«Еңбек ауылының негізгі орта мектебі»КММ
Тақырыбы: Геометриялық фигураларды өлшеу.Саябақ.
Ашық сабақ
Өткізген : Амангельдинова Д.У.
2021-2022 оқу жылы
Бөлім:
|
Шамалар және өлшем бірліктері
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
Амангельдинова Д.У.
|
Күні:
|
15.12.2021
|
Сынып:1
|
Қатысушылар саны:8
|
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Геометриялық фигураларды өлшеу/Саябақ
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары.
|
1.3.1.3.геометриялық фигуралардың (үшбұрыш,шаршы,тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу және салыстыру
1.1.3.1.ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату,оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау,өлшемдер жүргізу;
1.1.3.2өлшем бірліктерді (ұзындық (см,дм)/масса (кг)/ көлем(сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ) қолданып өлшеу;
1.1.3.3. ұзындық (см,дм)/масса (кг)/ көлем(сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ) салыстыру және шамалар мәндерімен қосу мен азайту амалдар орындау;
|
Сабақтың мақсаты
|
Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеп,салыстырасың
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің іс- әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
4-6 минут
|
Ынталандыру. Мұғалім «Аттракциондар саябағында демалу» тақырыбында диалог жасайды.
Өзектендіру.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындалады.Біздің қалада атракциондар саябағы бар.Сырым саябаққа барып келді.Ол аппликация жасады.
Сырым қандай геометриялық фигураларды пайдаланды?
Сен қандай фигураларды көріп тұрсың? (үшбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршы)
Фигуралардың қабырғаларын өлше.Тіктөртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын салыстыр.
|
Геометриялық фигураларды атайды
|
|
|
Сабақтың ортасы
10 минут
2 минут
15минут
|
Бейнеролик көрсету
2-тапсырма. Түрлі түсті жолақтар берілген.Олардың ұзындықтарын өлше.Жолақтардың ұзындығының қосындысын тап.
Қандай ұзындықтағы жолақ қалды?Есепте.
60см-20см=40см
Өзіндік жұмыс.
3-тапсырма.
Кесінділерді өлше.Олардың ұзындығын салыстыр
Сергіту сәті
4-тапсырма.Егер екі жолақтың ұзындығын қоссақ,қандай ұзындық шығады?
1 дм+5дм=6дм
5дм+2дм=7дм
2дм+1дм=3дм
9дм+1дм=10дм
Дескриптор:
- Екі жолақтың ұзындығын қосады
-ұзындықты табады.
5-тапсырмаСуреттегі 6 айырмашылығын тап
|
Жолақтардың ұзындықтарын өлшейді.
Дескриптор
Кесінділердің ұзындықтарын өлшейді және салыстырады.
Суреттегі 6 айырмашылықты табады
|
|
Оқулық
Оқулық,
дәптер
Оқулық
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі бойынша өтеді.
Жасыл түсті алма-мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын:менің көңіл күйім көтеріңкі.Қызыл түсті алма- мен тапсырманы орындай алмадым,көңіл күйім жоқ.
|
Сабақтың соңында оқушылар қалаған түсті алманы ағашқа іледі
|
|
|
«Еңбек ауылының негізгі орта мектебі»КММ
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы»
Тәрбие сағаты
Өткізген : Амангельдинова Д.У.
2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы»
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
- Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Достарыңызбен бөлісу: |