8. Төбелері бір түзудің бойында жатпайтын берілген үш нүкте болатын неше параллелограмм салуға болады.
Нүктелер үшеу болғандықтан үш кесінді салуға болады. Бұлардың екеуі қабырға болса, онда біреуі диагональ болады. АВEC параллелограмында АВ||CE , АС||ВE және ВС – диагональ. осылайша АFСВ, АDBC тағы да екі параллелограмм құрастыруға болады.
Ж: 3
№13 есеп. АВСD параллелограмында А бұрышының биссектрисасы жүргізіліп, ол ВС-қабырғасын Е нүктесінде қиып өткен. Егер АВ=8 см, АD=14см болса, онда ВЕ және ЕС кесінділерінің әрқайсысы неге тең?
Берілгені: АВСD параллелограмм АЕ – А бұрышының биссектрисасы(E]
АВ=8, АD=14. Т/к: ВЕ, ЕС.
АЕ–биссектриса болғандықтан ВАЕ=ЕАD АD||ВС және АЕ қиюшы болғандықтан АЕВ=DАЕ сол кезде ВАЕ=ЕАD ЕАD=АЕВ теңдіктерінен ВАЕ=АЕВ. Табандағы бұрыштар тең болғандықтан ∆АВЕ – тең бүйірлі. Яғни АВ=ВЕ=8 см. Бұл кезде ЕС=ВС-ВЕ=14-8=6
Жауабы: 8см және 6 см.
Сабақта Фалес теоремасы дәлелденеді.
Теорема 1.7. Егер бұрыштың қабырғалары қиып өтетін параллель түзулер оның бір қабырғасынан тең кесінділер қиып түсеетін болса, онда ол түзулер бұрыштың екінші қабырғасынан да тең кесінділер қиып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |