Сабақ үнемі бір сарынды жоспарланбай түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырылып отыруы міндетті. Оған технология пәнінің мазмұндық құрылымының әр түрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік
Сабақтың тақырыбы: Технология сабағы. Сабақтың ерекшелігі, құрылысы, нұсқаулар
Оқыту мен тәрбиенің мақсат-міндеттерін нәтижелі шешу оқытуды білікті ұйымдастыруға және сабақты әдістемелік шеберлікпен өткізуге байланысты. Әр сабақ мазмұнды, біртұтас, мұқият ойластырылған, толық аяқталған болуы тиіс, сонымен қатар жалпы осы пәннің ортақ мақсат-міндеттерін көздейтін сабақтар жүйесімен тығыз байланыста болуы керек.
Бастауыш сыныптардағы технология сабағының құрылысы басқа қатар оқытылатын пәндер сабақтарының құрылысынан аса айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Ол ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, машықтық жұмыс, қорытынды және үйге тапсырма кезеңдерінен тұрады. Тек технология сабақтарында машықтық жұмысқа уақыт көбірек бөлінеді.
Осындай сабақ кезеңдері барлық сыныптарда сақталады, тек ол кезеңдерге бөлінетін уақыт мөлшері сабақтың мазмұндық ерекшелігіне байланысты болады.
Сабақ үнемі бір сарынды жоспарланбай түрлі әдіс-тәсілдермен түрлендіріліп, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырылып отыруы міндетті. Оған технология пәнінің мазмұндық құрылымының әр түрлі жұмыс түрлерін қамтитындығы мүмкіндік жасайды.
Технология сабақтарында оқытудың жеке және ұжымдық түрлерін кеңінен пайдалануға болады, ол атқарылатын жұмыс түрінің күрделілігіне байланысты. Оқытудың ұжымдық түрі қозғалғыш жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Онда оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймайды, әр бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Демек, барлығы жұптасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады. Сабақта жұмыстың мұндай түрін пайдалану оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдеріне себепші болады. Ол жұмыс барысындағы топтық пікірталас, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу нәтижесінде оқушылардың тұйық мінезділігін, ұжымнан бөлектену әдетін болдырмауға негізделеді.