13-қыркүйек 2019 жыл
Бүгін мектебіміздің акт залында " Облыстық дін істері басқармасы" ММ тапсырмасы бойынша "Аңсар" кеңес беру-оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, маман М.Қалманов білім алушыларымызбен кездесіп, "Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мен сауаттылықты арттыру" тақырыбында дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
15-қыркүйек 2019 жыл
ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiлетін "Отбасы күніне" орай "Толағай" отбасылық сайысы өтті. Шараға бастауыш сыныптарының белсенді жанұялары қатысып, белсенділік танытты. 3"А" класынан қатысқан БИСЕТТЕР ОТБАСЫ "Бас жүлдені" жеңіп алса, 3"Ә" класының САРИНДЕР ОТБАСЫ 1-орынды, 3"Б" класынан ЕРЖАНОВТАР ОТБАСЫ 2-орын және 3"В" класынан САНСЫЗБАЕВТАР ОТБАСЫ 3-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |