Шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы
Егер жіңішке ұзын цилиндр түріндегі каркасты алып(l>>d) (10.22-сурет), оған жіңішке оқшауланған сымды орап шықсақ, онда соленоид ( грек.solen-түтік) деп аталатын контурды аламыз. l>>d шарты орындалатын кезде соленоидтың ішіндегі өріс біртекті болады да тек шеттерінде ғана бұзылады, өріс, негізінен, соленоидтың ішінде жинақталған болып шығады. Шындығында, егер диаметрі аз орам алсақ, онда орамнан >>d қашықтықта орналасқан А нүктесінде орам тудыратын магнит өрісінің қорытқы индукциясы суперпозиция принципі бойынша 1және 2 ток элементтері тудыратын магнит өрісінің бағытын ескерсек,
аламыз. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі индукциясы (10.20) формуласымен есептеледі.