлап түсті
Атынан бүктетілі...»
а) бөбек Ноян ә) қалмақ қызы б) батыр Баян в) хан Абылай














Жаңа білім
10 минут



Қолдану: “Батыр Баян” поэмасы – тарихи шындық! Сондықтан осы тарих негізінде қазақ әдебиеті де, мәдениеті де жаңа туындымен толықты. Тек дастан ретінде жарыққа шығып қана қоймай, пьесса ретінде сахналанып, отандық өнім ретінде фильм түсірілді. Ал енді біз қазір сіздермен тарихи тұлғалар мен дастан кейіпкерлерінің образдарын салыстырып көрейік. Ол үшін біз әдеби образдармен танысайық!
Көркем бейне – адамның бой-тұлғасындағы, кескін-кейпіндегі, жүріс-тұрысындағы, қимыл-әрекетіндегі, ойлау-сөйлеу әдетіндегі өзгеше сипат белгілерді нақтылы суреттеу арқылы жазушының типтік қасиеттердің, яғни қоғамдық жағдай туғызған, басқаларға ортақ, жалпылық мәні бар ерекшеліктердің айқын танылуы. Жасалу тәсілдеріне қарай образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, тағы басқа да бейнелер
болып бөлінеді.
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, өмірде болмаған, тек адамның ақиқатқа ұқсас арманында ғана бедерленген бейне.
Трагедиялық образ – ескі мен жаңа, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрес, бітпес тартыс, қайшылықты, азапты жайларды терең және шебер жинақтаудан туған образ. Юмор мен сатирада күлкілі жайлар ажуа, мысқыл, кескін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады.
Қаһармандық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың шоғыры секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Юмор – өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі болса, юморлық образ – сол юморлық шығармалардың кейіпкері, күлкілі бейне.
Сатира өмірдегі келеңсіз құбылыстарды (қулық пен сұмдық, мансапқорлық пен екіжүзділік, алааяқтылық т.б.) әшкерелеп сықақ етеді, мысқылмен түйрейді, адамдарды одан жиренуге, онымен күресуге шақырады. Сатиралық образ – сол келеңсіздіктерді жинақтаған ұнамсыз тип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет