Оқушылар
– рәміздердің не үшін керек екенін түсіндіреді, оларға сипаттама береді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Еліміздің ресми емес нышандары: «Алтын адам», «Бәйтерек» монументтері, «Мәңгілік ел» қақпасы және т.б.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Ресми емес нышандар еліміздің тарихымен, мәдениетімен және табиғатымен байланысты. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен ұлттық идеяның нышаны.
Талқыланатын мәселелер:
– Еліміздің қандай ресми рәміздерін білесіңдер?
– Бүгін еліміздің қандай ресми емес нышандарымен таныстыңдар?
– «Мәңгілік ел» қақпасының текшелеріндегі фигуралар нені білдіреді?
– Бәйтерек жайындағы аңызда Самұрық пен айдаһар ненің символдары? Аңыз қалай аяқталады?
– Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасы жайында не білесіңдер?
– «Алтын адам» монументі нені білдіреді?
– Тағы қандай нысандарды еліміздің ресми емес нышандары ретінде ұсынар едіңдер?
Жазылым:
Дәптерде сабақта атқарған жұмысыңды бағалау.
|