Екінші сабақ
ҚОРҚЫТ
Мына сұрақтарға жауап беріңіздер .
1 ) Қорқыт жөнінде не білесіздер ?
2 ) Қорқытқа қатысты халық жадында сақталған қандай аңыз әңгімелер білесіздер ?
3 ) Қорқыт күйлерін орындаушылардан кімдерді атай аласыздар ?
Мына сөздердің аудармасын біліп алыңыздар .
аңыз легенда
жырау сказитель,певец
сәуегей пророчествующий
жануарлар животные
өте ұғымтал очень понятливый
аспап инструмент
қарағай сосна
жоба проект
тиек подструнная подставка для домбры
қыл ішек струна
күй кюй,мелодия
Мәтінді оқып, аударыңыздар.
Корқыт Қорқыт – аты аңызға айналған ақын , жырау , сәуегей адам болған . Ол IX ғасырда Оғыз хандығының Сыр өзені аңғарындағы Жент қаласында дүниеге келген . Қорқыт жас кезінен өте үғымтал болып өседі . Сол кездегі аспаптардың бәрінде керемет ойнайды екен . Алайда ол оған қанағаттанбай , адам мен жануарлардың үнін , табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді . Он ойланып , жүз толғанады . Қарағай ағашын кесіп әкеліп , одан бір нәрсенің жобасын жасайды . Бірақ ары қарай қалай , не істерін білмей қиналады . Күндер осылай өте береді . Бір күні шаршап отырып , көзі ілініп кетіп , түс көреді . Түсіне періште енеді . Ол балаға : “ Қорқыт жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен . Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ , ортекенің мүйізінен ойылған тиек , бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр . Осылар болса , аспабың сайрағалы тұр екен ” деп кеңес береді . Қорқыт ұйқысынан ояна сала , осы айтылғандардың бәрін жасайды . Міне , осылай қобыз жасап шығарады . Қорқыт бұл аспапта музыканың жаңа аспаптық жанры — күй шығарған . Оның “ Қорқыт ” , “ Аққу ” , “ Әуiппай ” , “ Желмая ” , “ Елім - ай ” , “ Халқым - ай ” , “ Ұшардың ұлуы ” , “ Қоңыр " , Байлаулы киіктің зары ” және т.б. күйлері бар . Аңыздарда Қорқыт 95 жыл өмір сүрді десе де , ол 120 жылдан астам уақыт өмір сүрген . Сыр жағасына жақын жердегі Қорқыт моласы аруақты орын болып саналады . Адамдар Қорқыт туралы естелік ретінде тастан үлкен қобыз сымбаттап , оны төмпешіктің үстіне шығарып қойды