Өткенді қайталау
Баланың даму деңгейіне қарай, мұғалім тапсырманы жеке-жеке береді.
№4 тапсырмада есепті әртүрлі тәсілмен шығару керек.
Оқулықтағы №6 а) тапсырмада периметрі 16 см болатындай шаршы сызу керек және оның ауданын табу керек. Оқушылар шаршының периметрі формуласын білетіндіктерінен шаршының қабырғасын табуды ұсынады:
16 : 4 = 4 (см) – шаршының қабырғасы;
42 = 16 (см2) – шаршының ауданы.
Оқулықтағы №6 ә) тапсырмада периметрі осындай тіктөртбұрыш сызу керек. Оқушылар тіктөртбұрыштың 2 қабырғасы тең болғандықтан, алдымен периметрін 2-ге бөлуді ұсынады. Тіктөртбұрыштың екі көршілес қабырғаларының қосындысына тең болады. Тіктөртбұрыштың жалпы саны екі қосылғыштың қосындысының санымен анықталады, бұл тапсырмада ол 8.
Оқушылар оқулықтағы №7 а) тапсырманы жұппен орындайды, есепті түрлі тәсілдермен орындайды, №7 ә) тапсырмада дәл осындай есептер құрастыру керек.
№8 тапсырмада бос орындарды толтырып , ұсынылған өлшем бірліктерге өрнектеу керек.
Оқулықтағы №9 тапсырмада оқушылар амалдарды орындайды. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
Өздік жұмыс.
Оқулықтағы №5 тапсырмада оқушылар амал ретін сақтай отырып, екі/үш таңбалы сандарды азайту және разрядтан аттап өту арқылы екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес барлық есептеулерді орындап, өрнектің мәнін табады.
|