Сабақ. Пән мұғалімі: Якупжанов Асқар Науразгазинович Бейнелеу өнері. 3-сынып. 8-сабақ. Мерзімі: Сабақтың тақырыбы : «Күзгі гүл шоқтары» натюрмортының композициясы



Дата28.01.2018
өлшемі45,12 Kb.
#35070
түріСабақ
Ашық сабақ. Пән мұғалімі: Якупжанов Асқар Науразгазинович

Бейнелеу өнері. 3-сынып. 8-сабақ. Мерзімі: _______________________________


Сабақтың тақырыбы: «Күзгі гүл шоқтары» натюрмортының композициясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға натюрмортта бейнеленетін заттарға қарап парақ өлшемі мен пішімін дұрыс таңдауға, заттардың нобайын сызуға , түстер гаммасынның нұсқасын жасауға үйрету.

Дамытушылығы: Композиция, Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету. Бояу түстерін қолдануға жаттығу. Есте сақтау,көре білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды эстетикалық сұлулыққа, өз бетінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Оқыту әдістері : түсіндірілмелі- талдау, салыстыру, ой қозғау.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ типі: Жаңа оқу материалын оқып үйрену сабағы.

Көрнекілігі: қағаз пішімдері,натюрморт бейнеленген көлемді суреттер, тақта, қарындаш, бұйым түрлері,оқу құралы, плакат, қылқалам, су бояу.

Гүлдер, гүл салатын ыдыс, түрлі түсті маталар.

Пәнаралық байланыс: дүние тану, еңбек , тарих.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ой қозғау.

1. Негізгі түстерді ата ?

2. Қосалқы түстер қалай алынады ?

3. Түстер температурасы нешеге бөлінеді?

4. Жылы және суық түстерді ата?

5. Қарама- қарсы түстердің ерекшеліктері қандай ?

6. Бояу түсінің гаммасы дегеніміз не?

7. Жақын түстер гаммасы қандай көңіл күйді білдіреді?

8 Қарама – қарсы түстер қандай көңіл күйді білдіреді?

II. Жаңа сабақ


Сенің композицияңның сәтті шығуына парақтың өлшемі мен пішімін дұрыс таңдау қаншалықты маңызды екенін білесің. 2сыныпта қандай парақ өлшем пішімдерімен танысыып едік есімізге түсірейік. Олар мынадай қағаз пішімдері болатын. Төртбұрыш, Горизонталь, Вертикаль.

Композиция дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап берейік, есімізге түсіріп көрейік.



Композиция дегеніміз – үйлестіру ол латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «ойлап шығару»немесе «құрастыру»деген мағынаны білдіреді.Егер сенің салған суретіңде бір ғана бейне болатын болса онда ол бір бейнелі композиция ал бірнеше бейне кескінделсе онда ол көп бейнелі композиция деп аталады.Суретшілер тарихи шайқастарды немесе адамдар тобын де өрдайым үлкен кенепті таңдайды. Бірақ кейбір суретшілер көлемі кішкене жұмыстар – минатюралар салғанды ұнатады.Композицияда тең емес композициялық бейне және тең композициялық бейнелеу болып бөлінеді.

Натюрморт-бейнелеу өнерінің бір жанры болып табылады. Бұл жанр алғаш рет 17-ғасырда Голландияда және Испанияда пайда болған.Натюрморт франсуз сөзінен алынған,қазақша «өлі табиғат» немесе, «тыныш қозғалмайтын зат» деген мағынаны білдіреді. «Натюрморт » сөзі халықаралық термин. Натюрморт күрделі және қарапайым болып екіге бөлінеді.

Натюрморт тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін мысалы «Ыдыс - аяқ», «Дастархан », «Алмалар» және т,б.

Сарамандық жұмыс: Күзгі гүл шоқтарынан натюрморт құрастыру. Ендеще жаңағы айтылған сөздерімізді іс жүзіне асырып көрейік.



Мына жатқан гүлдердің әдемілерін жыйнастырып мына вазаға салып күзгі гүл щоғын жасап алайық.Міне күзгі гүл шоғыда әзір болды. Әдемі болды иә балалар.Енді қараңдар бейнелейтін натюрмортымыз неше заттан құралған, әрине екі заттан құралған гүл мен вазадан.Вазадағы гүл шоқтарын стол үстіне орналастырамыз, гүл шоқтары бізге анық көрінуі үшін оның артына түрлі түсті шыттан фон жасаймыз. Ол үшін мына жатқан түрлі түсті шыттарды вазадағы гүл шоғының артына қойып тексеріп көреміз.Бізге мына көк түс шытында гүлдеріміз анық көрінеді екен , онда осы көк түстегі шытты вазадағы гүл шоқтарының артына фон негізінде керіп ілеміз. Міне балалар біз бейнелейтін күзгі гүл шоқтары натюрмортының композициясы дайын болды.

Енді осы вазадағы гүл шоқтары алдарыңда жатқан мына үш қағаз пішімдерінің қайсысына үйлесетіндігін анықтаймыз.Ол үшін өздеріңдегі қағаздан қыйылған рама пішіндері арқылы 1,5 – 2 метр қашықтықтан вазадағы гүл шоқтарына рама пішіндері арқылы қарап анықтаймыз.Біздің гүл шоғымыз тік пішімдегі (вертикаль) рамаға үйлесіп сәйкес келіп тұрғанын көріп анықтадық.
Қандай сурет салмайық,оның барлығына ортақ бір жолы, кезеңі болады.Сондықтан сурет төмендегі кезеңдермен біртіндеп салынып өрбіп отырады.

Компоновка дегеніміз- орындалатын жұмысты жоспарлау. Суреті салынатын нәрсені орналастыру

Орнын белгілеу көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру, үйлесімділіктің (композицияның) бастапқы негізі болып табылады.

Бейнеленетін нәрселердің кеңестікте орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар

( тік, көлденең, көлбеу) сызылады.

Натюрмортың орындалу кезеңдері:

1.Қағаздың ортақ нүктесін тауып заттардың шеткі нүктелерін анықтау. 2. Нұсқаның толық көрнісін көмекші сызықтар арқылы шығарып салу. 3.Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау, көлеңке жарығын белгілеу. 4.Нұсқаның түстерін политраның көмегімен анықтау.
III. Қортынды. Бекіту
1.Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыздар?

2.Натюрморт жанры бейнелеу өнерінің қандай түріне жатады?

3.Натюрморт сөзі нендей мағынаны білдіреді?



4.Натюрморт нешеге бөлінеді?

5.Компзиция сөзі нендей мағынаны білдіреді?

6.Натюрморты орындау кезеңдерін айтып түсіндір?
Бағалау: Сарамандық жұмыс нәтижесіне қарай оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: Кез келген екі заттан құралған натюрморт композициясын бейнелеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет