ОҚО, Сайрам ауданы
№3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп
Биология пәні мұғалімі
Джайлаубекова Гаухар Мусиркеповна
Сабақ: Пікірталас мәдениеті
|
Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп
|
Күні:
|
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
|
Сынып: 11-«Б»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:0
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты:
|
Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы көтеру.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылар: берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылардың басым бөлігі: өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізеді.
Кейбір оқушылар:берілген тапсырмаларды нақты, әрі түсінікті орындайды.
|
Бағалау критерийлері:
|
«Айналым» әдісінің сұрақтарына толық жауап беруі;
Эссе жазып, салыстырмалы түрде бағалауы;
Тест тапсырмасын орындауы.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Сұрақтарға толық, нақты жауап береді;
Эссе жазада;
Тест тапсырмасын орындап бағалайды.
|
Ойлау деңгейлері:
|
Жоспарланған жаттығулар: Төле бидің шешендік сөзі, ойлау карталары, болжау, постермен жұмыс, эссе, тест, кері байланыс.
|
Ресурстар
|
Уақыт
|
Басталуы
«БІЛУ»
Кім?
Не?
Қашан?
Қайда
«ТҮСІНУ»
Неге?
Неліктен?
Не үшін?
|
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңінде: 1) оқушылардың топқа бөлінуі (Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңін тармақтарға бөліп, сол бойынша топтастырылды). 2) Сарапшыларды тағайындау (2мин).
Кіріспе. (Сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыптың маңызы туралы мұғалімнің сөзі) (1мин.)
2. Сабақтың барысы. Топтық жұмыс:
1 - тапсырма. «Пікірталас мәдениеті» дегенді қалай түсінесіздер? Осы ұғымды ашатындай ереже - анықтама құрап жазыңдар (2мин.)
Мақсаты: тақырыпты меңгеруге мотивация туғызу.
Бағалау критерийлері:
- Оқушылардың термин сөз бен оның білдіретін мағынасын байланыстырып айта алуы;
- Өз ойларын дәйектеп жеткізе алуы.
2 - тапсырма. Сабақ тақырыбымен ұштастыра отырып, топтарыңызға ат қойыңыздар. Осы атты таңдау себептеріңізді дәйектеңіздер. Топ мүшелерін таныстырыңыздар (2мин.)
Мақсаты: оқушылардың ассосациялық қабілеттерін шыңдау.
Бағалау критерийлері:
- Оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
- Таныттыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.
3 - тапсырма. Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2мин.)
Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
- Оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
- Таныстыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.
3 - тапсырма: Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2мин.)
Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
- Мәселені өзара талқылау нәтижесінде ортақ түйін жасай алуы;
- Өзіне таныс құбылыстарды саралап айта алуы
|
АКТ
Сүрет, шыбық,
|
15 мин
|
Ортасы
«ҚОЛДАНУ»
Оқулықта
Берілген
жаттығу жұмыстары
«ТАЛДАУ»
Салыстыр айырмашылығы неде?
|
Қазақ және орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен жұптап жазыңыздар (3 мин.) Экраннан «Сөзталас, круглый стол, ойталқы, полемика, атыс, дебат, ойкөкпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, дөңгелек үстел, диспут, айтыс» сөздері көрсетіледі.
Мақсаты: пікірталас түрлері атауларын меңгерту.
Бағалау критерийлері:
- Термин сөздің мағынасын түсіне алуы.
(Оқушылар жауап берген соң, дұрыс жауап нұсқасы экраннан көрсетіледі).
5 - тапсырма. Пікірталасқа қатысушыға қойылатын талаптарды оқып, олардың ішіндегі өздеріңіз ең басты талап деп санайтын біреуіне түсінік беріңіздер (3мин.).
Мақсаты: пікірталс мәдениеті талаптарымен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
- Талаптардың мәнін түсінуі;
- Өз ойларын дәлелдей алуы.
Айтыскерге қойылатын талаптар:
• Тақырыптан ауытқымау;
• Өзіндік айқын көзқарастың, позицияның болуы;
• Өзін - өзі дұрыс ұстай білуі;
• Сөйлеу шеберлігі;
• Жоғары мәдениеттілік (сөзге тоқтау, дауыс көтермеу, ашуланбау);
• Қарсыласын да, аудиторияны да сыйлау, т. б.;
• Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік;
• Қарсыласына кезек беріп отыру;
• Регламент сақтау.
6 - тапсырма. Берілген сөз орамдарының қайсыларын пікірталас үстінде мүлде қолдануға болмайды деп санайсыздар? Себебін шешендікпен, сөз мәдениетімен байланыстырып түсіндіріңіздер (2мин.).
Мақсаты: алған білімдеріне сүйеніп, пікірталаста қолданылатын сөз орамдарын талғай алуға үйрету.
Бағалау критерийлері:
- Этикеттік сөз орамдарының мағынасын түсіне білуі;
- Өз пікірлерін өткен материалдарды пайдалана отырып бекіте алуы.
1 - топқа ұсынылатын сөз орамдары:
«Менің ойымша, Сіз бір нәрсеге мән бермей тұрған сияқтысыз», «Сөзіңізді нақтылай түспес пе екенсіз...». «Бұлай деуге мүлде болмайды», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні неде?»
2 - топқа ұсынылатын сөз орамдары:
«Сіздіңше, барлық шиеленіс біздің әрекетімізден басталады екен ғой...». «Басқа пәле тілден» деген, байқап сөйлеңіз, әйтпесе...», «Сөзіміз сұлу сарайдай, бірақ жылуы қандай?», «Ойланайықшы...
|
АКТ, постер
|
15 мин
|
Аяқталуы
«ЖИНАҚТАУ»
Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақтау
«Бағалау»
Сен қалай ойлайсың?
Не істер едің?
Өз ойыңыз?
|
Серік Негимов пен Бернард Шоудың пікірлерін тірек етіп ұстанып және жоғарыда айтылған өз ойларыңызға сүйеніп, Демократиялық қоғамдағы пікірталастың маңызы туралы сабақ қорытындысын тұжырымдап жазыңыздар (3мин.).
Мақсаты: сабақта алған білімдерін қорыту.
Бағалау критерийлері:
- Дәйексөзді орынды қолданып, өз сөзімен сабақтастықта жеткізе алуы.
- Айтылған ойлардан түйін жасай алуы.
1. Серік Негимов: «шешендіктің анасы - демократия».
2. Бернард Шоу: «егер қолында бір - бір алмасы бар екі адам сол алмаларын алмаса, онда бәрібір екеуін де бір - бірден алма қалар еді. Ал бір - бірден жаңа ойы бар екі адам бір - бірімен пікір алмасса, онда олардың әрқайсысында екі - екіден ой қалыптасады».
Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма: Пікірталас туралы не білгім келеді? Деген сұраққа 4 - 5 пункттен тұратын жауап жазыңыздар
|
Тест парақшалары, қалпақтар.
|
15мин
|
Достарыңызбен бөлісу: |