Сабақ өткізудегі еңбек қауіпсіздігінен нұскау Жалпы қауіпсіздік талаптары



Pdf көрінісі
Дата12.09.2020
өлшемі110,29 Kb.
#78034
түріСабақ
Байланысты:
техника 1 к. гимн



1 курс, 1 семестр 

 Гимнастикадан сабақ өткізудегі еңбек қауіпсіздігінен нұскау 

  

Жалпы қауіпсіздік талаптары:  



1.    Гимнастика  сабағына  еңбек  қауіпсіздігінен  ңұсқау  өткен,  медициналық 

тексерілген  және  денсаулық  жағдайына  қатысты  қарсылығы  жоқ  мектепте 

дейінгі және 1-сынып оқушылары жіберіледі. 

2.    Гимнастикадан  сабақ  өткізу  барысында  мінез-құлық  ережелерін,  сабақ 

кестесін, бекітілген сабақ және демалыс режимін сақтау керек. 

3.  Гимнастикадан сабақ барысында келесі қауіпті факторлар оқушыларға әсер 

етуі мүмкін: 

• істен шыққан спорттық құралдармен жаттығу жасағанда және жаттығуларды 

сақтандырусыз жасағанда алатын жарақаттар; 

•  гимнастикалық    жаттығуларды  гимнастикалық  көрпешелерсіз  жасағанда 

алатын жарақаттар; 

•  жаттығуларды  спорттық  құралдарда  дымқыл  алақанмен  және  кір 

құралдармен жасағанда алатын жарақаттар.  

4.  Спорттық  залда  жарақаталған  алғашқы  көмек  көрсетуге  арналған  дәрі-

дәрмектер жинағы және танғыш заттар қамтылған медициналық дәрі қобдиша 

болуы керек. 

5.  Спорттық  залда  гимнастикалық    жаттығуларды  жасау  барысында  өрт 

қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек және алғашқы өрт сөндіруші құралдармен 

қамтамасыз етілуі тиіс. 

6. Кездейсоқ оқиға барысында зардап шегуші немесе оқиғаны көруші тез арада 

мұғалімге(оқытушыға,  тәрбиешіге)  хабарлауы  тиіс.  Спорттық    құралдың 

жөнделмеу жағдайында сабақты тоқтатып, (оқытушыға, тәрбиешіге ) хабарлау 

керек. 

7.  Сабақ  барысында  оқушылар  жаттығулардың  жасалу  тәртібін  және  жеке 

тазалық ережесін сақтауы тиіс. 

8.  Еңбек  қауіпсіздігі  нұсқауын  орындамаған  немесе  бұзған  оқушылар 

жауапкершілікке тартылады және барлық оқушылармен жоспардан тыс еңбек 

қауіпсіздігінен ңұсқау өткізіледі. 

Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары:  

1. Спорттық киімін және сырғанамайтын табанды спорттық аяқ-киімін кию. 

2.  Құрал  жабдық  бекітіпелерінің  араларын  құрғақ  арнайы  қағазбен  сүртіп, 

спорттық залды желдету. 

3. Спорттық құралдардың  дұрыстығын, гимнастикалық аттың бекітпелерінің 

дұрыстығын тексеру.  

4.  Құралдардан  секіру  орнына  гимнастикалық  көрпешелерді  үсті  тегіс 

болатындай жаю. 

Сабақ барысындағы қауіпсіздік талаптары:  

1.  Жаттығуларды  спорттық  құралдарда  мұғалімсіз  (оқытушы,  тәрбиеші) 

немесе оның көмекшісініз, сондай-ақ сақтандырусыз жасамау. 

2. Жаттығуларды спорттық құралдарда дымқыл алақанмен жасамау. 




3.  Басқа  оқушылар  жаттығуларды  жасап жатқан  кезде  спорттық  құралдарға 

жақын тұрмау. 

4.  Спорттық  құралдардан  секіру  немесе  секіріп  түсу  барысында  серіппелеп 

отыра табанның ұшына жұмсақ қону. 

5. Жаттығуларды ағындап (бірінен соң бірі) жасағанда қақтығыс болмас үшін 

жеткілікті қашықтықты сақтау. 

Апаттық жағдайдағы қауіпсіздік талаптары:  

1. Сабақ барысында қол ауырса, тері қызарса, сондай-ақ өзін нашар сезінсе, 

сол арада сабақты тоқтатып, мұғалімге( оқытушыға, тәрбиешіге) хабарлау. 

2.  Спорттық  залында  өрт  шыққан  жағдайда  сабақты  тоқтатып,  оқушыларды 

спорттық  залдан  шығарып,  өот  жағдайында  әкімшілік  кеңсесіне  және 

құралдармен өрт шыққан ошақты сөндіру. 

3. Жарақат алғанда алғашқы көмек көрсету, бұл жөнінде әкімшілік кеңсесіне 

хабарлау, керек жағдайда жарақаттанушыны жақын емдеу орталығына жіберу. 

Сабақ соңындағы қауіпсіздік талаптары:  

1. Спорт құралдарын сақтауға арналған орнына апарып қою. 

2.Құрал  жабдық  бекітпелерінің  арарын  құрғақ  арнайы  қағазбен  сүртіп, 

спорттық залды желдету. 

3. Спорт киімін және аяқ киімін шешу. 

4. Жуыну немесе қол мен бетті сабынмен мұкият жуу. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет