Сабақ Ортақ тақырып: Бөлімше Өзім туралы



бет42/81
Дата03.10.2022
өлшемі475,27 Kb.
#151457
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81
Байланысты:
Қмж

Мұғалімнің есіне!
Аңыз бойынша, Томирис
парсылармен соғыстан соң, тері торсықты адам қанымен
толтырып, өлген жаулардың ішінен Кирдің денесін тауып, басын шабуға бұйрық береді.
«Кирдің басын көтере ұстаған Томирис қолына қан
толтырылған тері торсықты алып, биік обаны жағалай
тізіліп тұрған барлық массагет жауынгерлеріне:
– Массагеттер! – деп айқайлады. Сендердің
ханшайымдарың сөзінде тұрды. Парсылардың патшасы, сен қанға шөлдеп ең, енді
тойғаныңша іш!Солай деп Томирис Кирдің басын торсыққа салып жіберді».
Бұл – Геродот аңызындағы кек алудың ең бір әсерлі сәті еді, және ең бір шындыққа аса
жанаспайтын тұсы. Геродоттың баяндауы– әдемі аңыз ғана.
Шындығында, парсы патшасы сақтармен соғыста қаза
болғаннан кейін денесі отанына жеткізіліп, Пасаргадағы ата-
бабаларының зиратына
жерленген. «Осы күнге дейін
Томирис туралы аңыз сақталып қалды, бірақ Кирдің мүрдесін
















ашып көргенде, басы орнында екендігі анықталған». (Болат Жандарбеков «Томирис»: – Алматы: Жалын, 1998.)
Сол себепті, біздің айтуымызша аңыздың бұл тұсы әсерлірек
болғанымен, балаларға бұны тәптіштеп баяндаудың қажеті жоқ.


Мұғалім: – Балалар! Сендер
бүгін сақтардың өмірі туралы, олардың өз патшайымдарының басшылығымен жерлерін парсы басқыншыларынан қалай қорғағаны туралы көптеген
жағдайларды білдіңдер. Сендер жаңа білімдеріңмен бөлісуге асығып отырсыңдар. Жұптаса отырып, бір-бірлеріңе Томирис патшайым туралы айтып
беріңдер. («Өзара білім алмасу» тәсілі).


Мұғалім: Оқушы дәптеріндегі С. тапсырманы орындауды ұсынады.

«Ой жүгіртеміз және бағалаймыз» тәсілі.


Мұғалім оқушыларға стикерлер таратып беріп, оларға Томирис патшайымның ұнайтын қасиеттерін жазуды сұрайды.



Ж. Оқушылар материалды жұптасып талдайды.
Оқушы дәптеріндегі
В. тапсырманы орындау.

Оқушы дәптеріндегі


С. тапсырмасын орындайды.
ФТ. Балалар стикерлерге
жазып, оларды үлкен жүрек формасында тақтаға
жапсырады.




Оқушы дәптері


Оқушы дәптері







Осылайша оқушылар тарихи тұлғаларға баға беруді
үйренеді.










Соңы

Рефлексияны нұсқалардың бірін пайдалана отырып өткізуге болады.


1-нұсқа.
Көршілес екі партаның оқушыларынан тұратын топтарға бөлу.
Топтың аттарын өзіміз ойлап табамыз. Томирис туралы синквейн құрастырамыз.
Синквейн құрастырудың ережесін қарастырайық:
Мұғалім «Синквейнді қалай құрастырады?» атты плакатты іледі.

  1. жол – заттың атауын білдіретін бір сөз;

  2. жол – затты сипаттайтын екі сөз;

  3. жол – затты не істейтінін көрсететін үш сөз;

  4. жол – тақырыпқа көзқарасыңды білдіретін бір сөйлем;

  5. жол – мағынасы бірінші жолдағы сөзге ұқсас бір сөз.

Мұғалім баяу әуеннің аудио- жазбасын қосады.
Синквейн мысалы: Томирис –

Т. Топпен жұмыс істей отырып, балалар синквейндер құрастырады.
Топтар өз синквейндерін көрсетеді.




Оқушы дәптері

«Синквейнді қалай құрастырады?» плакаты









Ержүрек, дана,
Сүйеді, қорғайды, шайқасады. Байтақ даланың ұлы қызы.
Патшайым.


2-нұсқа.
Дұрыс тұжырымдарды белгіле («Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырма)
Парталас көршіңнен өз
жұмысыңды тексеруін сұра («Оқушы дәптеріндегі»
5-жұмыс)

«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырма.
Парталас көршіңнен өз жұмысыңды тексеруін сұрайды («Оқушы
дәптеріндегі» 5-жұмыс).

Оқушылар дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды белгілеп, жұмыстарына өзара тексеру


жүргізеді.










    1. сабақ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет