Мектептегі оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ
Сабаққа қойылатын талаптар
Қорытыңды
Кіріспе
Сабақ - оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттірін шешу үшін белігілі бір уақыт аралығында оқытушылар мен оқушылардың тұрақты ұжымының қызметін ұйымдастырудың жүйелі түрде қолданылатын түрі.
Мектептегі оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі-сабақ.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сабақ түрінде өткізілудің өзіндік тарихи жолы бар.
Орта ғасыр кезінде мектепте мұғалім сабақты оқушылар санының аздығына байланысты әрқайсымен жеке-жеке жүргізетін. Оқудың бұл түрі балалардың құрамын көбірек қамтып оқытуға мүмкіндік бермейтін және оқу талай жылдар бойы ұзаққа созылса да жеміссіз болып қала берді.
Cондықтан 16-17 ғ.ғ алдыңғы қатардағы ғалымдар оқудың бұл түрін сынға алып, оқудың жаңа түріне көшуді ойластыра бастады. Осы жолда чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский оқудың жаңа түрін теория жүзінде көрсетіп қана қоймай, оны іс жүзінде де асырды.
Я.А.Коменский мектепті тұрақты сыныптарға бөліп, оқу жылын, оқу аптасы мен оқу күнін нақтылы түрде ұйымдастыру арқылы мұғалім бір мезгілде көп баланы оқыта алатынын көрсетті.
Сабақ мәселесін педагог-психолог ғалымдар Е.Я.Голант , Б.П.Есипов , М.А.Данилов , Ф.Ф.Королев , М.Н.Скаткин, В.В.Давыдов , И.Я.Лернер , Г.И.Шукина , Т.И.Шамова , К.Бабанский , т.б , арнайы зерттеді.
Ал Қазақстанда 50-жылдары сабақ тоериясымен профессор Р.Г.Лемберг шұғылданды. Сонымен қатар соңғы жылдары көптеген педагогтар-әдіскерлер оқыту процесі мәселелерінде бағалы үлес қосты. Олар: Х.Қ.Арғынов , Т. Қ. Ақшолақов, Д. Ә. Әлімжанов, М. Б. Балақаев, Х. А. Бекмаханов, А. С. Бейсенова, М. Г. Ғабдуллин, Г. Ф. Гурьевич, С. К. Кеңесбаев, Ш. К. Кәрібаев, С. С. Қирабаев, Н. К. Көшекбаев, М. А. Құдайқұлов, Т. М. Мұсақұлов, Р. Б. Нұртазина, Н. О. Оралбаева, И. Н. Нұғманов, Ш. Х. Сарыбаев, Т. С. Сабиров.
Сонымен жүргізілген зерттеулер, мектептер тәжірибесі <<сабақ — мұғалім күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын адамзат жасаған рухани байлыққа сый-құрметпен қарауға тәрбиелейтін оқу-тәрбие процесінің негізгі саласы>>, екенін дәлелдейді.
Сабақ- оқу жұмысын ұжымдастырудың өзгерместей қатып қалған түрі емес. Педагогикалық тәжірибе және тәжірибелік ой-пікір әрқашанда сабақты үнемі жетілдірудің жолдарын іздестіреді.
Әрбір сабақ оқу бағдарламасындағы тақырып бойынша құрылатын бірнеше сабақтар жүйесіне енеді. Сондықтан қәзіргі заманғы педагогикалық процеске қойылатын талаптар бар соларға тоқталып өтсек:
Бірінші талап: Әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың кұрылысы алдын-ала белгілі болуы тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің және оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырады. Сабақ - мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екені ескеріледі.Сабақта оқылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы керек.
Екінші талап: Оқыту процесінің негізгі мақсаты — білім беру, тәрбие беру және дамушылықтың бірлікте болуы және осылардың барлығы ең алдымен сабақта жүзеге асады.Сондықтан оқу процесінің маңызы орасан зор.
Үшінші талап: Сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай,проблемалық ситуацияларды туғызу. Танымдык процестің
логикасын сақтап, оку процесінің дамытушылық сипаты қажет ететін пікір мен ой қорытындыларын жасауға үйрету.
.
Добавьте свой текст
Төртінші талап: Әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластырылуы керек.
Бесінші талап: Оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, танып-білу қажеттілігін қалыптастыру. Сабақтың барысында жағымды эмоциялық жағдай болуына назар аудару.
Алтыншы талап : Оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау; оқытуды дифференциалау және даралау.
Жетінші талап: Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу, жагдайын ескеру.
Сегізінші талап : Қазіргі қоғамның үздіксіз білім беру бағытына сай жас ұрпақты ғылым негіздерімен каруландыру ғана емес, оларды білімді өздігінен меңгерудің әдіс-тәсілдеріне қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға үйрету. Оқушылардың оқулықпен, оқу құралдарымен, анықтама, сөздік энциклопедиялық және ғылыми көпшілікке тараған әдебиеттермен, мерзімді, баспа, ақпараттық, деректі материалдармен жұмыс істеуге үйрету, олардың интеллектілік және рухани дамуына ықпал жасау.
Тоғызыншы талап : Қазіргі сабаққа білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау, әр оқушының бейімділігін, кабілетін дамытуға жағдай жасау талабы қойылып отыр. Бұл талап әрбір оқушы мұғалімнің назарында болуды, білімді зерттеуді және барлық мүмкіндіктерді пайдаланып педагогикалық- психологиялық диогностика жүргізуді көздейді.
Оныншы талап : Бүгінгі таңда әрбір сабақты білім берудің инновациялық мақсатымен педагогикалық ынтымақтастық негізінде өткізу және жоғарыда аталған сабаққа қойылатын талаптарды бірлікте жүзеге асыру, барлық мұғалімдерінің басты борышы болып есептеледі.
Сабақ оқытудың негізі нышаны болып табылады және оқушыларға білім мен дағдыларды беруде маңызды рөл атқарады. Сабақтың нақты өмірлік жағдаяттармен байланысы және практикалық маңызы болуы керек. Сондай-ақ сабақтың тиімді бағалануы және бағалаудың оқушылардың жетістіктеріне сәйкес болуы маңызды.
Сабақ уақыты қысқа сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді.Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыс жасайды. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес.Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты.
Ақырында, сабақ оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін шабыттандыратын және ынталандыратын іргетас болуы шарт. Осы талаптардың барлығы оқушылардың табысты оқуына және дамуына ықпал етеді.
Қорытынды
Сұрақ жауап!
1.Сіздердің ойларыңызша сабаққа қойылатын талапты сақтамаса не болуы мүмкін?
2.Қазіргі Қазақстан мектептерінде өтілетін сабаққа сіздердің көңілдеріңіз қаншалықты толады.
3.Оқыту процесінің негізгі мақсаттары?
4.Сабақтың оқу-тәрбие жүйесіндегі рөлі қандай?
5..Оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану оқушының материалды түсінуіне әсері бар ма?
Назарларыңызға рахмет !