Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет11/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]






Түркілер көшпелі малшаруашылығымен айналысқан.

Түркілердің бір бөлігі егіншаруашылығымен айналысқан.

Түркілерде темір ұсталық, зергерлік, құмыра жасау қолөнері жақсы дамыған.

Талқыланатын мәселелер:


  • YI ғасырда түркілердің аумағы қандай болды?

  • Түркілердің жасаған жорықтары жеңіспен аяқталып отырды. Оның себебі не?

  • Түркілердің шаруашылықтарын атап шығыңдар.

  • Түркі әлемі қандай жетістіктерге жетті?

  • Бұл жетістіктер адам өмірін қалай жеңілдетті?

Жазылым:

Дәптерде салыстырма кестені толтыру және қорытындыларды жазу.



Алдыңғы білімдер

Сақтар қалай өмір сүрді? Сақ ханшайымы – Тұмар. Ғұндар

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: «Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», бұл біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазақтар жайында, олардың тарихтағы орны жайында айтқан сөзі.

Балалар! Осы сөйлемнің ішінен басты сөздерді бөліп көрсетіңдерші.



Оқушылар:

  • Қазақтар – көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы.

  • Түркілер есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген.

  • Қазақтар үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған.

Балалар! Бүгінгі сабағымызда қарастыратын негізгі сұрақтарды сендер анықтадыңдар. Біз бүгін зерттеуші боламыз. Әртүрлі дереккөздермен – оқулықтағы картамен, тарихи құжаттармен, иллюстрациялармен жұмыс істеу арқылы ежелгі түркілердің қалай өмір сүргенін және немен айналысқанын білетін боламыз.

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек, қалай ойлайсыңдар? Оқушылар:

түркілердің өмір сүру салты жайында білетін боламыз.

Мұғалім (толықтырады): сонымен қатар, сендер түркі әлемінің жеткен жетістіктері жайында да білетін боласыңдар.


Тақта

(Н.Ә. Назарбаев сөзі)

Оқулық.

Карта, түрлі



қосымша суреттер

Жаңа сабақ



Оқулықпен жұмыс жасаймыз. Алдарыңдағы – қазақ халқының шығу тегін баяндайтын ағаш. Бұл ағаштың тамыры – қазақтың арғы бабалары сақтар, ғұндар, түркілер. Сақтар мен ғұндар жайлы не білесіңдер? Олар қайда өмір сүрді, немен айналысты? Естеріңе түсіріңдер.
Оқушылар картамен жұмыс істей отырып, оқулықтағы мәтінді оқиды. «Ауыр қаруланған түркі әскері» иллюстрациясын қарап, түркілердің жеңіске жету себептеріне қатысты қорытындылар шығарады.

Мұғалімге арналған ақпарат

Түркілер мықты атты әскер құрды. Атты әскер ауыр қаруланған және жеңіл қаруланған болып бөлінді.

Ұрысты алдымен жеңіл қаруланған салт аттылар бастады. Олар садақпен оқ атып, жауды мыңдаған жебенің астында қалдырды. Сосын олардан кейін шайқасқа ауыр қаруланған семсерлілер кірісті. Семсерлілерде қорғаныс сауыттар тек жауынгерлерде емес, олардың

аттарында да болды. Сол себептен түркілердің атты әскері жауға еш бой алдырмады, олардан жеңілмеді. Осындай тактиканың арқасында түркілер Тынық мұхитынан Қара теңізге дейінгі үлкен аумақты жаулап алды.



Мұғалім: Оқулықтағы тарихи құжатты зерттейміз. Оны оқып, түркілердің өмір салты және шаруашылықтары жайлы қорытындылар шығарыңдар.

Құжат: Араб тарихшысы былай деп жазды: «Түркі елінде 25 қала бар. Олар: Құлан, Меркі, Талғар және т.б.».

Арықтар мен ежелгі каналдардың орындары сақталған. Археологтар орақ, пышақ, балта, үзеңгі, қылыш, найза және түрлі әшекей тапты.



Оқушылар:

  • түркілердің бір бөлігі отырықшы өмір салтын ұстанған, бұған дәлел қалалардың пайда болуы;

  • арықтар мен каналдардың орындары халықтың егіншаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді;

  • қару-жарақтың, еңбек құралдарының және әшекейлердің табылғанынан қолөнердің дамығанын (темір ұстасы, зергерлік және т.б.) болжауға болады.

Мұғалім:

Қазақстанның көп бөлігінде түркілер көшпелі малшаруашылығымен айналысты.


Көшпенділер малдың қай түрін өсіргенін еске түсіріңдер.

Оқулық

Карта (оқулықта берілген)

Оқулық суреті

Оқулық






Ал енді түркілердің қолөнер жетістіктерін зерттейміз. Оқулықтағы иллюстрацияны қарап шығыңдар. Бұл жаңалықтар адам өмірін қалай жеңілдетті?

Оқушылар суреттерді салыстырып, түркілер ағаштан ер-тоқым мен үзеңгіні ойлап тапты

деген қорытындыға келеді. Үзеңгінің көмегімен салт атты жылқыға мінеді және аттың үстінде отырғанда тепе-теңдікті сақтайды. Қатты ер-тоқымның үстінде отырып және үзеңгіге аяғын

тіреп, салт атты садақпен оқ атқанда және найзамен шайқасқанда өзін сенімді сезінген. Бұл шайқасты жүргізудің тактикасын өзгертуге мүмкіндік берді.

Түркілердің 38 әріптен тұратын өз жазуы – руна жазуы болды. Білге қаған мен Күлтегін қағандардың құрметіне жазылған жазулар руна жазуымен берілген.



Мұғалімге арналған ақпарат: «Көшпелілер Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе

дүниеге әкелмесе де, әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосқан халықтар арасынан ойып орын алуға хақылы. Олар бізге керемет храмдар мұраға қалдырған жоқ, олар оқ-дәрі де, қағаз да ойлап тапқан жоқ. Бірақ тасқа мәңгілікке қашалған немесе халық зердесінде бағзыдан сақталған әдеби ой солардан маңызы кем мәдениет элементтері деп кім айта алады?!!» (Олжас Сүлейменов «Аз и я»)



Оқулық иллюстрациясы (қолөнер)

Оқушылар: Түркі дәуірінде қазақ даласында Тараз, Отырар, Сайрам және басқа да қалалар пайда болды. Түркілердің арасынан көптеген ұлы ғалымдар шықты. Мысалы, әл-Фараби және т.б.

Көшпелілер дөңгелектегі киіз үйдің орнына жиналмалы киіз үйді ойлап тапты.

Ол киіз үйді санаулы сағаттардың ішінде бөлшектеп және жаңа жерге қайта құруға болатын.

Мұғалім оқушылардың зерттеу жұмыстарын Президент Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтайды:

«Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Қара теңізге дейінгі Ұлы Даланы иемденіп жатты. Олар бізге өлмейтін батырлық эпостар мен үлкен рухани байлықтар қалдырды. Олар киіз үйді, қылышты, етікті, үзеңгіні, темір қорытуды ойлап тапты. Түркі академиясының құрамында түркі тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталық құру керек».

Слайд көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.

ҚБ «Бір минуттық эссе» стратегиясы.

«Бүгін мен ең бастысы нені білдім?» тақырыбында бір минуттық эссе жазыңдар.



Электронды қосымша



Рефлексия

Алдарыңда түркілердің қалай өмір сүргенін баяндайтын түрлі дереккөздер жатыр. Дереккөздің жанына түркілердің өмірінен қандай ақпарат алғандарыңды жазыңдар. ҚБ «Қошемет» стратегиясы.

Сыныптасыңды мақта:



Дәптер





Топта бірге жұмыс істеген қай сыныптасыңды мақтар едің? Оны не үшін мақтар едің?




Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша «Неліктен? деген сөзден басталатын сұрақтарды ойластыр. Келесі сабақта

ол сұрақтарды сыныптастарыңа қой.



Оқулық




Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №21 сабақ Ортақ тақырып: Өнер

Бөлімше: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?

Оқыту мақсаты

3.3.1.2 тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • ескерткіштің не үшін қажет екенін біледі;

  • кейбір тарихи және мәдени ескерткіштерге сипаттама береді.

Көптеген оқушылар: өзінің кіші Отанындағы сәулет және мүсін ескерткіштерін атайды.

Кейбір оқушылар:

  • сыныптастарына өзінің қаласы (ауылы) бойынша ойша экскурсия жасайды;

  • «Жер бетіндегі тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуы үшін мен не істей аламын?», ескерткіштерді вандализмнен, соның ішінде, ғимараттың қабырғасына граффитти жағып - жазулар жазып немесе суреттер салып кетуден қалай қорғау керек деген жадынаманы құрастырады.

Тілдік мақсаты

Оқушылар:

- сұрақтың жауабын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ес, ескерткіш, өткенге құрмет.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Ескерткіштер еліміздің тарихына деген құрметке тәрбиелейді. Ескерткіштер бізді өткен күндермен байланыстырады.



Талқыланатын мәселелер:

  • Ескерткіштер не үшін керек?

  • Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері бар?





– Қалаңда (ауылыңда) қандай тарихи және мәдени ескерткіштер бар?

Жазылым:

тарихи және мәдени ескерткіштердің біріне сипаттама беру.



Алдыңғы білімдер

Менің туған қалам (ауылым)

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

(Ұ, Ж) Балалармен бірге сабақтың тақырыбын анықтаймыз: «Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керек?»

Сабақтың мақсаттарын атаймыз:



  • тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері жайында білеміз;

  • ескерткіштерге ұқыптылықпен қараудың жадынамасын құрастыруды үйренеміз.



Жаңа сабақ



Оқулықтағы мәтінді оқимыз және тапсырманы орындаймыз:

Мұғалім: Иллюстрацияларды қарап шығыңдар және мына сұраққа жауап беріңдер? Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері болады?

Оқулықтағы иллюстрацияларда мүсін, ғимарат, ескерткіш, ежелгі қаланың қираған орны, петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер), мәңгілік алау бейнеленген.

Бұл ескерткіштерге қарап біз нені түсінеміз?
Оқушылардың жауаптары.

Мұғалім: Алдарыңдағы Түркістан, Алматы, Орал, Семей қалаларындағы, Алматы облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер. Қай ескерткіш сендерге таныс, атап шығыңдар.

Жауаптары:


  • Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі;

  • Оралдағы облыстық өлкетану мұражайы (бұрынғы орыс-қазақ қолөнер мектебі);

  • Алматы облысындағы Тамғалы шатқалындағы петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер);

  • Семей қаласындағы мешіттің ғимараты;

  • Алматыдағы Вознесенский шіркеуі.

Электронды қосымшадан слайд-презентацияны көру (тапсырмаға дейін).

(Т) Оқулықтағы тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасау:

1-топ

Өздеріңді экскурсия жетекшісімін деп елестетіңдер. Сыныптастарыңа өзіңнің қалаң (ауылың)



Оқулық Оқулық

Электронды қосымша Топқа арналған

тапсырмалары бар парақтар






бойынша ойша экскурсия жаса.

Мына сұрақтар бойынша әңгіме дайындаңдар:



  • Біздің қаламызға (ауылымызға) қанша жыл?

  • Өлкеміздегі қандай тарихи орындарды білесіңдер? Олар тарихтың қай кезеңі жайлы ақпарат береді?

  • Біздің қаламызда (ауылымызда) ескі заманнан қалған ғимараттар сақталған ба?

  • Олардың ішінде ең ескісі қайсысы?

  • Біздің ауылымызда (қаламызда) қандай ескерткіштер бар? Олар кімнің құрметіне немесе қандай оқиғаға байланысты тұрғызылған?

2-топ

«Менің сүйікті ескерткішім» тақырыбында эссе жазыңдар.

Кез келген ескерткішті таңда (ауылыңдағы, қалаңдағы, еліміздегі). Бұл ескерткіш саған несімен ұнайды, соған қатысты 7-8 сөйлем жаз.

3-топ

Баяғыда бір данышпан «Ескерткіш тұрғызған адам болашақты ойлайды» деп айтқан екен. Сендер данышпанның пікірімен келісесіңдер ме? Дәлелдеріңді келтіріңдер.



4-топ

Жер бетіндегі тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуы үшін мен не істей аламын?» жадынамасын құрастырыңдар.



Топтардың тапсырмаларды көрсетуі.

ҚБ «Өнеге ал» қорытынды стратегиясы. Сабақта біліп-үйренгеніңнен болашақта сенің өміріңе өнеге болатындай қорытынды шығар.

Өзін-өзі тексеру үшін электронды қосымшадан тапсырма орындау.



1-топқа:

туған қаланың

(ауылдың) көрнекті жерлері

иллюстрациялар


2-топқа: эссе

жазуға арналған парақтар

3 және 4-топтарға: Дәлелдерді және жадынамаларды

жазуға арналған ватман парақтары Электронды

қосымша


Рефлексия

Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керектігіне кем дегенде үш себеп жазыңдар.

Оқушылардың жауаптары

Мұғалім: Тарихты ұмытпаңдар, ата-бабаларың туралы естеліктерді жоғалтпаңдар, ата- аналарыңды, Отанды жақсы көріңдер, құрметтеңдер. Сол кезде ғана сендерді ұмытпай, сендерге құрмет көрсететін саналы ұрпақты тәрбиелей аласыңдар.

ҚБ «Үш жағымды сәт» стратегиясы. Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады.

Дәптер

Үй тапсырмасы

Таңдау бойынша тапсырманы орындаңдар:

Дәптер





С.1. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға қатысты өзіңнің 2-3 ұсыныстарыңды жаз.

С.2. Ескерткіштерді сақтау үшін оларды вандализмнен қорғау керек. Вандализм дегеніміз –

адамдардың ескерткіштерді қасақана қиратуы, бүлдіруі. Вандализмнің бір түрі – қабырғаларға граффити жағып, жазулар жазып, суреттер салып тастау.








Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану №22 сабақ Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар

Бөлімше: Қазақстанның тарихи тамырлары



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Менің бабаларым қыпшақтар.

Оқыту мақсаты

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • қыпшақтардың қайда өмір сүргенін және немен айналысқанын біледі;

  • қандай өмір сүру салтын ұстанғанын біледі.

Көптеген оқушылар қазақтар мен қыпшақтардың өмір салтын, шаруашылығын, киімін, тілін, сыртқы келбетін салыстырады, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табады.

Кейбір оқушылар қыпшақтардың өмірін рөлдік ойындар арқылы бейнелі түрде көрсетеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар әртүрлі материалдардың негізінде түркілердің өмір салтын анықтайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Қыпшақтар, Қыпшақ даласы.



Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Қыпшақ – ірі түркі тайпасы.

Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы.

Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды.



Талқыланатын мәселелер:

Қыпшақтар қайда өмір сүрді? Олар немен айналысты? Қыпшақтар төрт түліктің қай түрін өсірді?

Неліктен қыпшақтардың жылқылары басқа елдерде жоғары бағаланды? Қыпшақтар қандай дақылдарды өсірді?

Тарыдан қандай ас әзірлеуге болатын еді?



Жазылым:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет