3. «Түсіндір» айдары (ТЖ) 1. Мәулен қарияға неліктен көмектескендігі туралы әр топ
өз ойларын айтуы керек.
а) Мәулен өз кінәсін мойындағандықтан көмектесті.
ә) Сашаның атасы болғандықтан көмектесті.
б) Мәулен кімге де болса көмектесер еді.
2. Қарияның Мәуленді «көргендінің аты көргенді-ау» дегенін
қалай түсінесің?
«Бағала» айдары 3. Мәулен осы сөзге лайықты деп ойлайсың ба? Не себепті.
Осы сұрақ төңірегінде топта өз ойларын айтады. Топ мүшелері
жақсы жауапты өздері таңдайды.
«5-5-1» әдісі бойынша сабақ кезінде меңгергендері жайлы 5
сөйлем жазады. 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады. Соңында олар 1
сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл
сыныппен бөліседі. Бес сөйлемді жазу барысында төмендегі
сұрақтарды интерактивті тақтадан көрсетіп қою керек.