3А бөлімі бойынша суммативті жұмысты жүргізу барысында мұғалім балаларды дайындайды. Оларға жұмыстың мақсаты мен оны орындаудың жолдарын түсіндіреді. Суммативті жұмысты жүргізу кезінде қарым-қатынас жасаудың достық стилін және тыныштықты сақтайды.
Тексеріп көр, сен мақсаттарыңа жете алдың ба?
Мен үйрендім:
Құрылымы қарапайым теңдеу мен күрделі теңдеуді қалай шешуді білемін.
Санның квадратын бірдей екі көбейткіштердің көбейтіндісі және санның кубын бірдей үш көбейткіштердің көбейтіндісі ретінде түсінемін.
Есептеу тиімді болу үшін көбейтуде қосу, бөлу қасиеттерін қолдана аламын.
Қалдықтармен бөлуге берілген есептерді шеше және талдай аламын.
Есептеуді түсіндіру үшін әрекеттің қасиеттерін қолдана аламын.
Достарыңызбен бөлісу: |