Сабақ Пән: қазақ әдебиеті Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті



Дата19.05.2017
өлшемі62,36 Kb.
#16481
«Көкжайық орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Пән: қазақ әдебиеті

Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті

Сынып: 9 «ә» сынып


Пән мұғалімі: Азимбева А.Қ.


2016-2017 оқу жылы

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 «Ә»

Күні: 3 наурыз

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларды ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму арналарымен таныстыру, жаңа мәліметтер бере отырып, білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық: танымдық белсенділігін арттыру, ғылыми еңбектер мен дерек көздерін салыстыра отырып өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру есте сақтау қабілетін дамыту

3. Тәрбиелік: өз ойын ашық айта білуге үйрету, мейірімділік, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы ұғымдарын тереңдету



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пән аралық байланыс: тарих

Көрнекіліктер: плакат, суреттер, сызба-кестелер, слайд

Қолданатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)

1.Оқушыларды түгендеу

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Психологиялық тренинг. «Екі өтірік, бір шындық». Оқушылар өздері жайлы екі өтірік, бір шын мәлімет айтады. Мысалы, менің атым Аяулым. Мен 9-сынып оқимын. Мен сендердің сыныптарыңа жаңадан келген қызбын.

Үйге берілген тапсырма: Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын қорытындылау

Үй тапсырмасы интерактивті тақтадағы ұяшықтармен берілген сұрақтар түрінде сұралады. (10 мин)



ІІ. Жаңа сабақ. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. (20 мин)

Бүгінгі жаңа сабағымызды конференция түрінде өткізбекпіз. Жаңа сабақ бастағалы отырғандықтан дөңгелек үстелімізге қонақ ретінде тарихшылар мен журналистерді, ғалымдар мен әдебиетшілерді шақырып отырмыз. Сіздер дөңгелек үстелге қатысушы ретінде сұрақтарыңызды қойып отырыңыздар.

Кез-келген ұлттың әдебиеті тарих сахнасында қандай оқиғалар орын алуда, сол оқиғаларды көркем тілмен жеткізіп беріп отырады. Тарих пәнінен өткен оқиғаларды еске түсірейік. ХХ ғасыр басында қандай тарихи оқиғалар орын алып еді? Тарихшыларға сөз береміз.

ХХ ғасыр Ресей отары болған ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда кертартпа саясат өрістеген, әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюімен басталды. Патша үкіметі Қазақстанның байлығын талан-таражға салып, тегін пайдалануды, шұрайлы жерлерді тартып алып, орыс шаруаларын қоныстандыруды, халықтан алынатын алым-салықтарды көбейту, зорлықтың күшеюі ел ішіндегі патшаның отаршылдық саясатына деген қарсылықты одан әрі күшейтті. Ресей үкіметінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі (1917 ж. дейін) қазақ жерін отарлау шаралары қазақ даласына үлкен нәубет әкелген болатын. Осы мезгілде 45 млн гектар егіншілікке жарамды құнарлы жер казак әскерінің, орыс қоныс аударушылардың, сондай-ақ мемлекеттің пайдасына өтті. Бұл барлық қазақ жерінің 16%-ға жуығы. 1896—1916 жылдар ішінде Қазақстанға 1,4 млн-нан астам келімсектер, яғни империяның азиялық бөлігіне қоныс аударушылардың үштен бірі келіп орналасты. Өкінішке орай ішкі Ресейден,  қазақ жеріне қоныс аударған орыс бұқарасы, белгілі дәрежеде, отарлау саясатының құрбанына айналды, «жайлы мекен, жұмак жер» үшін өзі сияқты басқа жұрт бұқарасын құнарлы жерінен, ата қонысынан айыруға атсалысты. Егіншілікке жарамды қазақ жерінің үлкен бөлігінің қоныс аударушыларға өтуі, жайылым жолдарында орыс қоныстарының ііайда болуы дөстүрлі казак шаруашылығын күйзеліске ұшыратты.  «Қазіргі уақтта, өкінішке орай, — деп жазды Жетісу қазақтары облыс губернаторы атына жолдаған хатында, — қазақтардың басым көпшіліғінің кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға көшіп-конуға қуаты жок, сондықтан да олар жерге біржола шөкті, ал мұндайларды қазақтар  «жатақтар» деп атайды». Мұндай құбылыс барлық қазақ облыстарына тән болатын.

(Тарихшылар сөйлеп жатқан кезде, тақтаға кесте сызбалар ілінеді)


ХХ ғасыр басындағы тарихи оқиғалар




Қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстандырылуы 1,4 млн

Алым-салықтардың көбеюі



1905 жылғы алғашқы буржуазиялық революция

45 млн жер тартылып алынды

Тарихшылар сөйлеп болған соң, тек қана жағымсыз жақтары ғана емес, жақсы жақтарының да болғаны айтылады. Олар орыс тілінде оқытатын мектептердің ашылуы мен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз бен кітап шығару ісінің өрістеуі. Бұл жайлы біз журналистерден сұрап білейік. Журналистер сөйлейді.

Мерзімді басылым тарихын, әсіресе ұлттық баспасөз тарихын қарау-бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық. Өйткені ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың, оның ішінде, ғасыр басында дүниеге келіп, бірі қысқа, бірі ұзақ өмір кешкен басылымдардың тарихына да байланысты. ХХ ғасырдың бас кезінде қысқа мерзімді болса да «Серке», «Қазақ газеті», Троицкіде «Айқап» журналы шығып тұрды. «Серке» газеті - 1907 жылы  татардың «Улфат» (қазақша мағынасы - бірлесу, келісім) атты газетіне қосымша ретінде шыққан газет. Ғылыми әдебиеттерде оның бір ғана саны шыққан делінеді. Сірә, ол «Улфаттың» 1907 жылғы 28-наурыздағы №84 санының қосымшасы болса керек. Аталмыш газет патша цензурасының күшімен 1907 жылы 9 маусымда жабылып калған. «Серкені» алғаш ұлттық газет ретінде таныған М. Дулатов болатын. «Серкенің» не жазып, не айтпақ болғаны, бағыт-бағдары мен мақсаты, неліктен «Серке» атанғандығы туралы М. Дулатов газеттің бірінші санында жариялаған «Жастарға» деген өлеңі мен екінші санына даярлаған «Біздің мақсатымыз» атты бас мақаладан көруге болады.

ХХ ғасырдың алғашқы он жеті жылы ішінде қазақ тілінде 200-ден астам кітап шықты. Бұл кітаптардың көпшілігі ауыз әдебиетінің үлгілері еді. Сонымен бірге Абай, Ыбырай, Міржақып Дулатов, Спандияр Көбеев т.б. ақын-жазушылардың кітаптары жарық көре бастады.

(Тақтадан аталған газеттердің суреттері көрсетіледі). Келесі сөзді ғалымдарға береміз.

Қазақ әдебиетінің тарихын, көне дәуірден бүгінге дейінгі даму тарихына зер сала қараған адам жалғасын үзбей келе жатқан ұлттық идеяны байқайды. Бұл идея-халық бірлігі, тәуелсіздік, дербес ел болу. Ахмет Байтұрсынұлы «Маса» атты өлеңдер жинағында өз ойын ашық айтып, «масадай ызыңдап» ұйқыдағы қазақты оята бастады. 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласы Ахметті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиеттанытқыш» деген зерттеу еңбегінде әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдеби жанрларға тұңғыш рет ғылыми атау беріп, тұжырымдар жасайды, кейіптеу, әсірелеу, өлең, тармақ, шумақ, бунақ, алмастыру, шендестіру сияқты ұғымдарға анықтама береді.

Тұңғыш рет роман жарық көрді. Ол-Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кім жазықты» деген өлеңмен жазылған романы еді.

ІІІ. «Авторын тап»

Оқушыларға әр түрлі ақын-жазушылардың аты-жөндері жазылған үлестірме қағаздар ұсынылады. Сол қағаздағы жазушының атын атамай, тек шығармаларын атап, оқушыларға жұмбақтауы керек. Мысалы, Абайдың аты жазылған үлестірме қағаз берілсе, «Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы» немесе т.б. шығармаларының атын атайды.



ІV. «Тұлғаны таны»

Тақтаға ұяшықтар бойынша ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті өкілдерінің суреттері ілінген. Оқушылар сол суреттер арқылы ақын-жазушыларды тауып, олардың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айтуы керек.


V. Сабақты қорыту ( 5 мин)

Үйге тапсырма: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Мазмұндау. Қосымша мәліметтер қарастыру.

Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет