Сабақ өткізу үшін. №3 тақырып "Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс негіздері"


Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлері және оның қысқаша мінездемесі



бет5/25
Дата11.12.2021
өлшемі325,55 Kb.
#99084
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
ТАҚЫРЫП №3 сабақ 1

Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің түрлері және оның қысқаша мінездемесі.

Ұрыс жүргізу әрекеттерінің көп түрлілігіне қарамастан, оларды негізгі және бірден байқалатын белгілеріне қарай классификациялайды. Осыған байланысты жауынгерлік әрекеттер шабуыл және қорғанысқа бөлінеді.



Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыласты жеңуде негізгі мәнге ие. Тек шешуші шабуыл арқылы ғана қарсыласты толық талқандауға болады. Шабуыл күні, түні үздіксіз жүргізіледі.

Жағдайға және қойылған тапсырмаларға байланысты, шабуыл қорғанушы, шабуылдаушы немесе шегінуші қарсыласқа жүргізілуі мүмкін.



  • қорғанушы қарсыласқа шабуыл жасау бірден жүргізіледі, немесе онымен түйісетін жағдайдан басталады.

  • Шабуыл шабуылдаушы қарсыласқа қарсы ұрыс жүргізумен жүргізіледі.

  • Шегінуші қарсыласқа шабуыл, оның ізімен жүргізіледі.

Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды қолдану жағдайында ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару-жарағын, ұрыс техникасын жояды да, қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Қорғанатын қарсыласқа шабуыл жасау қарсыласпен тікелей түйіскен жерден немесе тереңдіктен шығару жолымен жүргізілуі мүмкін.



Бетпе-бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған қезде жүргізіледі.

Бетпе-бет ұрыс көбіне шеру жасайтын әскерлерге тән. Ол ұрыс барысында: шабуылда – қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде де тууы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне – қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, ал ядролық қару пайдалану жағдайында қарсылас жазалауға үлгергенге дейінгі шектік қақтығыста ядролық қарумен зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.


Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі (позицияны) ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет