Жер – Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен!
Анам туды – Жер – Ана жетілдірді ,
Осыны өзім өмірде негіз етем!-деп бүгінгі жаңа сабғымызды белгілі ақынымыз Ә.Тәжібаев ағамыздың жыр жолдарымен бастайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған орта»
(Интерактивті тақта арқылы) Ендеше, балалар, мына сұрақтарға жауап беріңіздер: балыққа не қажет деп ойлайсыңдар? – Су
Құсқа не қажет ? - Ауа.
Аңға не қажет? – Орман-тоғай.
Ал, адамға не қажет? – ОТАН! ТАБИҒАТ! ЖЕР – АНА!
Яғни, балалар, балыққа - су, құсқа - ауа, аңға-орман - тоғай қажет болса, адам баласы үшін шынында да ОТАН! ТАБИҒАТ! ЖЕР – АНА! деген ұғым сондай қажет екен.
«Табиғат» деген ұғымның аясы кең«Табиғат» сөзінің аясын кеңейтуге, мағынасын тереңдетуге, қасиетін арттыруға қазақ ақындарының қосып жатқан үлесі де өте зор, олай болса, табиғат пен Жер Ана тақырыбына байланысты ақындарымыздың өлең-жырларын іздестіріп, жаттауға берілген, сондықтан сөз кезегін өздеріңізге беремін. Кім өз еркімен айтқысы келеді?
оқушы:
оқушы.
оқушы:
оқушы.
оқушы
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да, қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер екен. Мәтінмен таныспас бұрын мына тірек сызбаға көңіл аудара отырып, сұраққа жауап берейік
Достарыңызбен бөлісу: |